Кәріпов Ө. Бұрқақ: роман пов ; ред. Ш. Құмарова. - Алматы : Жазушы, 1991. - 253 б. Ө.Кәріпұлының "Бұрқақ" романы соғыс жылдарынан соңғы ауыл өмірін, күйреген шаруашылықты қалыптастыру кезеңін тілге тиек етеді. Бұрқақ – ол табиғаттың ғана кезеңдік құбылысы емес, адам жанының бұрқағы: әділетсіздікке, қиянатқа төзбестіктен туған жүрек бұлқынысы. Ауыр жараланып келген Ахтан ел ішіндегі кейбір әлеуметтік теңсіздіктерге қарсы білек сыбана кіріседі, оны ауылдастары – Қармыс, Доскен, Алсу қостайды. Бірақ өзі де трагедиялық хал кешіп, бұл жарық дүниеден қайтпас сапарға аттанады. |
|