ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Тарих және қазіргі кезең

Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК (Ерубаева көшесі, 44 үй) қалалық кітапхана базасында 1934 жылы құрылған, 1938 жылы облыстық статусқа ие болған. Алғашқы жылы кітапхана 2000 оқырманға қызмет көрсетіп, оларға 30 мың дана әдебиеттер берген. Кітапхана қоры 20 мың дана әдебиетті құраған.

1947 жылы кітапхананы Ленин көшесі № 1 үйдің бірінші қабатындағы жаңа ғимаратқа көшірді. 1952 жылы кітапхананың қоры 60 мың данаға жетті. Ғылыми әдебиеттермен толықтырылды. Бұл жылдары кітапхана оқырмандарының қатарында белгілі ғалымдар мен жазушылар болды және олар кітапханада өткізілген әрбір іс-шараларға үзбей қатысып жүрді. Олар: Ж.Бектұров, Д.А.Шаймұханов, А.Н.Тен, Я.Е.Ламм, Е.Ибрагим және т.б. Біздің кітапханада белгілі ірі оқымысты А.Л.Чижевский болған.

60-жылдардың ортасында кітапхана қоры 400 мың данаға жетті, осыған байланысты кітапханаға жаңа ғимарат қажеттілігі туындады. 1969 жылы жергілікті басшылардың қамқорлықтары нәтижесінде кітапхана Киров көшесі №44 үйге (қазіргі Ерубаев) көшірілді. Бұл жаңалық Қазақстандағы облыстық кітапханалар жұмысына байланысты жаңа ережелердің қабылдануымен, және кітапхана облыстық ғылыми-әмбебап санатына жатқызылуымен тұспа-тұс келді.

Қазіргі Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК қоғамның мәдени-әлеуметтік дамуында ерекше орын алады. Ол облыстағы біліми, мәдени және ақпараттық орталық. Жыл сайын 23 мың оқырманға кітапханада 15 бөлім мен сектор қызмет көрсетеді. Кітапханада білімнің барлық саласын қамтитын 400 мыңнан астам басылымдар бар, оның 41, мыңы қазақ тілінде, 15.0 мыңы шет тілдерінде.

Кітапханада сирек және құнды кітаптар қоры топтастырылған. Ерекше құнды басылымдар: "Азиатская Россия" (М,1914), "Введение в географию" (1970), Д.Мильтон "Потерянный и возвращенный рай", Г.Доренің суреттері мен (с.пб 1895). "Народное хозяйство Казахстана" - 1928 жылдан бастап, "Большевик Казахстана" - 1933 жылдан, "Социалистическая Караганда" газеттерінің 1939 жылдан тігінділері сақталған.

Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсетудің дәстүрлі түрлерін сақтай отырып жаңа ақпараттық технологияны пайдаланады: Интернет ресурстары, электронды каталогтар, виртуаль анықтамалық қызметі, құжаттарды электронды жеткізу, "Параграф", "Заң" электронды Деректер Базасы. Кітапханада өзінің электронды Деректер Базасы құрылған, оның ішінде толық мәтінді "Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер" Деректер Базасы. Кітапхана 2005 жылдан бастап "Сарыарқа" электронды кітапханасын құруды бастады. Оған кітапхана сайты арқылы кез келген Интернетті пайдаланушы қол жеткізе алады. "Мәдени мұра" - 2009-2011 аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапхана құжаттық мұраларды цифрлау және сақтау Лабораториясын ашты. Қазір 6500 ден астам құжат цифрланды. Қарағанды облысының 70 жылдығына байланысты жаңа жоба – "Қарағанды облысының шежіресі" СD құрылды.

Мультимедиалық ресурстар топтамалары 1000 жуық дананы құрайды. Олардың құрамында тарих туралы компьютерлік оқулықтар, экология туралы, қазақстанның заңтану, энциклопедиялар, мультимедиалық музыкалық дискілер т.б. Кітапханада 74 компьютер жергілікті желіге біріктірілген, Интернетке ADSL технологиясы бойынша 512 кбит/сек жылдамдығымен шығады, 6 жұмыс орындық Интернет-класс жұмыс істейді.

1997 жылдан бастап кітапхананың электронды ресурстары мен виртуаль қызметі Интернет желісінде сайтта және үнемі жетілдіріліп тұрады.

2008 ж. Бастап кітапхана мемлекеттік электронды кітапхана қоры – Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана (ЭГБФ – КазНЭБ) жобасына қатысады. "Сарыарқа" цифрлы топтамасы Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасының құрамдас бөлігіне айналды. Бүгінгі күнге 38 толық мәтінді Қарағанды туралы сирек кездесетін өлкетану материалдары берілді.

Кітапханада қазақ тілін үйренушілер үшін Ресурс Орталығы, Оқу орталығы, "Жыр Жауһар" поэзия клубы, "Әдеби қонақжай", кітапқұмарлар клубы, басқа да бірлестіктер жұмыс істейді.

