"Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы" атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткішін Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми–әмбебап кітапханасы 1971 жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарады.
Бұл көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі.
Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген және де "Анықтамасыз және әдебиеттер тізімісіз қосымша даталар" тізімі бар. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.
Материалдарды жинақтауда Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың каталогы, өлкетану картотекасы мен электрондық өлкетану каталогы пайдаланылды.
Әдебиеттер тізімін кейінгі кітаптармен және мерзімді басылымдар материалдарымен толықтырып отыру қажет.
Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде жасалған, кітапханашыларға, оқырмандарға, барша өлкетану әдебиеттерін насихаттаушыларға арналған.
Аталып өтілетін даталар
27 қаңтар 1939 |
Жазушы К.Жүністегінің туғанына 70 жыл |
10 ақпан 1934 |
Қарағанды тау-кен жұмысшылар поселкесінің қала дәрежесін алуына 75 жыл |
13 ақпан 1949 |
Журналист, жазушы С.Жанысбайдың туғанына 60 жыл |
8 наурыз 1869 |
Этнограф, музыка зерттеушісі, фольклорист, композитор А.В.Затаевичтің туғанына 140 жыл |
12 сәуір1899 |
Ғалым-геолог, қоғам қайраткері, геолого-минералогия ғылымының докторы, СССР ҒА академигі, Қазақ ССР ҒА ұйымдастырушы және тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 110 жыл |
10 мамыр 1904 |
Тарихшы-археолог, Қазақстан ҒА-нің академигі Ә.Марғұланның туғанына 105 жыл |
28 маусым 1924 |
Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Тиышбек Ахановтың туғанына 85 жыл |
Маусым 1824 |
Қарқаралы қаласының іргесі қаланғанына 185 жыл |
28 тамыз 1904 |
Әнші Ж.Елебековтың туғанына 105 жыл, Ж.Елебеков атындағы әншілер байқауының ашылғанына 15 жыл |
2 қазан 1914 |
Қазақстанның халық әртісі Ж.Н. Шашкинаның туғанына 90 жыл |
15 қазан 1894 |
Жазушы С.Сейфуллиннің туғанына 115 жыл |
18 қазан 1939 |
Ұлытау ауданының құрылғанына 70 жыл |
4 қараша 1924 |
Ақын Б.Ысқақовтың туғанына 85 жыл |
25 қараша 1949 |
Ақын, журналист Ж.Башардың туғанына 60 жыл |
18 желтоқсан 1944 |
Мемлекет қайраткері Әбдікәрімов Оралбайдың туғанына 65 жыл |
20 желтоқсан 1954 |
Үлкен Жезқазған жұмысшылар поселкесі Жезқазған қаласы болып құрылғанына 55 жыл |
20 желтоқсан 1954 |
Саран қаласының құрылғанына 55 жыл |
Желтоқсан 1964 |
Қазақстанның суретшілер Одағының Қарағанды бөлімшесінің құрылғанына 45 жыл |
1824 |
Аппақ Байжановтың туғанына 185 жыл және А.Байжанов ескерткішіне 10жыл 1999ж. 29.08. |
1834 |
Қазақтың айтыс ақыны Кемпірбай Бөгембайұлының туғанына 175 жыл |
1879 |
Ақын Тайжан Қалмағамбетұлының туғанына 130 жыл |
1899 |
Қазақ жазушысы, публицист, аудармашы Ж.Сарсековтың туғанына 115 жыл |
1914 |
Жазушы С.Ерубаевтың туғанына 90 жыл |
1919 |
Кеңес Одағының Батыры Н.Әбдіровтың туғанына 90 жыл |
1929 |
Жаңаарқа ауданының құрылғанына 80 жыл |
1934 |
Қарағанды Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК құрылғанына 75 жыл |
1949 |
Актер Рамазан Баймағанбетовтің туғанына 60 жыл |
Жазушы Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген К.Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған.
