Клуб 1998 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Осы уақыт аралығында 55 клуб мәжілісі өтіп онда 150-ден астам баяндамалар
мен хабарламалар тыңдалды. 107 суретті-кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Клуб жұмысына облыстық өлкетану мұражайы, әдеби бірлестік, облыстық
мұрағат, тарихшылыр, әдебиетшілер мен тіл мамандары қатысады. Өз өлкесін
сүйетін кез келген адам клуб мүшесі бола алады.
Клуб жұмысына қатысып
пікір білдіруге, әріптстерімен ой бөлісуге, өлке туралы ой тастаған
ұсыныс жасауға болады.
Клуб мүшелері туған қала тарихы және оның қазіргі
проблемалары туралы іс-шаралық құрылымға үлестерін қосты. Хабарламалардың
ішінде өлкетануға қатысты:
-
"Өлкетанудың революцияға дейінгі
кезеңі" (Л.К.Шатбакова, тарих ғыл. канд.);
-
"Өлкенің археологиялық ескерткіштері"
(Қарабаспакова К.М. тарих ғылым. канд.);
-
"Қарағанды құрылыс жұмысын жоспарлау
және жүргізу" (А.А.Золотарев "Қарағанды тұрғын үй құрылысы" инст.
директоры.;
-
"Жер қойнауын зерттеуші – К.И.Сәтбаевқа
100 жыл" (Л.Ф.Думлер геология-минералогиялық ғыл. докторы);
-
"Аймақтың өсімдік және жануарлар
әлемі" (Клименова Н.А.- обл. өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі);
-
"Ақынжанды ғалым – Е.А.Бөкетовке–80
жыл" (В.П.Малышев тех. ғылым. докторы);
-
"М.Е.Зуев-Ордынцевтың Қарағанды
жолдары" жазушының 100 жылдығына (ақын В.Г.Михалков);
-
Журналист Ж.К.Бектұровтың 90 жылдығына
арналған естелік кеші (медицина ғылым. докторы Ғ.Құлқыбаев);
-
Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
арналған отырысы (В.И.Капитонов ҚарМУ-дың зоология кафедрасының
доценті, С.У.Жауымбаев тарих ғылым. кандидаты);
- "Тәттімбеттің алтын домбырасы". Күйші Тәттімбеттің
190 жылдығы (Тәттімбет атындағы мұражайдың директоры Т. Түсіпбекұлы);
- "Туған жерім - Сарыарқа". Қарағанды облысының
70- жылдығы (техника ғылымдарының докторы, проф. Н.А. Дрижд, проф.
З .Ғ. Сақтағанова, т.ғ.к.. Н.А. Бейсенбекова, обл. мұрағатының аға
мұрағатшысы Р.З. Сайфулина)
- Жазушы С.Ләмбекұлының "Қатты қабат" атты кітабының тұсаукесер рәсімі. Автормен кездесу кеші.
- Жазушы Ж.Бектұровтың туғанына 95 жыл толуына орай "Көпті көрген көнекөз" атты әдеби кеш болды.
- "Қазақтың Мартбегі"(Кеңес Одағының батыры М.Мамыраевтың 100 жылдығына арналған кеш)
- "Үш алып, үш бәйтерек"(Алаш партиясының 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел. Алаш арыстары Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков)
- "Телевидение: кеше, бүгін, ертең" Қарағанды телевизия студиясының алғашқы хабарларының эфирге шығуына 50 жылдығына арналған әдеби кеш.
2010 жылы – 5 әдеби кеш және презентация ұйымдастырылды.
2009 жылы – 4 әдеби кеш және презентация ұйымдастырылды.
|
2008 ж. 23 күні кітапханда өткен "Оқырманды Қарағанды – 2008" атты кітап фестивалі аясында ақын С.Ақсұңқарұлының 2005 жылы Алматының "Қазығұрт" баспасынан көлемі 9 баспа табақ, таралымы 3000 данамен жарық көрген "Төбемнен жауһар жауып тұр" атты кітаптың тұсаукесері. |
|
16 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Мартбек Мамыраевтың туғанына 100 жыл толуына арналған "Қазақтың Мартбегі" атты кеш болды.
Кешке Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы , полковник Қожабергенов Мүтәш Байғалиұлы, химия-металлургия институтынның қоспа элементтер лабораториясының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Исабаев Сағынтай Махатұлы және Қарағанды мемлекеттік университетінің химия кафедрасының доценті, Мартбек атаның қызы Клара Мартбекқызы мен ұлы Серік Мартбекұлы қатысты. Кешке келген қонақтар жастарға Украина жерінде өшпес ерлік жасап, соғыс шежіресінде мәңгілік таңбаланып қалған Мартбек Мамыраевтың Днепрден өту кезіндегі асқан ерлігі, өткелі қылыш, көпірі қыл көпір болған Днепр үшін шайқасқан Мартбек Мамыраев жайында, соғыстан кейінгі Қарағандының өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі туралы әңгімелеп берді. |
|
Профессор Д.Шаймұқановтың туғанына 80 жыл толуына арналған "Дүйім жұрттың Дүйсетайы" атты кітап көрмесі. |
|
Жазушы Ж.К.Бектұровтың туғанына 95 жыл толуына арналған "Көпті көрген көнекөз" атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ мұражай қорының сақтаушысы Қ.А.Бөкетов, Ж.Бектұров атындағы ОЖК Ж.Бектұров атындағы мұражайдың аға қызметкері Ж.Б.Түсіпбекова, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ журналистика кафедрасының аға оқытушысы М.С.Жәпек қатысты. |
|
Фотосуретте: Н.В.Гоголь
атындағы ОҒӘК директорының орынбасары Пак В.И., филология
ғылым. кандидаты С.Ж.Бралина, академиктің інісі Қ.А.Бөкетов,
химия ғылым. докторы Б.Қасенов, журналист В.М.Могильницкий,
тех. ғылым. докторы В.П.Малышев. |
М.Ермековтың "Менің әкем - Әлімхан Ермеков"
кітабының тұсаукесер рәсімі
|
Суретте: Өскембаев К.С. тарих ғылым. кандидаты,
ҚарМУ-дың аға оқытушысы; Ермеков М.Ә. - геология-минералогиялық
ғылым. докторы; Дьякова Н.Г.- ҚарМТУ мұражайының меңгерушісі;
Шаймұханбетова Ж.К. - Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК директоры.
|
|
Қарқаралының 180 жылдығына арналған кітап көрмесі |
|
"Тәттімбеттің алтын домбырасы". Күйші Тәттімбеттің
190 жылдығы (Тәттімбет атындағы мұражайдың директоры Т. Түсіпбекұлы) |
|
Ақын Қ.Аманжоловтың туғанына
95 жылдығына арналған "Қыран қанатты ақын" атты
әдеби-музыкалық кеш |
|
"Туған жерім - Сарыарқа". Қарағанды
облысының 70- жылдығы (техника ғылымдарының докторы, проф. Н.А.
Дрижд, т.ғ.к., тарих факультетінің деканы Л.Қ.Шотбақова, проф.
З .Ғ. Сақтағанова, т.ғ.к.. Н.А. Бейсенбекова, проф. В.В.Козина,
т.ғ.к. Өскенбаев Қ.С., обл. мұрағатының аға мұрағатшысы Р.З.
Сайфулина) |
|