Қазыбек Нұржанов
(1919-1945)
Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов 1919 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай ауылында туған. Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, Шет ауданында мұғалім болып істеді. 1939 жылы Совет армиясына шақырылды. 5-ші атқыштар дивизиясы истребитель дивизионын барлаушылар взводы командирі, аға сержант шеніндегі ол Ұлы Отан соғысына 1942 жылы көкек айында шақырылды. Волга мен Орел түбінде соғысып, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Друть, Березин өзендерінен өтті. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Қазыбек Нұржановтың көзсіз батырлығын және тапқырлығын бағалап, оған барлау взводын басқаруды тапсырды. Друть өзеніне өтерде олар жаудың оғы астында бола тұрып, барлау жүргізіп, дұшпан танктерінің шабуылын тойтаруға жағдай туғызған бағалы мәліметтер жеткізді.
Соғыс барысында ол жауынгерлік ерлігі үшін "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Қазақстандық жауынгер Волховск қаласын алардағы ұрыста қанаттан тиіскен шабуылдауышы топты басқарды. Ержүрек жауынгер Қазыбек Нұржанов шабуылдаушы жаяу әскерді соңына ертіп, Волоховскіге бірінші болып кірді. Қала шетінде ол өте ауыр жарақат алды.
СССР Жоғарғы Совет президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Указымен Қазыбек Бейсенұлы Нұржановқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Қарағандының, Жезқазғанның бір көшесі Қ.Б.Нұржанов есімімен аталған.