ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Форум жас кітапханашылар көзімен. Менің айтарым бар...

Мектепова Айнагүл,

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Кітапханаларды дамыту орталығының әдіскері

Қарағанды қаласында өткен
Қарағанды облысының жас кітапханашыларының І-ші Форумы туралы пікір

Қарағанды қаласында өткен 2 күндік Қарағанды облысы жас кітапханашыларының Форумына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан 7 жас маман мен 1 жетекші маман қатысты.

Алдымен, Форум туралы сөз қозғамай тұрып, Қарағанды қаласы туралы ерекше әсерімді жеткізсем. Алғаш Қарағанды қаласына келген сәттен бастап, қала тұрғындарының жүздерінен қонақжайлылық пен қарапайымдылық байқалды. Қаланы түгелдей аралап шығуға мүмкіндік болмағанымен де, қаланың өте әдемі, таза қала екені бір көрген адамға бірден сезіліп тұрды. Бір сөзбен айтқанда, өзге қала емес, өз қаламда жүргендей әсерде болдым.

Ал енді, Форум туралы өз ойымды қысқаша жеткізсем...
Форумның алғашқы күні пленарлық мәжілісте кітапхана ісіне, мамандыққа қатысты өте қызықты, өзекті баяндамалар тыңдалды. Баяндамаларда кадр мәселесі мен мамандық имиджін көтеру басты назардағы мәселе екендігі аталып көрсетілді.

Форумдағы ең қызықты сәт – шараның әр тақырып бойынша шығармашылық алаңдарға бөлініп өткізілуі болатын. Түрлі тақырыптарға бөлінген әр шығармашылық алаң өзінше ерекше. Жастық құлшыныспен барлық алаңға қатысуға ынталанғанымызбен, оның сәті түсе қоймады. Оның басты себептері: біріншіден, барлық шығармашылық алаңның бір уақытта өтуі; екіншіден, мен қатысқан "Кітапханалық жобалар – кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні" атты алаң өте қызықты, тартысты өтуі. Жобаларды талқылау алаңына 30 жобаның ішінен іріктеліп алынған 13 жоба қатысты. Қалған 17 жоба белгілі себептермен алаңға қатыса алмады. Ал, алаңға қатысқан әр жобаның өз ерекшеліктері болды. Өз жобаларын қорғаушылардың тыңғылықты дайындалғандары байқалып тұрды. Тыңдаушылар тарапынан түскен бірнеше сұрақтарға барынша жауап беруге тырысты. Жоба қорғаушылары өз аймақтарында кітап оқу ісін ілгерілету, кітапхана ісін дамыту, кітапханашы имиджін көтерудегі қорғап отырған жобаларының үлесін нақтылап көрсетті.

Шығармашылық алаңның қызықты өткені соншалық, 3 сағат уақыттың қалай тез өткендігі білінбеді. Дегенмен де, басқа шығармашылық алаңдардан шыққан өзіміздің әріптестерімізбен ой бөлісу кезінде басқа алаңдардағы жұмыспен де танысып үлгердік.
Қазылар мүшесінің шешімімен "ең үздік жоба" деп танылған Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың тифлопедагог-реабилитологі С.А. Фалежинскийдің жобасы алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі оқырмандар үшін ең қажетті жоба екендігіне сеніміміз мол.

Алғашқы күннің кешкі жартысы, яғни шығармашылық алаң соңы кітапхана алдындағы мәдени-көңіл көтеру бағдарламасына ұласты. Кеште әр кітапханадан келген мамандар өз өнерлерін ортаға салды.

Жалпы Форумнан алған әсерім ерекше. Форумда өзім сияқты жас мамандардың өз кәсібіне деген қызығушылығы мен құрметі байқалып тұрды. Мұндай көлемді шаралардың өтуі жас кітапханашы мамандар үшін біліктілікті көтеру, кәсіби тұрғыдан рухани өсу, алдыңғы буын мамандармен, өзге де жас кітапханашы мамандармен тәжірибе алмасуы үшін қажетті деп ойлаймын.

Мен осы Форумға қатыса отырып, білгенімді қосып, білмегенімді үйрендім дер едім. Менің ойымша, алдағы уақытта Жезқазған қалалық кітапханасы мен Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың жас мамандарының жобасын өз тәжірибемізде пайдалануға болады деп ойлаймын.

Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табады деген ойдамын!

Форум ұйымдастырушыларының жұмыстарына зор табыс тілеп, Форумды сәтті өткізулерімен құттықтаймын! Кітапхана ісін ілгерілету, мамандық дәрежесін көтеру жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз тек жандана берсін!

