ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

"Бір ел – бір кітап" Акциясы Абайдың "Қара сөздері"

24 қыркүйек күні Қарағанды облыстық кітапханасының оқу залында республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясының аясында "Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" деп төрелігін өзі шешкен, өшпес мұра қалдырған Қазақ халқының Ұлы данасы Абайдың қарасөздеріне арналған "Бабалардан жеткен аманат" атты әдеби сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты: Ұлы ақынның ғибраты мол рухани мұрасының тәрбиелік мәнін саралап талдау арқылы ұлы ойшылдың данышпандық ой-тұжырымдарының өміршеңдігін дәлеледеу. Абай айтып қалдырған тағылымдардың, ол көксеген армандардың бүгінгі өмір талғамдарымен астасып жататындығын, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа үндей отырып, болашаққа дұрыс жол сілтейтіндігін көрсету.

Аталған сайысқа Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің, Көпсалалы гуманитарлық-техникалық университетінің колледжі мен Қарағанды коммерциялық колледжінің студенттері қатысып Абай туралы білімдерін сынға салып, Абай қарасөздерінің өміршеңдігін бүгінгі ұрпақ көзімен талдап, ой толғады. Атап айтқанда, "Кім көп біледі?", "Сөзжұмбақ" және "Қарасөз – біздің өмірімізде" - деген үш кезеңнен тұратын әдеби сайысқа қатысушылар бар өнерлерін ортаға салды. Үшінші кезеңдегі тапсырманы қатысушылар бейне клип пен шағын көрініс түрінде орындады. Көрермендер арасында Абай әлемі туралы сұрақ-жауап пен нәшініне келтіріп қарасөз оқылды. Кеш барысында Тәттімбет атындағы "Өнер" колледжінің өнерпаздары Абай әндерін халық аспаптарында орындады. Кешке Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының, тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің бастығы Ержанова Майра Ғафизовна, тіл жанашыры облыстық соттың судьясы Азбанбаев Марат Ақторғайұлы қатысты.

"Абай дана, Абай дара халықта" атты электронды кітап көрмесі кітапханамызда жинақталған Абай мұрасы мен Абайтанушылардың еңбектері жайлы сыр шертті. Кітапханамыздағы "сирек кездесетін кітаптар" қорындағы ақынның 1936, 1940 жылдары шыққан кітаптары да көрермендерге таныстырылып өтті.


2007 жылы 18- сәуірде Халықаралық оқу конгресінде (Астана қаласы)"Бір ел – бір кітап" жалпыұлттық акциясын өткізу хабарланған болатын.

Акция мақсаты – қазақстандықтардың оқуға деген қызығушылыған арттыру, сауаттылығын қолдан рухани мұраны сақтап ана тіліне деген құрметін арттыру. Акция аясында өткізілетін әрбір іс- шаралар ел болып оқитын бір ғана кітапқа арналады.

"Бір ел – бір кітап" жобасы АҚШ -тың Вашингтон штатының солтүстік- батысындағы Сиэтла қаласындағы көпшілік кітапханасының кітаптар Орталығы ұсынған бір кітапқа арналған жалпы қалалық оқу мерекесінің идеясы негізінде жасалған. 1998 жылы"Егер барлық Сиэтлдықтар бір ғана кітапты оқыса" девизімен өткізілген алғашқы акциянын, мақсаты оқуды насихаттап Сиэтл тұрғындарының азаматтық бірлігін нығайтуға арналған. Мұндай іс- шаралар АҚШ - тың басқа қалаларындада өткізілді, бұл бастама әсіресе Чикагода кең қолдау тапты.

2007 жылы 6 шілде – Астана күнінде VII Халықаралық поэзия фестивальінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Р.А. Бердіғалиева"Бір ел – бір кітап" акциясының қортындысын хабарлады. Мәдениет және білім беру мекемелері қызметкерлерінін арасында жүргізілген сұраныстар мен оқырман қауымнан түскен ұсыныстар қортындысы бойынша акция кітабы болып Абайдың"Қара сөздері" белгіленді. Кітапқа түскен таңдау Абайдың"Қара сөздері" - Ғасырлық, ұрпақтан – ұрпаққа рухани бағыт беретін құнды туынды екенін мойындатты.

Акция 2007 жылдың қыркүйек айының 24 нен – 30 на дейінгі аралықта өтеді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы акцияны өткізуге байланысты үлкен үйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Қазақстанның барлық аймақтарындағы кітапханаларда Абайдың"Қара сөздерінің" қанша данадан екенін анықтады, Акцияны өткізүге арналған іс- шаралар жасауға ұсыныстар берді.

Қарағанды облысының кітапханаларында Абайдың"Қара сөздері" барлық кітапханалармен мектептерде , жоғары және орта оқу орындарында оңын толқылауға жететін молшерде бар. 2007 жылдың 1 – шілдесінде мемлекеттік кітапханаларда 1160 дана"Қара сөздер" бар, оңы - 498 данасы қазақ, 506 данасы орыс тілдерінде.

"Бір ел – бір кітап" акциясының ұйымдастыру комитеті барлық Қазақстандықтарды акцияға белсене қатысып, Абайдың"Қара сөздерін" оқуға және туысқандары мен достарын, таныстарында оқуға баулуға шақырады

Кітапхана қызметкерлеріне кітап көрмелерін ұйымдастырып, әдеби кештер, фестивальдар оқушылар конференцияларын өткізу, ұжымдық оқу, кино корсету, мектептерде оқу және талқылау, ақын – жазушылармен кездесулер жұмыстарын ұйымдастырып өткізу ұсынылады.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100