Жоба туралы :: О проекте
Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – Орталық Қазақстандағы баспадан шыққан басылымдармен ақпараттарды қосымша тасымалдаушыларда жинақтайтын ең маңызды ақпараттар орталығы. Қарағанды облысының мәдени мұраларын сақтаудағы мемлекеттік жауапкершілікті сезініп, кітапхана қорды сақтауды жұмысындағы кәсіби басымдылық деп санайды. Кітапхана 2002 жылдан бастап Құжаттарды цифрлау және сақтау Орталығы мен "Сарыарқа" электрондық кітапханасын құру жобасын дайындауды бастады. 2004 жылы бұл жоба 2005-2007 жылдардағы "Мәдени мұра" аймақтық бағдарламасына кірді.
Бағдарламаны іске асырудағы құжаттарды іріктеудің нысаны аймақтық және халықаралық, әлемдік маңызы бар кітаптық естеліктер болып табылады. Аймақтық мұра қорына: жергілікті тұрғын - өлкетанушылар, саяхатшылар мен ғалымдардың Сарыарқа туралы (Орталық Қазақстанды) суреттеулері; 1945 жылға дейін басылып шыққан газет және кітаптар; бірегей полиграфиялық байланыстағы шағын басылым; ақпаратты тәуелсіз тасымалдаушылардағы құжаттар, бейнетаспа, үнтаспаларды қосу жоспарлануда.
Жобаның мақсаты: Қазақстан мәдени мұрасының бөлігі болып келетін Орталық Қазақстанның құжаттық мұраларын сақтау және сирек кездесетін өлкетанулық қордың бір уақытта Интернет жүйесі арқылы кең көлемде қолдануға мүмкіндік беруін қамтамасыз ету.
Жобаның міндеттері:
- Орталық Қазақстанның ескерткіштерін анықтайтын құжаттарды іріктеу өлшемін анықтау;
- Аса құнды қолжазбалар, баспалы және аудиовизуальді құжаттарды СD-ROM – ға ауыстыру;
- Қарағанды облысының құжаттар мұрасының ЭДБ құру;
- Қарағанды облысының кітапханаларын мұрағаттары мен мұражайларын біріктіріп үйлестіру және құжаттық мұраларға қол жеткізу мүмкіндігі болуын қамтамасыз ету;
- Қайта басып шығару үшін Орталық Қазақстандағы маңызды мәдени ескерткіштерінің тізімін анықтау.
Жобаның жаңалығы: Бірегей мәліметтерді цифрлау және оларға Интернет жүйесі арқылы қол жеткізуге, сирек кездесетін өлкетанулық қорларды сақтауға, мәтін бойынша іздестіруге, қызығушылығы басым қолданушылардың бірегей басылымдарға қол жеткізу мүмкіндігін береді.
"Сарыарқа" электрондық кітапханасын құру қызығушылығы басым қолданушыларға бірегей басылымдарға қол жеткізуге, оларды сақтауға және сирек басылымдармен жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік береді (контекстік іздеу, жаңаша орфографиядағы сипаттама бойынша құжаттарды іздеу, әр түрлі форматтағы тексттерді импорттау және т.б.).
"Сарыарқа" электрондық кітапханасын құрудың бастапқы кезеңін құру мерзімді басылым беттеріндегі өлкетанулық материалдарды цифрлау және толық мәтінді "Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер" ДБ ұйымдастырудан басталды. Барлық толық мәтінді база "Өлкетану" ЭДБ көрсетілген және әрбір оқырманның компьютерден оқып, басып шығарып алуына немесе дискетаға жазып алуына мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда ол Word, JPEG, TIFF, html, PDF форматтағы 6000 құжатты құрайды.
Карагандинская областная универсальная научная библиотека - крупнейший в регионе информационный центр, обладающий самым значительным на Центральном Казахстане собранием печатных изданий и информацией на других носителях. Понимая возложенную государствам ответственность за сохранность этого культурного достояния Карагандинской области, библиотека считает свою деятельность по сохранности и консервации фондов - одним из главных профессиональных приоритетов.
Начиная с 2002 года библиотека приступила к разработке проекта Центра сохранности и оцифровки документов и создания электронной библиотеки "Сарыарқа". В 2004 г. этот проект вошел в региональную программу "Культурное наследие" на 2005-2007 годы.
Объектами отбора документов при реализации программы являются книжные памятники мирового, национального и регионального значения. В фонд регионального наследия планируется включить: описания Сарыарки (Центрального Казахстана) учеными, путешественниками, местными жителями-краеведами; книги и газеты, изданные до 1945 г.; миниатюрные издания, уникальные в полиграфическом отношении; аудиозаписи, видеозаписи, документы на нетрадиционных носителях информации.
Цель проекта: Сохранение документального наследия Центрального Казахстана как части культурного наследия Казахстана и обеспечение сохранности редких краеведческих фондов с одновременным предоставлением широкого доступа к ним через сеть Интернет.
Задачи проекта:
- определение критериев отбора документов, представляющих собой памятники Центрального Казахстана;
- перевод особо ценных рукописных, печатных и аудиовизуальных документов на СD-ROM;
- создание ЭБД о документальном наследии Карагандинской области;
- координация и кооперация библиотек, архивов и музеев Карагандинской области и обеспечение доступа к ее документальному наследию;
- определение списка важнейших памятников культуры Центрального Казахстана для переиздания.
Новизна проекта: Оцифровка уникальных материалов и организация доступа к ним через сеть Интернет даст возможность обеспечить доступ к уникальным изданиям широкому кругу заинтересованных пользователей, проводить поиск по тексту, обеспечит сохранность редких краеведческих фондов.
Создание электронной библиотеки "Сарыарқа" предоставит широкому кругу пользователей свободный доступ к уникальным изданиям, обеспечит их сохранность и дополнительные возможности работы с редкими изданиями (контекстный поиск, поиск по описанию документа в современной орфографии, импорт текстов в различных форматах и т.п.)
Начальный этап создания электронной библиотеки "Сарыарқа" заключался в оцифровке краеведческих материалов из периодических изданий и организации полнотекстовой БД "Караганда: люди, события, факты". Вся полнотекстовая база отражается в ЭБД "Краевед" и любой читатель имеет возможность прочтения с компьютера, распечатки или записи на цифровые носители.
На сегодняшний день она включает 6000 документов в формате Word, JPEG, TIFF, html, PDF.