Өзі өнеге, сөзі ғибрат еді

Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

Жалада шындық болмайды.

Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Ақиқаттан аттап кету – арға сын.

Орынды сын ойлантпай қоймайды.

Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.

Адам айнасы – адам.

Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

Қараң қалған билік қайтып оңалмайды.

Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.

Жыл дегенің жылғадан аққан су.

Өмір де ай сияқты бірде толып, бірде тұтқадай ғана болады.

Заманы бірдің талабы бір.

Уақыт – ұлы төреші.

Өнер де тәрбиені сүйеді.

Оқи жүрмесең тоқығаныңды ұм ытып қаласың.

Көргені жақсы көңілдегідей іс тындырады.

Көз өзіне сенеді, құлақ өзгенің сөзіне сенеді.

Су төгілмес жорға да сүрінеді.

Ақиқат ағын суды да тоқтатады.

Өз басыңа тілемейтін істі өзгеге істеме.

Қуана білу де, қуанта білу де бақыт.

Барыңды ұқсата алмасаң, жоқ шіркін жеткізбес жұт.

Ақылдан сабыр артық.

Халық тәжірибесі – барша білімнің қайнар көзі.

Д.А. Қонаев Алматы облысының Бақанас күріші алқабында

Баққа да бап керек.

Рухани байлықтың анасы – еңбек.

Жалғанда жалғыздық жаман.

Артық туған ақындары бар елден бақытты ел жоқ.

Қайырымы жоқтың қадірі болмайды.

Елдің үлкен-кішісі болмайды.

Жақсымызды қадір тұтпай, жаманнан арыла алмаймыз.

Алты күн аш қалсаңда атыңды сыйла.

Қаныңда жоқ қасиетке бой алдырма.

Құдайдан қорықпағанның тажалы қасында жүреді.

Аты жүріп тұрған кісінің айбыны биік болады.

Д.А. Қонаев жергілікті өнеркәсіп көрмесінде

Танауын көтерген тасқа соғылар.

Үміттің аяқ асты болғанынан артық қорлық жоқ.

Алыпқашпа сөзде ауыздық болмайды.

Сөзде пәтуә болмаған жерде, істен береке қашады.

Демократия – халықтық билік.

Қайратсыз адамның айбаты зая.

Қария қартайғанын мойындаса, жігіттің ері мойынына кетеді.

Таудай қасірет тартқанға – тарыдай қуаныш та жұбаныш.

Ізетке жығылмаған ілтипат қадіріне жетпейді.

Аруақ аттау арға сын.

Жау ғана жамандығын көреді.

Дос көңілде жүрген кісілерге есеп жүрмейді.

Үйлену, үй болу есті жігітке бір-ақ берілетін бақыт.

Ізгілікке іштарлық жүрмейді.

Билік оңай, біліп айту қиын.





Copyright © 2012, karlib.kz