ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Өлкетану ресурстары

  • Қор және топтамалар

Өлкетану қоры білімнің барлық саласынан турады. (01.01.11. 2 554 дана) газет қиындыларының тақырыптық папкалары; облыстық және аудандық газеттер, өндіріс мекемелерінің көптиражды басылымдары (45 түрлі), авторефераттар, карталар мен буклеттер, жол көрсеткіштер, құнды басылымдардың ксерокөшірмелері.

Автордың қолтаңбасы бар кітаптар топтамасы (230 дана)

Қазақ жазушылары: Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Ф.Оңғарсынова, С.Қирабаев, жергілікті ақын-жазушылар кітаптары – М.Зуев-Ордынцев, Ю.Попов, Ж.Бектұров, М.Балыкин, Д.Шаймұқанов, А.Сейдімбек, С.Ақсұңқарұлы, Ж.Қашқынов, Л.Лунина, В.Могильницкий т.б. Ресей ақындары мен жазушыларының кітаптары: В.Кузнецов, Б.Климычева, С.Ласкина, М.Колосова; қырғыз жазушысы К.Бабулов, А. Бақтыгериева, Д. Мұқашев, А. Жанғожин, М. Азбанбаев, С. Ләмбеков, М. Жолдасбеков, А. Әлтаев, М. Омарбеков, С. Досмағамбетов, Ө.Кәріпұлы, Қ. Жойқынбектегі, С. Бексейіт, В.И. Литвинов және тағы басқалар.

  • Каталогтар мен картотекалар

"Өлкетану" электрондық деректер базасы (2000 ж. қаңтар айынан) 2011 ж. 1-қаңтарына 44 776 жазба (қазақ және орыс тілдерінде) .

Өлкетану картотекасы карточка түрінде "Қарағанды облысы" (1958-1999 жж.) кітаптар мен газет-журналдардағы аймақ туралы мақалалардың 54 мың библиографиялық жазбасынан тұрады.

"Қарағанды облысы бойынша атап өтілетін естелік күндер" картотекасы ХVIII ғасырдан басталған аймақтағы негізгі оқиғалар уақытын көрсетеді.

  • Құжаттарды сақтау және цифрлеу

Сирек кездесетін кітаптар мен ежелгі жәдігерлерді сақтау мақсатында кітаптар мен мерзімді басылымдарды қалпына келтіруді және өлкетану жөніндегі құжаттар қорын сақтау жұмыстары өз мәнінінде атқарылып жатыр.
“Мұра құжаттарын консервациялау, жөндеу және цифрлеу Орталығын ұйымдастыру” жобасын (проектісі) енгізу жұмысы 2005 жылдан басталды. Оның мақсаты: біріншіден сақтау және кітапхана оқырмандарын аса құнды мәнді өлкетану басылымдарымен қамтамасыз ету болса, міндеті “Сарыарқа” электрондық кітапханасын құру және соның негізінде өлкетану қорын сақтандыруды ұйымдастыру. Өлкетану құжаттарын цифрлеу үшін толық көлемді техникалық базамен дайындалды. Сол жобаның көлемінде “Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер” толық мәтінді ДБ құрылуы жалғастырылып жатыр. Бұнда мерзімді басылымдардан өлкетану құжаттары цифрленген өйткені олар өлкетану ақпараттарының негізі болып табылады. ДБ-лар тағы интернеттен алынған толық мәтінді құжаттармен толықтырылады. Қашықтан алынған толық мәтінді библиографиялық жазбалар өлкетану электронды каталогына байланыстырылады.
Жалғыз данадан, жиі сұранысқа түсетін кітаптар электрондық кітапхананың негізін құрайды Бүгінгі күнде жаңа технология бөлімі 6 503 ден астам құжаттар Word, html, PDF) форматында цифрленді.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100