Алғы сөз
Аты аңызға айналған әскери басшы, атақты жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған "Өмірінің өзі дастан – Поэма жизни" атты виртуалды көрмесі.
Көрмеге қазіргі заман басылымдарындағы материалдар қойылған. Сонымен қатар әдебиеттерден үзінділер және мақалалардың толық мәтіндері енгізіліп, интернет ресурстарына сілтемелер берілген.
Көрмеде қамтылған бөлімдер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Көрме "Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін" атты бөлімінен басталып, өмірбаяндық ақпараттармен толықтырылған.
Бауыржан Момышұлы қазақ және орыс тілдерінде өте жақсы сөйлеген және жазған. Оның қаламынан "Ұшқан ұя", "За нами Москва", "Дневник офицера", "Фронтовые встречи" атты тамаша туындылары шыққан. Ең маңызды көркем шығармалары тізім түрінде "Батыр мұрасы" бөлімінде жинақталған.
"Бауыржан Момышұлы замандастарының шығармаларында" бөлімінде атақты тұлға туралы замандастарының, туған-туыстарының және көрнекті қоғам қайраткерлері мен көркемөнер зиялыларының естеліктері топтастырылған.
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы – бүтін бір дәуірдегі каһарман ерліктің символы деп қабылданады. Оны "Соғыс шындығы" бөлімінде әскери-көркем шығармалар топтамасы дәлелдейді.
Қазіргі қауымның нағыз патриот, бірегей тұлғаға деген көзқарасын "Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған материалдар баспа беттерінде" бөлімінен көруге болады.
Бірегей, көп қырлы тұлға Бауыржан Момышұлы жайлы, оның әскери методикалық тәсілдері мен отанымыздың тарихы туралы білгісі келетін барлық қауымға осы көрменің берері мол.