2010 ж. кітапхана жұмысындағы негізгі мақсаттар мен бағыттар:
Есепті жылда кітапхана ғимаратына "Жол картасы" бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Жөндеу жұмысына қарамастан кітапхана ұжымы жұмыс барысында бірнеше бағытта оңтайлы жұмыстарды жүзеге асырды. Кітап қорын толықтыруда мемлекеттік тілдегі жаңа әдебиеттер түсімі 45 % артты, жеке авторлармен мекемелерден сыйлық ретінде түскен әдебиеттер сапасы артты. Электронды каталог құру кітапхананың электронды каталогтарындағы библиографиялық жазба саны 10,1 % өсті, 1.01.2011 жылға ЭК-ғы жазбалар саны 255 508 БЖ құрайды, Деректер Базасы – "Электронды ресурстар" жаңа ақпараттық ресурсі құрылды. Кітапханалық және ақпараттық қызметті жетілдіру – мәдени – демалу, ақпараттық және біліми іс-шаралардың сапасы артып саны көбейді, барлығы жыл ішінде 100-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде 48 біліми бағытта. Есепті жыл ішіндегі үлкен уақиға АҚШ Елшілігінің "е-үкімет ресурсіне қолжеткізу нүктесі – кітапхана", "Америкалық бұрышты техникалық қамтамасыз ету" және "Сымсыз Интернет – пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндік" жобаларын дамытуға грант бөлуі болды. Осындай бағыттарда сервистік қызмет көрсетуді және ақпараттық мүмкіндіктер кеңістігін кеңейту. Кітапхананың негізгі мақсаты – бар мүмкіндікті пайдаланып кітапханалық ресурстарға қол жеткізу және кітапхананың құжаттық қорын болашақ ұрпақ үшін сақтау жолында сервистік қызмет кеңістігін кеңейтіп, ақпараттық мүмкіндікті кеңінен пайдалану. 2011 жылға міндет:
|
Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК