Культурное наследие

В серии "Халық перзенті - Дитя народа" вышли альбомные издания – фотоальбом "Қаһарман Бауыржан Момышұлы", посвященный 100-летию со дня рождения казахского писателя, Героя Советского Союза, лауреата Государственной премии Казахстана им. Абая и книга "Кенен Әзірбаев", посвященная 125-летию со дня рождения народного акына, жырау, жыршы, кюйши, композитора, общественного деятеля. Эти книги ярко иллюстрированы фотографиями из их жизни и деятельности.

Халық перзенті=Дитя народа
В Серии "Менің Қазақстаным – Мой Казахстан" вышли книги:
  • "Қазақ портреттерінің тарихы – История казахского портрета". В данном издании собраны фотопортреты об исторических и общественных личностях 19 века.
  • "Қазақ мақал – мәтелдері – Казахские пословицы и поговорки". Данный сборник включает в себя 2000 казахских пословиц и поговорок. Издана на двух языках.
Широко представлена литература об известных исторических и общественных деятелях Казахстана (Чингисхан, Шакарим, Шокан Уалиханов, Олжас Сулейменов, М. Тынышпаев, А. Джангильдин), вышедших в Серии "Ғибратты ғұмыр - Личность и время". Книга – "Біздің элита. Наша элита" посвящена 75–летию Казахстанского Национального Университета им. Аль – Фараби. В книгу включены краткие персоналии известных государственных и общественных деятелей, ученых и педагогов, представителей бизнеса и промышленности, закончившие данный университет. Почетными профессорами университета являются – Президент РК - Н. Назарбаев и Президент Российской Федерации - Д. Медведев.

Биыл  кітапханаға "Уақыт және қаламгер" сериясы бойынша "Астана полиграфия" баспасынан 2009 жылы жарық көрген кітаптар келіп түсті. Олар З. Қабдоловтың "Дана дидар" жинағы. Бұл жинаққа "Менің Әуезовім" роман-эссесі екінші кітабы, "Махамбет" романы, қолжазба күнделігі, сонымен қатар автор аударған Сергей Михалковтың "Қаламмен жазылғанды...", Н. Хикметтің "Қылша мойын талша" атты драмалық шығармалары енгізілді.  Жинақта бұрын жарияланбаған көркемдік және танымдық-тағлымдық мәні бар дүниелер ұсынылып отыр.

Келесі  академик Сейіт Қасқабасовтың "Ойөріс" фольклор туралы кітабы. Кітапқа қазақ фольклортану ғылымының маңызды мәселелеріне арналған мақалалар мен зерттеулер енді. Бұл еңбектерде фольклордың даму тарихы мен теориясына, поэтикасы мен текстологиясына, жалпы типологиясына қатысты проблемалар қарастырылған. Кітап рухани мұрамыздың мән-мағынасын терең білуге құштар оқырмандарға арналған.
Ендігі еңбек "Қазақ-Араб әдеби байланыстары" атты монография. Бұл Мұхит Салқынбаевтың еңбегі. Бұнда XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің араб әдебиетімен байланыстары аясында ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы араб әдебиетіне тән сарындар сараланады. Монографияда XX ғасырдағы авторлық аудармалар мен нәзирашылдық дәстүр негізінде дүниеге келген шығармалардың арақатынасы  сараланып айқындалуы және араб әдеби шығармаларынан жасалған    "Мың бір түн" мен "Қалила мен Димна" жинақтарының қазақ тіліндегі аударма нұсқаларына салыстырмалы тұрғыда көңіл бөлінуі зерттеу нысанасына алынған тақырыптың өзектілігін танытады. Кітап әдебиетші-ғалымдарға арналған.
Келесі "Күміс жамбы" деректі-танымдық баяндар кітабының авторы Бекен Қайратұлы. Бұл кітапта автордың кейінгі жылдары жазылған түрлі тақырыптағы тартымды да тағылымды журналистік туындылары топтастырылған. Ізерлі ізденістер мен зейінді зерттеулердің нәтижесі саналатын шығармаларда бұрын көпшілікке беймәлім болған мәнді мағлұматтар мол ұшырасады. Әсіресе, шетел қазақтарының тарихы мен тағдырына қатысты тың деректер көп. Кітап ел шежіресі мен ұлт руханиятына бей-жай қарамайтын оқырманға арналған.
Батырхан Талғаттың "Көңіл көкжиегі": публицистикалық ой-толғамдар мен сұхбаттар енгізілген еңбегінде тағлымдық мәні бар мақалалар мен танымал тұлғалармен сұхбаттары берілген. Алуан түрлі тағдыр иелері туралы қызықты мәліметтер ұсынылған. Белгілі тұлғалардың белгісіз қырларына, ел назарынан тыс қалтарыс тұстарына көбірек назар аударылады.
Кітап ұлт руханияты мәселелеріне бей-жай қарамайтын көпшілік қауымға арналған.

Художественная литература представлена серией - "Қазактын 100 романы". В этой серии вышли книги таких авторов, как Сакен Сейфуллин, Габиден Мустафин, Султанмахмут Торайгыров, Азилхан Нуршайыков, Бауыржан Момышұлы.

Серию "Библиотека казахской литературы" представляют следующие издания: Смагул Елубаев, Аким Тарази, Шерхан Муртаза, Ильяс Есенберлин, Иван Шухов.

Из серии "Билиотека мировой литературы" поступили книги – "Орыс прозасы жыирма ғасыр", Томас Манн, "Антик заман драматургиясы", Антон Чехов, "Әлемдік фантастика жауһарлары".

 

Назад
 
 
 
  © Карагандинская ОУНБ им. Н.В.Гоголя, 2007