Поэтический клуб "Жыр-Жауһар"

Клуб мақсаты – қарым-қатынас жасайтын орта құру, жоғары өнегелі байланыс ұйымдастыру, "Жыр-Жауһар" поэзия клубы мүшелерінің поэзияға, қазақ поэзиясына деген қызығушылықтарын арттырып, талаптарын ұштау.

Қорытынды: поэзиялық клубтың белсенді оқырмандарын - 15 адамнан калыптасты, клубтың негізгі беделді мүшелері "Болашақ" институтының, Тәттімбет өнер колледжінің, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ң және гуманитарлық колледжінің студенттері құралады. Клубтың төрт отырысы болып өтті, осы отырысқа – 220 адамдай қатысты. Мемлекеттік тілдегі кітаптарға сұраныс көтерілді. Жас талапкерлердің одан әрі алға басу мақсатымен шығармалары "Жас қаламгер" альманағына жарияланып отырады. Сонымен қоса "Жыр – Жауһар" поэзия клубының буклеті шығарылды.

Жас ақындардың шығармашылығы

Орынбаева Эльмира Сайлауқызы Қарқаралы қаласы, Көктас ауылында тұрады. 1989 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген.  №4 орта мектебінде 11 сыныпты 2006 жылы аяқтады. Мектепгі "Балауса" әдеби- драма үйірмесінің жетекшісі болды. Көркемсөз оқумен шұғылданады. Аудандық, облыстық көркемсөз оқушылардың жүлдегері. Соның бірі Мұқағали Мақатаев атындағы облыстық жыр мүшайрасының Ынталандыру сыйлығының иегері. Аудандық "Жас ақындар" сайысының бас жүлдегері.
Қазырғы таңда Қарағанды қаласындағы, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті.

Орынбаева

Мұқағалиға арнау

Ел таныған, елеулі Мұқағали,
Жас ұрпақтар өтеміз біліп тани
Бір сөзіңде мың мағына жатыр ғой,
Оқимыз өлеңіңді өмір бақи.

Мұндай ақын 100 жылда 1 туады,
Заманына қас адамды қуады.
Шындықты бетке айтып шымырлатып,
Тіке қарап белді бекем буады.

Керемет қой Мұқағали дарыны,
Өшпес мәңгі өлеңінің жалыны.
Өлеңдері адамдарды емдейтің,
Шипа берер жан – жүректің дәруі.

Суреттеуге сыймайтын сөз жетпейтін,
Мұқағали биік тау көз жетпейтін.
Аспан мен тілдесетін биік құзы,
Асқар шың ғой басынан қар кетпейтін.

Мұқағали өлеңін оқып шалқимын,
Сүйсінемін сезімменен балқимын.
Әрбір өлең жолдарын оқығанда
Жыр – жұмаққа мен түскендей толқимын.

Өлеңдері жылы тиер жүрекке,
Сіңіп кетер еттен өтіп сүйекке
"Қара өлеңін қазақтың құдіретін"
Сыйғызды ол жұдырықтай жүрекке.

Өлеңдері өзегіңді өртейді,
Оқы өлеңін! Уақытың бос кетпейді.
Таң алдында жарқыраған жұлдыздай,
Талантына ешбір ақын жетпейді.

Жұлдызы ғой жиырмасыншы ғасырдың,
Неге заман таланттыны жасырдың?

Мадақталмай сый көре алмай өтсең де,
Ақынысың жиырма бірінші ғасырдың.

Мақтан етем Мұқағали өзіңді,
Жаттап жүрем әр бір жазған сөзіңді.
Сенің жаның неткен мықты керемет,
Тағдырдың бар қиынына төзімді.

Сенің сұлу өмір жолың қадамың,
Ұлы Абайдың нұр – жырынан нәр алдың.
Құмнан емес сен дүние өмірде ,
Жыр менен тек сезімдерден жаралдың.

Ақиық ақын едің дүние салған,
Өлеңдерің өлген соң жинақталған.
Ақтарып аршып алып архивтерден,
Енді танып жатырмыз...

Дүние жалған!

 

Керімсал Кеңесбекұлы (Ерқанат Кеңесбеков), 1986 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Матақ ауылында өмірге келген. 2004 жылы Қарағанды қаласындағы облыстық Н. Нұмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының түлегі болады. Сол жылдың күзінде Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университтетінің Филология факультетіне құжат тапсырады. Өнер өлкесіне ерте қадам басқан Керімсал. Кенесбеков

Сыркешу

Филология факультетінің 3-курс студенті

Шұғыла нұр ұйытса зердесіне,
Заманы кірін жаққан жейдесіне.
Алаштың даласына сыймаған ұл
Қазақтың қалай сыйған кеудесіне?!
Қазақтың Қасымдай ардақты рухына бағыштадым.

Бұл өмірде менің бір аңғарғаным
Ұсақ пенде жалғайды жалған әнін.
Болмашы сүрінсем бір қия бетке
Теңізге батқан жандай тал қармадым

Ел басына күн туса Арыстарым
Шыбын құрлы көріп пе ед абзал жанын.
Бұл әлемді талайлар басып өтті
Мына жалған талайды жасық етті.

Икеміне иілмес құдды емендей
Махамбеттің елі үшін басы кетті.
Әйтеуір тау тұлғалы адамға өмір
Тау ғып үйіп береді қасіретті.

Сүйсінумен қараған далаға кең
Осы күнде ел деген дана да кем.
Ұлын туып қайтадан құшаққа алған
Мен де осы даламнан жаралған ем.

Ұлыларды көрмеген көрісерін
Білген болсам жер болып жаралар ем!

 

Мирзахметов Алмаз 1987ж. 4-қазанында Қарқаралы ауданы Тоқтар ауылының тумасы. 7 мектеп интернат гимназиясының түлегі. Қазір Қарағанды Гуманитарлық колледжінде оқиды.

  • "Армысың Атамекен" облыстық мүшайраның жеңімпазы;
  • "Құрбылар" клубының төрағасы.
Мирзахметов

Қасым аға

Қасым аға,
Өз жайыңды айттың-ау расында да,
Тау өзендей сарқырап тасыдың да
Басылдың ба ?!
Өлеңнің асылына.

Қасым аға,
Ақындыққа бердің-ау басым баға.
Өрлеттің-ау өлеңнің тасын тауға,
Лапылдауға,
Шақ тұр-ау жырың дара.

Қасым аға,
Берсең бер, бермесең қой деп баспана
Заманның ызғарына шалдықтың ба?
Тарықтың ба?
Қолдаушың халық тұра.

Расында да,
Жетімсіреу ақынға халық тұра,
Айтыңдаршы жамағат заңдылық па?!
Аң қылық па?
Қасымдай саңлаққа.

Заман ұрды...
Өлмейтұғын артында жыры тұрды,
Қазынасы,
Арманы,
Сыры тұрды,
Өлім құрлы
Қиянат заман сорлы.

Қасым аға,
Ұлылықты дарытқан қалай ғана?!
Сенің таңын атып тұр арайлана!
Бас иіп,
жырларыңа
Замана да.

 
 
 
 
  © Карагандинская ОУНБ им. Н.В.Гоголя, 2007