Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі
Алтын күн аспаны, Қайырмасы: Ұрпаққа жол ашқан, Қайырмасы: |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” Конституциялық Заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi, тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР Мемлекеттік Туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолындағы адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, Мемлекеттік Тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Государственный Флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с изображением в его центре солнца с 32-мя лучами, под которым - парящий степной орел. У древка - вертикальная полоса с национальным орнаментом. Изображения солнца, лучей, орла и орнамента - цвета золота. Отношение ширины Флага к его длине: 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” Конституциялық Заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР Мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдүлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.
4 июня 1992 года навсегда останется в истории и в памяти народа как день рождения Государственного Герба Республики Казахстан. Сегодняшний Герб суверенного Казахстана является результатом огромного труда, творческих исканий двух известных архитекторов: Жандарбека Малибекова и Шоты Уалиханова. выиграть в этом соревновании было нелегко. Достаточно напомнить, что только в финальном конкурсе принимали участие 245 проектов и 67 описаний будущего герба. Герб имеет форму круга. В мире самой совершенной формой считается форма шара. А круг как самый близкий к этому совершенству элемент, особо ценится у кочевников. Круг как элемент геральдики имеет применение везде, но он в особом почете и уважении у восточных кочевников. Это символ жизни, вечности. Центральным элементом, вобравшим в себя основную идею нашего Герба, является шанырак - круговое навершие купола юрты. Шанырак - символ семейного благополучия, мира, спокойствия. Мастерски, эффективно и красиво изображенный тундык - зенитное отверстие юрты, напоминает яркое солнце на фоне голубого, мирного неба. Купольные жерди - уык, равномерно расходящиеся от центра по голубому пространству Герба, напоминают лучи солнца - источник жизни и тепла. Авторам удалось решить проблему изображения кереге - раздвижных решетчатых основ юрты. Крестообразные, тройные, кульдреуши шанырака символизируют единство трех жузов, которое обеспечивает его прочность. Таким образом, языком геральдики авторы отражают миролюбивую сущность казахов. Призывают все народы республики под общий шанырак, стремиться превратиться в крепкие мощные несущие конструкции нашего общего дома - Казахстана.
Следующей составной частью композиционной структуры герба являются золотокрылые с рогами в форме полумесяца, фантастические скакуны - тулпары. Хотя изображение аргамаков в государственной символике имеет давнюю историю, тем не менее данный вариант авторов вызвал большие дискуссии и споры, прежде чем был принят. Силуэт скакунов на языке геральдистов имеет глубокий смысл и содержание. Он означает: бесстрашие льва, прозорливость сокола, физическую мощь и силу быка, быстроту, скорость и пластику лани, хитрость и находчивость лисы в борьбе против врагов. Золотые крылья скакунов напоминают также снопы зерна, золотых колосьев, т.е. признак труда, изобилия и материального благополучия.
В центре Герба находится пятиконечная звезда. В проекте там были расположены полумесяц и три маленькие звезды. По ходу обсуждения предлагались варианты восьмиконечной, семиконечной, пятиконечной звезд. Остановились на последнем. Наше сердце и объятия открыты представителям всех пяти континентов.
Цветовую гамму Герба составляют два основных цвета - золотистый и голубой. Первый соотвествует светлому, ясному будущему Наших народов. Голубое небо едино для всех народов мира. Его цвет в нашем Гербе олицетворяет стремление Казахстана к миру, согласию, дружбе и единству со всеми народами планеты.
Источник: Официальный сайт Президента Республики Казахстан