"Қазақстан – 2030" стратегиясы және білімді дамытудың 2011-2020 мемлекеттік Бағдарламасының талабына сай кітапхана ЖОО, колледждер, мектеп мұғалімдеріне, студенттер мен оқушыларға көмек ретінде біліми бағдарламалар даярлап, жыл сайын 25-тен астам семинарлар мен тренингтер өткізді, ақпараттық семинарлар ұйымдастырды.

Кітапхана әртүрлі корпоративті жобаларға қатысады: ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы корпоративті каталогтардың Қазақстандық орталығы (ККҚО), Қазақстан кітапханаларының Ақпараттық консорциумі. 2006 жылдан кітапхана ЮНЕСКО аясында көпшілікке арналған құқықтық ақпарат орталығын құру туралы Жалпы Ресейлік Бағдарламаға қатысу сертификатына ие.

Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК облыстағы мемлекеттік кітапханалар үшін үйлестіру орталығы. Облыстағы 18 орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне әдіскерлік басшылық жасайды. Стратегиялық бағыттардың бірі облыс кітапханаларының жұмысына жаңа ақпараттық технология енгізу. Жаңа жобалар мен бағдарламаларды жасап жүзеге асыру, оның ішінде "Ауылдық модельді кітапхана" жобасы нәтижесінде 87 модельді кітапхана ашылды. Кітапхана ұжымы бірнеше ірі-ірі жобалардың бастаушысы болды: "Шығармашылық идеялар жәрмеңкесі", "Ауыл кітапханашыларының форумы", "Ауыл энциклопедиясы", "Оқуды қолдау конгрессі", "Жазғы Интернет-университет", "Астанаға кітапханалық салют" республикалық фестивальі және т.б.

Жыл сайын 20 әдістемелік - библиографиялық құрал шығарылады, облыстық семинарлар өткізіліп, кәсіби шеберлік мектебі, кітапханашылардың білімін жетілдіру облыстық курсы жұмыс жасайды.

Кәсіби байланыс жетілдірілуде. Кітапхана қызметкерлері "Қазақстанның кітапханалар астанасы" республикалық барлық конференцияларына, халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысты. ИФЛА-ның Бас конференциясы (Пекин, 1996 ж), (Берлин, 2003), (Сеул, 2006), Милан (2009) Халықаралық Қырым конференциясы (1998, 2005, 2006, 2008, 2010), Халықаралық конференция "LIBCOM-2005" халықаралық семинар – "Электронды кітапханалар" (Турция 2004, Тунис, 2007) Халықаралық Ыстық көл конференциясы (2003, 2007), мәдени бағдарламалар аясында АҚШ (2000, 2006), Германия (2003, 2004( Франция (2003, 2004, 2005) елдерінің ірі кітапханаларында болды.

2009 жылы кітапхана өзінің 75 жылдық мерейтойын өткізді. Кітапхана ұжымына Қарағанды облысы әкімінің Құрмет Грамотасы тапсырылды. Кітапхананың 9 қызметкері "Кітапхана ісінің үздігі" дипломымен және ҚР Мәдениет Министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды, 23 қызметкер Мәдениет Басқармасының Құрмет Грамотасына ие болды.

2010 жыл кітапхана өміріндегі елеулі жыл болды. Кітапханаға 39 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді, жұмыс "Жол картасы" бағдарламасы негізінде жүргізілді. Көп жылдардан бері алғаш рет жертөле мен сатылар жөндеуден өтті. Әсіресе кітапхананың сыртқы көрінісі тартымды болды. Қасбеті керамограниттер мен ауыстырылды. Кітапхана ауласы алғаш рет көркейтіліп, төсем тас жайылып, асфальт төселді.

АҚШ Елшілігімен ынтымақтастық нәтижесінде "Кітапхана – е- үкіметі ресурстарына қол жеткізу нүктесі" және "Бірлесіп жұмыс жасауға Инновациялық қадам" жобаларына гранттар бөлінді. Грант бойынша 8 компьютер және оргтехникалар алынды, сонымен қатар Интернетке WiMax технологиясы негізінде WiFi нүктесінен бағыттаушысыз кең жолақты қатынау технологиясы енгізілді.

Қарағанды облысындағы кітапхана істерін дамытудағы сіңірген еңбегі үшін кітапхана директоры Ж.К.Шаймұханбетова "Ерен еңбегі үшін" (2006) медалімен және ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің "Мәдениет қайраткері" (2000) төс белгісімен марапатталды. 2010 ж. 13-шілдеде Шаймұханбетова Жанна Кәкібайқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Бас директоры болып тағайындалды.

19 тамыз 2010 жылы Қарағанды облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Р.К.Омарбекова Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхана ұжымына оның жаңа директоры Дина Базарбайқызы Аманжолованы таныстырды.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100