Тұлға туралы ой маржандары

Памятник

Мен бір жақсы адамдармен жекжат болған екенмін. Олай дейтінім, Димаштың туысқандарының бәрі еңбек етеді, өз күнін өздері көреді. Шетінен еңбеккор, Димашқа біреуі де салмак. салмайды. Біздің қазақтың жаман әдеті — біреуі әкім болса, "саған бақ қонды, енді бізді бағасың", — деп мойнына отырып алады. Ал, менің құдаларымда ондай әдет жоқ. Жақсы адамдармен туысқан болдым дегенім осы. Димаш, бүйырса, иісі қазаққа ортақ ұл болғалы тұр, тіл-көзден сақтасын".

Мухтар Әуезов, 1956 жыл

"Жұрттың ішіне пышақ айналмайды, Қонаевтың ішінде ерттеулі ат айналып жүре береді".

Ыбырай Жақаев, "Өмір жолы" кітабынан

"Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толык меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы".

Дуайт Эйзенхауэр, АҚШ-тың 34 - президенті, 1960 жыл

"Дінмұхамед — нағыз дос деген сөз!"

Шәкен Айманов, кинорежиссер

"Сонша мәрт адамның сен бір жақтан жолаушылап келгенде балаша қолыңа қарайтынына қайран қаламын. Сондағы күтетіні Тас шақпақ (зажигалка). Әкелсең — ат мінгізгендей қуанады, әкелмесең — "мен сенің сараң екендігінді енді білдім" деп, қасқайып қарап отырады. Ұлы адамның біз білмейтін құпия жаратылысы бар шығар".

Ескендір Тынышбаев, кинооператор

"Жаратушы о бастан-ақ біздің әулетіміздің бар бақытын, бар байлығын, бар білім-парасатын, бар билік-мансабын, тіпті сұлу да тіп-тік, бойды да жинап-теріп Димекеңе берген. Соған шүкір дейміз!"

Асқар Қонаев, академик

"Халықгың бағы қыдыр қонған перзентіне беріледі. Елу жыддай сол бақ Димекеңде болды. Обалы не керек, барын елге төкті. Көсегеміз көгеріп, көрпеміз ұлгайды, Оның қайырымьн ұрпақ бойына сіңірсек, Димекеңе деген ыкыласымыз сол".

Шафиқ Ізбасұлы, ардагер, Атырау облысы

"Тілендиевтің күйлерін, Қалдаяқовтың әндерін тыңдап, Мақатаев жырларын, Әуезов пен Есенберлин шығармаларын оқығанда, Төлегенованың, Бағланованың, Рымбаеваның үндерін естігенде, кезінде Жиенқұлованың, сосын Талпақованың, Аюхановтың билерін көргенде мен Дінмүхамед Қонаевты еріксіз көз алдыма елестетемін. Қаншама талантқа дем беріи, қаншама дарынға қорған болды. Өнерді сүю аз, оны бағалай білу — батырлық. Маған Димекең сондай жан көрінеді".

Оралхан Жұмаділов, мұгалім,
Шығыс Қазақстан облысы

"Димекеңнің туған нағышысы — Жетісу губкомын басқарған Шымболатов, халыққа адал қызмет істеген адам. Соған қарамастан 1937 жылы "халық жауы" қатарында қара тізімге ілігіп, опат болған. Димаш Ахметұлы осы нағашысының тәлім-тәрбиесін алған. Күштімен күш таластырмады. Қазақ үшін, Қазақстанда тұратын халық үшін өте нәзік әрі орамды саясат жүргізді. Және оны жүзеге асыра білді, Бұл кемеңгерлік. Біз кімнен нені үйрену керек дегенде, ең алдымен осы бір қарапайым, жаны ізгілікке толы тұлғаны еске аламыз"
.

Құдайберген Орымбетов, "Қазақстан " ұжымдық кооперативінің әкімі, Алматы облысы

"Өнеге алар ағаң болғаны қандай бақыт. 1947 жылдан бері Димаш ағаны білемін. Дүлдүл екен. Шабысынан жаңылыспайтын тұлпар дерсіз. Шіркін, осы кісінің бар болмысын, табиғатын ашып жазар күн болса, соны зерделеп оқыр ұрпақ болса ғой!".

Әмзе Сеңкібайтегі, Соғыс және еңбек ардагері

"Мен Дінмұхамет Қонаев атаның "Ақиқаттан аттауға болмайды" деп аталатын кітабын оқып шығып, мынаған көз жеткіздім. Ол кісі шынайы сезімнің, адал махабаттың символы. Қозы менен Баянға, Төлеген мен Жібекке аңызға ауыз аша бергенше, пәктікті, нәзіктікті, тазалықты, іңкәрлікті осы заман адамдарының бойынан іздесек табылады екен. Зуһраға деген мөлдірлік, елу жыл алты ай екі күнге жалғасқан әдемі сыйластық кімге де болса өнеге. Демек, Дінмұхамед атамыздың рухы жан дүниесінің тазалығымен де биік".

Ләззат Сүйінова, студент Маңгыстау облысы

"Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім. Оған теңіздей сүйкімділік, жарқыраған даналық, таңқаларлық саиа, шалқыған қайырымдылык, көңілді болмыс тән еді".

Геннадий Толмачев, жазушы, 1997 жыл

"Ол кісінің ат тізгінін тартып мінген азаматтан білмейтіні кемде-кем еді. Өсіп келе жатқан жастарға айрықша назар аударатын. Сұрайтын. Біліп танитын. Соған, сосын сыртынан қамқор бола жүретін. Мен оны өз басымнан білемін. Соғыстан кейін бір көрген мені араға бірнеше жыл салып танығанда және өсу жолымды ізгі көңілмен айтқанда қайран қалмасқа, дән риза болмасқа болмады".

Оразәлі Қозыбаев Социалистік Еңбек Ері, Қостанай қаласы

"Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықгың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық — қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев. Бізде екі ұқсастық бар екен. Бірі — қарапайымдылықтарыңыз қалай аумаса; жасыл желекке оранған Алматы біздің Кашмирмен егіздің сыңарындай ма деп қалдым. Ғажап!".

Джавахарлал Неру

"Қонаев — ұлттың Ары мен Намысы! Қонаев — ұлттың рухы мен Иманы! Қонаев — қазақтың Қанағат мектебі, Адалдықтың өлшемі"

Темірше Сарыбайұлы, ақын

"Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады" деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жакын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нактылығында, істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп түратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалды".

Ілияс Есенберлин, жазушы

"1993 жылдың 22 тамызында бір дәуір көшкендей болып, дүниеден Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өтті. Халықтың Димекеңе берген бағасы — ол кісінің мәйітін Кеңсайға апара жатқан күллі жолға гүл шашуы еді".

Қуаныш Сұлтанов, саясаттацу гылымының докторы

 





Copyright © 2012, karlib.kz