Әбулақап Райымбековтың
15 желтоқсан 1923
Жазушы, ақын
Әбулақап Райымбековтың
туғанына 85 жыл
 Райымбековтың Ә.

Әбулақап Райымбеков 1923 жылдың 15 желтоқсанда Жезқазған каласының Ұлытау ауданындағы "Ұлытау" ауылында туған.
1931 жылы Қарсақбай мыс қорыту комбинатында келіп, құрылыс цехында жұмыс істеген. Кейін балалар үйінде, Қарсақбай орта мектебінің жанындағы интернатта тәрбиеленген.
1939 жылдан 1941 жылға дейін Қарсақбай аудандық мемлекеттік банкісінің бухгалтері, 1941 жылдан 1948 жылға дейін Жезқазған аудандық "Қызыл кенші" газетінің әдеби қызметкері, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары болады. 1940 жылыоблыстық газетке "Есембектің әңгімесі" деген тұңғыш очеркін жариялаған.
1948-51 жылдары республикалық "Лениншіл жас" газетінің әдеби қызметкері, 1952 жылы Жезқазған руднигіндегі шахта жұмысына оралып, 1953 жылы сондағы жұмысшы жастардың орта мектебін ойдағыдай бітіреді, де, Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті журналистика бөліміне оқуға түседі. 1958 жылы журналист мамандығына ие болады.
Ұлытау ауданының "Шеңбер" совхозында, Жезқазған руднигіндегі №2 орыс орта мектебінде, №22 кәсіптік училищеде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ береді, тәрбиеші-оқытушы болып істеп, №44, 51 шахталарда жаңа техника хронометражисі болып забой жұмысшыларымен бірге 3,5 жыл еңбек етеді. 1963 жылы ҚазМУ-дін аспирантурасына түсіп, 1966 жылы "Жұмысшы табы қазақ совет поэзиясында" деген тақырыпта кадидаттық диссертация корғайды. 1971 жылға дейін Ташкенттің Низами атындағы пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне қазақ әдебиеті пәндерінен дәріс берген.
1971 жылдан 1976 жылға дейін – Қазақ ССР Ғылым акдемиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.
1980 жылдың қараша айынан бері – С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің доценті болды.

Әдебиеттер

 
 
 
 
  © Карагандинская ОУНБ им. Н.В.Гоголя, 2007