Рахимжанова Эльмира,

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхананың библиограф маманы

Қарағанды облысы жас кітапханашылар І форумында көптеген ауқымды да өткір мәселелер көтерілді. Оқылған баяндамаларда кітапханаларға жас мамандарды орнықтыру, кітапханашы мамандығының жағымды бейнесін қалыптастыру, жас кітапханашылардың зияткерлік қызметін дамытуға қажетті іс-шаралар айтылды. "Болашақтың кітапханасы" шығармашылық алаңында болып, 3D форматта кітап жасауды үйрендік. Жобаға Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Болдыш Анастасия Авенировна модераторлық етті, ол кісінің білімділігі өте ұнады, біздер оқу құралдары мен көрсеткіштерді жасағанда оның ауқымы кішкентай ғана болатын, ал осы 3D форматта жасап интернетке қойғанда, оқырмандар аудиториясы кеңейеді, осы жағынан бағдарламаның берері көп. Бағдарламаның ерекшелігі кез-келген word сияқты құжатты 3D форматта жасап шыққанда оған әуен қосуға болады, ол кітап тәрізді ашылады, өте ыңғайлы, презентациялар көрсетуге қолайлы. Н.В. Гоголь атындағы кітапхана қызметкерлері мен Қарағанды облысының жастарымен сұхбаттасу барысында өзімізге қажетті көптеген қызықты ақпараттарды алдық. Әрқайсысының жұмыс істеудегі бағыты мен өзіндік тәжірибелерін ортаға салдық. Барлығымыз осы саланың маманы болғандықтан, біздерге тәжірибе жинаудың маңыздылығы ерекше. Еліміздің басқа да облыстары осы форумнан үлгі алса, облыстық қана емес Республикалық деңгейде ұйымдастырылса деген тілек бар. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде кітапханашының еңбегі еленіп, қоғамдағы алатын орны мен беделі өсетін еді. Кітапханаға келген жастар өзімізден үлкен кітапхана майталмандарынан қандай да болса үлгі алып, өз қызметімізге жарата білуді мақсат тұтамыз.

Осы Жас кітапханашылардың І форумы алғыр ой мен тынымсыз еңбектің нәтижесі деп білемін. Кітап оқудың құлдыраған шағына дем беретін атаулы іс-шарадан керемет көңіл-күймен оралдық. Ондағы қызметкерлердің бойынан қазаққа тән қонақжайлылық пен кітапхана ісінің дамуына деген адал ниеттерін байқадық. Кітап пен кітапхананың нағыз жанашырлары бүгінгі күннің өткір мәселесіне бей-жай қарай алмағандықтары бізді қатты қуантты.

Ғибрат Сәуле,

Шет ауданы Бұрма ауылының кітапханашысы

Жақында Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен жас кітапханашылардың зияткерлік қызметін дамыту мақсатында "Еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту жастардың қолында" атты жас кітапханашылардың І форумы болып өтті.

Форумға қатысушылар кітапханалардың қазіргі өзекті мәселелерін, кітапхананың рөлі мен орнын, қазіргі жағдайы мен болашағы туралы ойларын ортаға салды. Форумда кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықтау, кітап қорын арттыру мен кадрлық резервті толықтыру, кітапханашылар біліктілігін көтеру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Форум барысында кәсіби идеялармен және қызықты жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелер алмасуға мүмкіндік алдым. Осындай игі шараларды жиі ұйымдастырып, кітапхана саласын одан әрі дамытуға, кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру мақсатымен түрлі тақырыптарда халықаралық, республикалық, аймақтық семинарлар, тренингтер өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

Осы форумда алған білімдерімді күнделікті жұмыс барысында кеңінен қолданып, оқырмандар сұранысын жоғары деңгейде өтеуге ұмтылсам, кітапхана атаулы ақпарат айдынында өзіндік орыны бар айтулы Ақпарат Орталығына айналады деген сеніммен ой түйіндегім келеді.

Жумаканова Салима,

библиотекарь Карагандинской ОУНБ им. Н.В. Гоголя

Первый форум молодых библиотекарей Карагандинской области проходил всего два дня, но и этого я думаю было достаточно, чтобы понять и оценить, как важна наша работа. Для меня это личный опыт, который станет примером во многом, не только в работе, но и в жизни. Общаясь с молодым и более взрослым поколением библиотекарей, понимаешь, насколько важна и интересна работа библиотек в целом. Именно на Форуме стало понятно, какие люди тебя окружают, как они ценят свою работу и стремятся сделать наше государство и молодежь в первую очередь образованней и культурней.

На Форуме поднималось достаточное количество вопросов и предложений, касающихся проблем в нашей сфере, но я считаю что самое главное, чтобы эти вопросы решались и предпринимались какие-то попытки со стороны не только государства, но и самих людей, потому что все зависит от самого человека, от его желания что-либо делать. Хотелось бы отметить, что все централизованные бибилиотечные системы живо, охотно и с энтузиазмом отнеслись к творческим проектам, это говорит о том, что для них важна и интересна работа, которую они делают. Практически все проекты и видеоролики раскрыли и показали, что библиотеки это не только склады книг и недовольный библиотекарь, но и культурное, общественное, полезное во всем учреждение, со своими правилами и устоями.

Особую благодарность хотелось бы выразить собственно коллективу Областной универсальной научной библиотеки им. Н.В. Гоголя, в лице всего коллектива библиотеки и непосредственно отдела развития бибилиотек. Ведь работа, которую они проделали по организации Форума, действительно заслуживает уважения и внимания.

