Жемісті жол : Жаднама / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: С.О.Телпекбаева, Г.П.Долженко.- Қарағанды: б.ж., 2010. - 8 б.
Сарырақа күйшілері: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші. / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: С.О.Телпекбаева.- Қарағанды: б.ж., 2010. - 28 б.: сурет. – (Облыстық кітапхана - өлкетану орталығы)
Қарағанды тарихындағы есімдер = Имена в истории города : Библиографиялық көрсеткіш / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: С.О.Телпекбаева, Г.П.Долженко.- Қарағанды: б.ж., 2009. - 122 б.
Мартбекпен мақтанамыз = Немеркнущая слава Героя : Жаднама / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: С.О.Телпекбаева, Г.П.Долженко.- Қарағанды: б.ж., 2008. 24 б. : сурет.
Тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалар = История трагических судеб : қарағандылық саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы : библиографиялық анықтамалық. - Қарағанды : [б. ж.], 2008. - 159 б.
"Қарағанды облысының шежіресі" компакт-дискісі "Қарағанды облысының мәдени мұралары" 2005-2008 жылдарға Аймақтық бағдарламасына енген Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК-ның "Құжаттық мұраларды сақтау, қайта өңдеу және цифрлау Орталығын құру" жобасы бойынша алынған техникасының көмегімен 2006 жылы ұйымдастырылып шықты.
Назарларыңызға ұсынылып отырған "Қарағанды облысының шежіресі" атты CD-ROM – Қарағанды облысының 70 жылдығына арналған. CD-ROM-да Орталық Қазақстан өңірінің табиғаты және табиғи қорлары, халқы, тарихы, экономикасы, білім беру ісі, ғылымы және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау ісі, дене тәрбиесі, спорт және туризм, қала құрылысы мен архитектурасы, мәдениеті, өнері мен әдебиеті жөнінде толық мәтіндері берілген. "Қарағанды облысының шежіресі" бөлімдерінде осы аймақта болып өткен тарихи оқиғалар мен қазақ мемлекеттігіне қатысты тарихи тұлғаларға, аудандар мен қалалардың тарихына, ғалымдарға, арыстарға, мемлекет қайраткерлеріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің танымал өкілдеріне жеке толық мәтіндер гиперсілтемелер арқылы көрсетілген және суреттермен безендірілген. Өлкенің тарихы мен табиғаты толық мәтіндер мен қоса аңыз-әңгімелер арқылы сипатталады. CD-ROM-да 200-ге жуық толық мәтіндер енгізілген, бұл мәтіндер 300-ге тарта суреттермен толықтырылған. Бұл CD-ROM көпшілік және мектеп кітапханаларына, мұғалімдерге, студенттерге, оқушыларға, өлкетанушыларға және Қарағанды өлкесін жетік зерттеп білгісі келетін оқырмандарға арналған.
"Менің сүйікті қалам - Қарағанды" CD-ROM
Туған өлке әркімнің өз үйінің табалдырығын аттап шыққанда табаны тиіп, қолымен ұстап, көзімен көріп жүрген жердің тарихы, географиясы, халқы, жеткен жетістіктері мен қиндылықтары болып табылады. Әрбір адам неғұрлым өзінің туған жерінің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен етене жақын жүріп, оларды зерттеп білуге құштар болса, олардың жан-дүниесі бай, көңіл-күйі сергек болады, әрі туған жердің, елдің қадір-қасиетін білген адам өзін оның перзенті санап, оған жауапкершілік сезіммен қарайды. Кеншілер астанасы – Қарағанды қаласы мәдениеті дамып, саяси өмірі қайнаған ірі өндіріс орталығы ретінде бүкіл әлемге танымал.
"Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі, Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі!" - деп халық даналығы айтқандай, шәкірттеріміз-жастарымыз әлем таныған қаламыздың көне тарихын, мәдениеті мен өнерін біліп өссе, күн санап қанат жайып, көркейіп келе жатқан әсем қаланың бүгінгісіне қуана білсе, келешегін ойымен барлай алса, "Менің Отаным", "Менің сүйікті қалам", "Менің Қарағандым", – деген асқақ ой, ыстық сезім жүректерінде ұяласа, нұр үстіне нұр болар еді.
