|
|
Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы мұражай үйінде ашылған ақын бөлмесі ақынның қолданған өзінің қолы тиген көптеген тұрмыстық жәдігерлерімен және өмірдерек-қолжазбаларымен, әдеби кітаптарымен толығып, өзіндік құнды бай ақын мұраларымен көз тартып тұр.
Касым ақынның дүниеден озғанына жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын жәдігерлер мен қолжазбалар, кейінгілер үшін баға жетпес құнды дүниелер екені даусыз. |
|
"Қазақ аспанында - Қасым рухы" |
-
Облыс басшысы Серик Ахметов және Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин қазақтың ұлы ақыны Қасым Аманжоловтың ескерткішін ашты. Соңынан Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, академик Кенжеғали Сағадиев және Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Делиомероглы сөз сөйледі.
-
Сәкен мен Кривогуз көшелерінің қиылысындағы ақын есімін иеленген скверде Қасым Аманжоловтың ескерткіші ашылды. Ақын ескерткіші облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында жасалған өзара ынтымақтастық меморандумы аясында тұрғызылды. Жобаның құны 25,5 млн. теңге, авторы Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Жеңіс Молдабаев. Ескерткіштің тұғырымен қоса алғандағы биіктігі - 7,8 метр, өз биіктігі - 3,8 метр. Қоладан құйылған ескерткіш моделі Қазақстан Суретшілер одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің өндірістік комбинатында әзірленді.
-
"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты Аманжолов оқуларының тұсауын бәріміздің жүрегімізді жырмен толқытып, сырға бөлеп жүрген от ауызды, орақ тілді, Арқаның ақыны С.Ақсұңқарұлы ашып, қазақтың қабырғалы шайырлары, ақын Н.Айтұлы, С. Иманасов, қарағандылық қарт ақын Б.Аманжолов, Қ.Аманжолов атындағы II облыстық жыр мүшайрасының бас жүлдегері, журналист, ақын Ж.Жаңқашұлы, Б.Мүбәрәкұлы жалынды жырлармен жалғастырды.
-
"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты Аманжолов оқуларының
-
Кеншілердің мәдениет сарайында "Сүйем сені туған ел..." атты аламан айтыс ұйымдастырылды.
-
Қасымның ғасырлық тойы Қарқаралыда.
Тойға қатысқан қадірлі меймандар: белгілі коғам қайраткерлері - республика Парламентінің мүшелері О. Әбдікәрімов, Қ. Сұлтанов, т.б. депутаттар мен С. Қирабаев, С. Қасқабасов тәрізді ғалымдар, "Түріксой" халықаралық ұйымының президенті Д. Қасеинов, ақынның қыздары Жанна мен Дариға, туыстары, ақын-жазушылар және шет елден келген қонақтар.
-
Көпшілік алдында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ақын мерейтойымен құттықтау хатын оқып берді. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай баяндамасы ынтамен тыңдалды.
-
200-ге тарта киіз үй тігілген ақ отаулар қалашығы төріндегі сахнадан Қ.Аманжолов әндері шырқалып, театрландырылған көріністер жиналғандар назарын аударды.
-
Қызылкент өңірінде ат жарысы және қазақша көрес ұйымдастырылды.
|
Copyright © 2011, Қарағанды ОҒӘК
|