ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Мұнда Сіз Қарағанды облысының мәдениеті туралы, біздің кітапхананың жұмысы туралы жаңалықтарды табасыз.
Бізге жазыңыз:info@karlib.kz
Немесе поштамен: 100008, Қазақстан, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 үй.
Телефон соғыңыз: телефакс +7(721-2)56-76-55
Ең дұрысы өзіңіз келіңіз. Күтеміз!

Кітапхананың жұмыс тәртібі

Қысқы кесте (1-ші қараша – 31-ші наурыз):
Кітапхана оқырмандар үшін 9.00 – 18.00 дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Жазғы кесте (1-ші сәуір – 31-ші қазан):
Кітапхана оқырмандар үшін 9.00 – 19.00 дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Демалыс күні — сенбі

Әр айдың соңғы сәрсенбісі — тазалық күні

Кітапханаға қалай жазылуға болады

Жасы 12 толған кез-келген азамат(ша) кітапхана оқырманы бола алады.

Кітапханаға жазылу үшін керекті құжаттар:

жеке бас куәлігі;

туу туралы куәлік;

фотосурет;

тұратын жері туралы анықтама;

студенттерге – студенттік билет немесе сынақ кітапшасы.

Кітапхананы пайдалану ережесі

Қолында тіркеу бөлімінен алған билеті және бақылау парақшасы бар оқырман ғана кітапхана қорын пайдалана алады. Кітапханаға кіргенде және әдебиетті аларда оқырман билетін көрсетуіңізді сұраймыз. Оқырман билеті жоғалған жағдайда, жеке куәлігі негізінде билеттің екінші нұсқасы беріледі. Тұрған жеріңіз, жұмыс орныңыз, немесе фамилияңыз ауысса кітапхананың тіркеу бөліміне хабарлау қажет.б

Ескерту: Кітапхананың абонемент бөлімінің қорын тек Қарағанды қаласында тіркелген оқырмандар ғана пайдалана алады. Қарағанды қаласында уақытша тұратын азаматтарға және мектеп оқушыларына оқу залдарында ғана қызмет көрсетіледі. Жыл сайын оқырмандарды қайта тіркеу кезінде керекті құжаттар мен жеке куәлікті көрсету қажет.

Оқырман билеті – 150 теңге

Билетті қалпына келтіру – 200 теңге

Сіздерді бізде өтетін іс-шараларға шақырамыз: кітап көрмесі, әдеби кеш, презентация т.б.

Біздің Сайттың хабарландыру бөлімін қараңыз, Қарағанды қаласының pадиосын тыңдап, кітапханадағы хабарландыруларға көңіл аударыңыз.

Анықтама телефоны: 56-74-64.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100