Қастеев Әбілхан
(1904-1973) Жақып Ақбаев

Қастеев Әбілхан 1 қаңтарда 1904 жылы,  қазіргі Алматы облысы, Жаркент ауданы, Шеткін ауылында дүниеге келген. Кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазКСР-інің халық суретшісі (1944), ҚазКСР-інің еңбек. сіңірген өнер қайраткері (1942). 1929 - 36 ж. Алматы каласынданда (Н.Г. Хлудовтан) және Мәскеу қаласыннда (И.И. Бродскийден) көркемсурет студиясында окыды. 1954 — 56 жылдары ҚазКСР-і Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары (1931) "Тігін үстінде", "Мектепке", "Автопортрет", "Көгілдір көйлекті қыз", "Қарындасымның портреті", т.б. Суретшінің "Ғ.Мұратбаев", "Абай Құнанбаев", "Ж.Жабаев", "А.Иманов", "Ш.Уолиханов", "К.Әзірбаев" сияқты портреттік туындылары жоғары та-ным-талғамның ұлгісі. Тарихи тақырыптағы "Тұрксіб", "Амангелді сарбаздары", "Колхоз тойы",  "Қалыңдық", т.б. көркем туындыларынан Қастеев каламына тән қасиет — эпикалық ауқымдылық, ұлттык бояудың айқындығы көрінеді. Суретші халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетаным аясында тың композициялык шешім таба білді. Оның "Киіз үйдің ішкі көрінісі", "Қыз Жібек", "Қыз ұзату", "Қос кұрбы", "Келін түсіру", т.б. шығармалары ұлттық қазынамызға айналды. Суретші қазақ халқының салт-дөстүрінің озығы мен тозығын ажыратып, кертартпа кемшіліктерді ашына бейнелейді. Мыс, "Кедей мен бай қүдык басында", "Құрғақшылық кезінде молданың жылу жинауы", "Қыз алып қашу" шығармалары осының дәлелі. Оның ұлтына, туған жерге, отанына сүйіспеншілігі шығармаларында шынайы көрініс тапты. Әбілхан Қастеев сурет өрнектерінің сырлы бояуын, ұтымды қолданып, бейнелеу өнерінде мәдениет тарихының, мемлекетіміздің қоғамдык өмірдің жылнамасын жасады. Абай мен Қастеев арасындағы нәзік байланыс дүниені эстетикалық-көркемдік тұрғыдан танудың, өнер өзектестігінің, рухани сабақтастықтың көрінісі. Абай тұлғасы Қастеевтің сұйікті кейіпкері болды. Абайдың келбетін әр қырынан сомдады. Суретшінің қылқаламынан туындаған "Абай киіз ұй алдында", "Жас Абай", "Абай жаз жайлауда" және "Бүркітші", "Қыс", "Жаз", "Сарыарқа" атты шығармалары осыған дәлел. Әбілхан Қастеев. 4 - 5 сайлау  ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты. "Қазан революциясы", 2 мәрте "Еңбек Қызыл Ту", "Қүрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Ш.Уөлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлық. лауреаты (1996). Шымкент каласындағы өнер училищесі (1971), ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы (1983) Қастеевтың атымен аталады. 2004 жылы ЮНЕСКО аясында ұлттық өнеріміздің корифейі Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы атап өтті. Іргелі ұйымның ұйытқы болуымен әлемдік ауқымдағы көрнекті таланттың мерейтойы шеңберінде белгіленген шаралар қазақ халқының өнерің және мәдени мұраларын жаһан жұртшылығына тағы бір паш етті.

Әдебиеттер

 
 
 
 
  © Карагандинская ОУНБ им. Н.В.Гоголя, 2007