Сондықтан ұсынылып отырған бағдарламада қаламыздың тарихы, архитектурасы, ғылымы, әдебиеті мен өнері, қаламызда орналасқан оқу орындары және тарихи тұлғалар туралы мағлұмат беріледі, сонымен бірге қаламызға арналып шығарылған әндер мен санаткерлік ойын ұсынылады. Әрбір бөлім патриоттық сезімге баулитын нақыл сөздермен аталып, жастардың бойында өзінің туған жеріне, атамекеніне сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейді. Бағдарлама оқушыларға, студенттерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мұғалімдерге, өлкетанушыларға, кітапханашыларға және өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған.
Сарыарқа батырлары: Библиогр.әдебиет. көрсет.-Қарағанды: Б.ж., 2006.-33 б.
Бұл көрсеткіштің негізгі мақсаты көпшілік оқырмандарды ел қорғаны болған халқымыздың бір тума перзенттері жоңғар, қалмақ шапқыншыларының жойқын жорықтары мен Қытай алпауыттарының көз алартуынан "Ақтабан шұбырынды, алакөл сұламаға" ұшыраған қазақ ұлтын жер бетінен құрып кетуден аман алып шыққан баһадүр батырлар туралы таныстыру. Жастарды патриоттық тәрбиелеуде, елін, жерін сүйіп өсуіне, ұлтжанды болуына оң әсер, ғибрат болатындығы сөзсіз.
Халық қасіретінің шежіресі:. Әдістемелік-библиографиялық материалдар. - Қарағанды: Б.ж., 2006.-45 б.
"Халық қасіретінің шежіресі" атты көрсеткіштің негізгі мақсаты болашақ ұрпақтың бүгінгі тәуелсіздігіміз үшін халқымыздың асыл ерлеріне яғни, Алаш азаматтары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Жақып Ақбаев, Әлихан Ермеков, Нығмет Нұрмақов, Абдолла Асылбеков тағыда көптеген қуғын-сүргінге іліккен жазықсыз жапа шеккендердің қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту.
Ұлы ақынды ұлықтап...: Жинақ .- Қарағанды: б.ж., 2006.-32 б.
"Ұлы ақынды ұлықтап..."-деп аталатын жинақта облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің бетінде жарияланған және әртүрлі жинақтарға енген қарағандылықтардың еңбектері топтастырылған. Яғни, бұл жинақтан, сіздер, Пушкин шығармаларының аудармаларын, ақынға арналған мақалалар мен өлең-жырларды оқи аласыздар.
2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасы әлемге танымал шығармаларды қазақ тілінде жарыққа шығаруды мақсат етсе, біздің жинағымыздың мақсаты да, егемендігін алып, өз алдына дербес ел болып, ана тілін аспанға көтерген елімізге Пушкин шығармаларын қазақ тілінде сөйлету, қазақ тіліндегі оқырманға жеткізу, осы мақсатта тер төгіп еңбек еткен қарағандылықтардың шығармашылығын елімізге таныту.
Бұл жинақ өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ, мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, колледж және жоғары оқу орны студенттеріне қосымша құрал ретінде пайдаланылуына негізделген.
Нұрадан ұшқан ақиық. Жаднама. - Қарағанды: Б.ж., 2006. – 36 б.
Академик Кәрім Мыңбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған жаднама.
Приозерскіге 50 жыл. Жаднама. - Қарағанды: Б.ж., 2006. - 16 б.
Туған халқының қайтпас қаһарманы Жаднама.-Қарағанды: б.ж., 2005. - 12 б.
Көрнекті қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына 110 жыл дық мерей тойына арналған жаднама.
Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысында: Әдістемелік-библиографиялық материалдар. - Қарағанды: Б.ж., 2005.-20 б.
Бұл көрсеткіште Ұлы Отан соғысындағы қарағандылық жауынгерлер, тылдағы еңбеккерлер, Кеңес Одағының Батырлары Н.Әбдіров, М.Мамыраев, Қ.Нұржанов, А.Дәулетбеков туралы материалдар жинақталған. Көрсеткіш соңында "Есімізде отты жылдар белестері" атты әдебиеттерге шолу, "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" викториналық сұрақтар ұсынылған.
Қарағанды қаласының құрметті азаматтары: Библиогр.әдебиет. көрсет.-Қарағанды: Б.ж., 2004.-36 б.
