ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Электрондық ресурстар

Электрондық каталог:

"Книги" – электрондық каталогінде барлық тұрпаттағы құжаттардың библиографиялық жазбалары бар: кітаптар, авторефераттар, дискілер, ноталар мен аудио-бейне материалдар.
Каталог көлемі 2011 жылдың 01 қаңтарына 98 430 жазбаны құрайды.

"Статьи" – каталогі кітапхана жаздырып алатын мерзімді басылымдардың, журналдар мен газеттер мақалаларының библиографиялық жазбасын құрайды.
Каталог көлемі – 100 722 жазба.

"Онлайн-коллекция" каталогінде Интернеттен алынған көкейтесті материалдардың библиографиялық жазбалары мен толық мәтіндері және әртүрлі тақырыптамадағы цифрланған жекелеген құжаттар берілген.

"Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер" толықмәтінді деректер базасы.
Қала мен облысқа арналған 6503 толықмәтінді құжаттардан тұрады.


"Заң" деректер базасы

ҚР Әділет министрлігі жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығында құрылады. Онда Заңның барлық бөлімдері бойынша ҚР нормативті және құқықтық актілері беріледі. Деректер базасы қазақ және орыс тілдерінде ресми дереккөздерден алынған материалдардан тұрады. Күн сайын жаңартылады.
Деректер базасына тегін қолжеткізу ақпараттық-библиографиялық бөлімде.


"Параграф" АЖ

"Параграф" анықтамалық құқықтық жүйесі – Қазақстанның заңдары туралы жүйелендірілген және жедел жаңартылып отыратын деректер банкі.
Жүйе құқықтық нормативті актілер мәтінін берумен қатар құжаттар жобасы мен нормативті-техникалық құжаттарға түсініктемелер береді, мемлекеттік мекемелердің мекен-жайы мен телефондарын, құжаттар пішінін т.б. береді.
Тегін қолжеткізу ақпараттық-библиографиялық бөлімде.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100