Надеюсь, что проведение форума станет доброй традицией и будет выходить за рамки Карагандинской области да и страны в целом, но это в будущем, ведь хороший пример нам уже показан.

Наталья Смирнова,

зав.отделом обслуживания ЦГБ г. Сарани

"Библиотека – это место работы, и храм мысли, и научно-исследовательский центр, и лаборатория, и место высоких радостей, праздников ума и глаза", - отметил в свое время Николай Рерих. И верность этого высказывания подтвердил I Форума молодых библиотекарей Карагандинской области. Молодые специалисты Саранской ЦБС хотят выразить благодарность организаторам Форума за хорошую подготовку, высокопрофессиональное проведение мероприятия.

Все мы с нетерпением ждали проведения Форума, ведь подготовка к нему началась задолго до его начала. Как только в библиотеку пришло письмо о конкурсах инновационных проектов и видеороликов, проводимых в рамках Форума, все сотрудники библиотек города собрались вместе. Каждый предложил на суд остальных свои идеи, относительно наших работ представляемых на конкурс. С того момента прошло несколько месяцев, проект и ролик готовы и отправлены жюри конкурса. Авторы с нетерпением ждут результатов…

26-27 июля состоялся I Форум молодых библиотекарей Карагандинской области. Отрадно, что проблемам молодежного кадрового ресурса библиотек Карагандинской области уделяют большое внимание. Но особо хочется отметить работу творческих площадок, ведь именно там мы смогли показать свои навыки и умения, а также получили новую полезную информацию.
К сожалению, нам не удалось побывать на площадке "Skype – лаборатория "Есть ли будущее у библиотечной профессии, и каким должен быть современный библиотекарь?", но не сомневаемся, что общение с нашими коллегами из других городов принесло много новых идей и повысило творческую активность молодых специалистов.

Библиотека шагает в ногу со временем, и творческая площадка "Библиотека будущего" прямое тому подтверждение. Создание 3D книги – это еще одна ступенька в привлечении подрастающего поколения к чтению. Благодаря специалистам, их подробному объяснению основных правил работы в программе по созданию 3D книг, не составило труда самому создать подобное пособие.

Немаловажную роль в повышении привлекательности библиотек играют инновационные проекты. Творческая площадка " Библиотечные дебаты" затронула актуальную проблему для всех библиотек: " книга или интернет?". Благодаря координаторам данной площадки мы узнали новые гран данного противостояния и пришли к выводу, что в современном мире наиболее правильное решение – это союз книги и Интернета.

Во второй день работы Форума были подведены итоги и состоялись награждения победителей конкурсов на лучший инновационный проект и лучший видеоролик о книге и чтении. Приятной неожиданностью стала высшая награда Гран-при за видеоролик "Кража века в библиотеке" и третье место за проект " Мир для всех один". Ни один участник конкурсов не остался незамеченным и был отмечен грамотой и поощрительным призом.

Будущее Казахстана в руках молодых! И только настоящее профессионалы своего дела смогут достойно представлять Казахстан на мировой арене! I Форума молодых библиотекарей Карагандинской области – это профессиональная поддержка и развитие творческого потенциала молодых библиотекарей!

Еще раз большое спасибо организаторам Форума! Надеемся, что наши встречи станут постоянными,
ведь они повышают наш профессионализм и открывают новые грани библиотечного дела!

Ерболат Қуатбеков,

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы

27-28 шілде аралығында өткен облыстық жас кітапханашылардың алғашқы форумы - тарихи оқиға. Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы және Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы мұрындық болған форумға 130-дан астам кітапханашылар бас қосты. Қалалық, аудандық, ауылдық кітапханадан келген кітапханашылар жаңа бір леппен келгендігі байқалады. Әрине, арасында жаңа технологиялар мен инновациядан алшақ кітапханашылар да кездесті. Оны жасырмауымыз керек. Жүре-жүре көш түзеледі.

Мен куәгер болған инновациялық жобалар алаңы үш жақ қырынан көрінгендей болды. 1) жоғарыда айтқандай, инновацияның ауылына жетер жетпес; 2) инновацияны меңгерген бірақ, озық идея байқалмағандар. 3) инновацияны меңгерген, идея бар, бірақ өз жобасын қорғай алмағандар болды. Осындай жайттарға куәгер болдым. Сонымен қатар, өткір-өткір сұрақтар қойылып та жатты. Назарға 13 жоба іліккен болатын.

Ал, бейнероликке келетін болсақ. Бір жерде идея мен техника астасып жатса, кейбіреуі кері. Мысалы, Гран-при алған Станислав Фалежинскийдің "Көшпенділер шайқасы" бейнеролигі барлығының көңілінен шықты деген ойдамын. Тарихи сауаттылығы бар, техниканы меңгерген, бастысы - жаңа серпін, тың дүние. Шыны керек, маған қалған роликтер ұнамады. Форумнан алған әсерімнің көрінісі осындай.

Келесі форумда жаңа толқындардан тың серпіліс күтеміз.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100