Әбілхан Қастеев туралы кітаптар
 

Әбілхан аға. / құраст. Б. Асылжанов.- Алматы: Жалын, 2003. – 288 б.

Қазақстанның тұңғыш халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің мерейтойына арнап шығарылып отырған бұл кітапқа оның өмірбаяндық деректері, ол жайында жазылған мақалалар мен естеліктер, көркем шығармалар топтастырылды.

 

Әбілхан Қастеев:[Альбом] / бас ред.Е.Нұрзахан.– Алматы: Өнер, 2004.– 160 б.

Қазақстан республикасының Халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақтың тұңғыш кәсіби сурет өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің (1904-1973) туғанына 100 жыл толуына арналған альбом. Альбомда кемеңгер суретшінің ең озық шығармалары ұсынылып отыр.

 
 

Арманына жолыққан адам: / Ә.Бөриев. . – Алматы: Өнер, 1982. -186 б.

Бұл шығармада Қазақтың халық суретшісі, көрнекті қылқалам шебері Қастеевтің балалық, жастық шағында кездескен көптеген қиыншылықтар мен тұрмыстық ауыртпалықтарды зор қайсарлық, қажыр-қайрат көрсету нәтижесінде жеңіп шығып, үлкен өнерге келу жолы, халыққа танымал суретші, ардагер азамат болып қалыптасуы баяндалған.

 
 

Қастеев Абылхан: / состав. Л.Плахотная.- Алма-Ата: Жалын, 1978. -С. 156.

Работы народного художника Казахской ССР А. Кастеева получили всеобщее признание на многих выставках, проводившихся не только в Советском Союзе, но и за рубежом. Творчество его отличается глубиной проникновения в мир современности и своеобразием манеры исполнения. В альбом вошли репродукции лучших работ художника.

 

Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер музейі. Фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2003. – 160 б.

.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі республикамыздағы бейнелеу өнері туындыларын жинақтаған қоры болып саналады. Бұл альбомда 70 жылда жинақталған айтулы туындылар мен музейдің барлық бөліктері көрініс тапқан. 207 түрлі-түсті иллюстрациялар музей қорынан молынан хабар береді

 
 
 
 
  © Карагандинская ОУНБ им. Н.В.Гоголя, 2007