ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Жазушы Өмір Кәріпұлы 70 жаста

Өмір Кәріпұлы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Құмдауыт ауылында 1940 жылы 5 мамырда дүниеге келген. ҚарПИ-дің филология факультетін бітірген. Ауыл мектептерінде жиырма жыл ұстаздық қызмет атқарған. 1980 жылдан бері Ақадырда тұрады. Аудандық "Ақадыр таңы" газетінде журналистік мектептен өтті. Аудандық "Қазақ тілі" қоғамын басқарған. 1997-2003 ж.ж. аудандық "Заман" газетінде қызмет атқарады.

Проза жанрында "Сарыбел сазы" (1977), "Атасының баласы" (1980), "Есік тоған" (1985), "Бұрқақ" (1991), "Тайталас" (2001), "Серілер мен перілер" (2003) кітаптарын ұсынды.

Ө.Кәріпұлы айрықша ұлтжанды азамат, туған халқының дәстүр-салты мен тілінің, дінінің жоқшысы. Тәуелсіздіктің орнығуына, елдігіміздің еңсе көтеруіне талант қарымымен де, жүрек жылуымен де қал-қадірінше үлес қосуда.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100