Қарағандыда құрметті азаматтардың әлеуметтік институты 1967 жылдан бастау алған. Еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің 1967 жылғы 12 қазандағы шешімімен "Қарағанды қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы ереже бекітілді. Бұл атақ ғылым, мәдениет, қала шаруашылығы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау саласында, қалаға сіңірген еңбегі үшін жұмысшыларға, инженер-техник қызметкерлерге, зейнеткерлерге, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін өндіріс озаттарына, сондай-ақ облыс аймағына қонған ғарышкерлерге беріледі. Осы басылымға Қарағандының құрметті азаматтары Назарбаев Н.Ә, Мамыраев М.М., Үрістемов Ж., Мұстафин Ғ., Шашкина Ж.Н., Әубәкіров Т.О., Бектұров Ж.К., Сағынов Ә.С, Досмағамбетов С.Қ., Рахымбеков М.Р., Ақылбаев Ж.С., Шаймұқанов Д.А., Аханов Т.А., Имашев М.И., Аманбаев Қ.Ә., Презент Г.М., Мұхамеджанов К.Е., Құлқыбаев Ғ.А. туралы материалдар енгізілген.
Көрсеткішке енгізілген барлық есімдер Құрметті азамат атағын беру жылдарына сәйкес тікелей хронология бойынша орналасқан.
Өлке экологиясы: Библиогр. әдебиет. көрсет.-Қарағанды: Б.ж., 2004.-28 б.
Бұл көрсеткіш облыстағы экология және табиғат қорғау мәселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш,Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары. Көрсеткіштің басты мақсаты қалың оқырмандар мен оқушылардың өз өлкесінің әсем табиғатын, қоршаған айналасын қорғауға шақыру, облыс жұртшылығына экологиялық білім мен тәрбие беру және әдебиеттермен таныстыру.
Сарыарқаның өткен тарихы:. Әдістемелік-библиографиялық материалдар. - Қарағанды: Б.ж., 2002.-25 б.
Көрсеткіштің маңыздылығы мектеп оқушылары мен қалың көпшіліктің туған жер туралы білім дәрежесін арттыруға, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтуге де қажет.
Көрсеткіштің мақсаты – жастарды өлкенің өткен, яғни Қазан революциясына дейінгі тарихымен және олар туралы әдебиеттерімен таныстыру.
Көрсеткіш мұғалімдерге, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге, оқушыларға, өлкетанушыларға және өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған.
Өлкенің жер-су аттары: Библиогр.әдебиет. көрсет.-Қарағанды: Б.ж., 2001.-83 б.
"Өлкенің жер-су аттары" атты библиографиялық көрсеткіште Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарының, қалалардың топонимдері (жер-су аттары) туралы мәліметтер енгізілген.
Әдеби Қарағанды: Библиогр.әдебиет. көрсет.-Қарағанды: Б.ж., 2000.-88 б.
"Әдеби Қарағанды" атты библиографиялық көрсеткіште советтік кезеңнен басталып қамтылған, өмірі мен шығармашылығы Қарағандымен байланысты сөз шеберлері туралы мағұлматтар жинақталған. Бұл көрсеткіштің мақсаты – көпшілік оқырмандарды Қарағанды жазушылары мен ақындары, сонымен бірге олар туралы әдебиеттермен таныстыру. Көрсеткіш мұғалімдерге, студенттерге, өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне және Қарағанды жазушылары мен акындардың өмірі мен шығармашылығын білгісі келетін оқырмандарға арналған.
Өлке фольклоры. Библиогр.әдебиет. көрсет.-Қарағанды: Б.ж., 2000.-40 б.
Көрсеткіштің мақсаты: - оқырмандарды өлкенің аңыз-әңгімелері және ақындарымен, сонымен бірге олар туралы әдебиеттермен таныстыру.
Кейбір топонимдерді (жер-су аттарын) түсіндіру мақсатында халық арасында әңгімеленіп жүретін аңыз-әңгімелер келтірілген.
Көрсеткіштің мақсаты – оқырмандарды өлкенің топонимдерімен (жер-су атауларымен) және олар туралы әдебиеттерімен таныстыру.
Аталған көрсеткіштерді кітапхананың өлкетану бөлімінен алуға болады.