1960 жылы Қарағанды Педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас К.Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді.
1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, "ЕСЕП" (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған.
Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген. Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 ж. аудандық "Заман" газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Құба белдер" кітаптарының, "Тар заман" спектакілінің авторы.
Әуесқой композитор ретінде танымал "Арқа самалы", "Аяулым", "Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш", маршы әндерін шығарған.
Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады. Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен.
Осы өңірде кезінде әділдігімен аты шығып, өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды.
Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан. Осы өңірде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі.
К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы "Зұлмат жылдары", "Кенесары жұртында", "Тасқа тұнған құпия", "Дойыбы тас", "Қыздарбек күйші", "Шортанбай жырау", "Жәкен ақын" бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді.
К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру.
К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.
Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады.
Қарағанды қаласының бедерлі аумағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына енеді және Кенгіз-Балқаш су бөлу кеңістігі шегінде болып табылады. Жалпы алғанда, телім бедері ұсақ шоқылармен күрделенген толқынды жазықтық болып келеді. Солтүстігінде төмен ұсақ шоқылар кездеседі. Қалған аумақ жазық бедер ретінде сипатталады.Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровка су қоймасы, Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлмен және төрт Көгілдір көлдермен берілген.
Қала климаты ыстық құрғақ жаз және қатал ұзақ қыспен сипатталады.
1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды.
Қарағанды қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 222 км.
Қала аумағы 543,28 шаршы метрді құрайды.
2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 446,2 мың адамды құрады.
Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 241,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 204,5 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы.
Еуразия тарихында Қарағанды деп аталатын жер осыдан 170 жыл бұрын, 1833 жылы малшы Аппақ Байжановтың Сары Арқа даласында ең бірінші тас көмір кесегін тапқанынан басталады. Бұл Нұра өзенінің оңтүстігіне қарай Қарағанды шатқалында болған оқиға.
Қарағанды көмір кен орынын тұңғыш тапқан адам өзінің ұлы жаңалық ашқанын сезбеген. Аппақ Байжановтың жаңалығы ол кезде бұл аймақтың дамуына ешқандай әсер етпеген.
Тек 23 жылдан кейін ғана, 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н.Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады.
1856 жылы "Қара Забой" атты Иванов ашық кен қабаттары пайдалануға тапсырылды. Бұл жерде 116,3 пұт көмір өндірілген. Осы жыл Қарағанды көмір кен орынын пай-далануды бастаған жыл болып есептеледі.
1904 жылы Франция президентінің ұлы Клод - Эрнест Жан Карно, өзінің Екінші Николай патшамен қарым - қатынасын пайдаланып, бұл ерекше кен орынын 766 мың рубльге сатып алған. Қарағанды көмір кен орыны бірнеше рет қолдан-қолға ауысқан. 1907 жылы ол ағылшындардың меншігіне ауысты. Ағылшындық кезең 1920 жылға дейін созылды және Қарағанды көмірінің өндірілуі іс жүзінде сол кезден басталды. 1908 жылы алғашқы өндіріс заводтары мен отын базасының арасын қосқан бірінші тар табанды, ұзындығы 40 шақырым "Қарағанды-Спасск" темір жолы салынды.
Азамат соғысы жылдарында Қарағандыда көмір өндіру тоқтатылып, 1929 жылға дейін шахталар мен көмір кеніштері жабылған.
Тек 1931 жылдың 15 тамызында БКП ОК (б) "Көмір мен кокс қорын көбейту туралы", ал 18 қарашада "Қарағанды көмір бассейнін құру туралы" қаулы қабылдады. Сол жылдары профессор А.А. Гапеев басқарған, кейіннен үнемі үзіліссіз жұмыс істейтін атақты Гапеев экспедициясы болып атанған геология-зерттеу экспедициясы Қарағанды кен орынының көмір қоры туралы ғылыми негізделген ең бірінші еңбегін шығарды. Бұл экспедиция кен орынының аумағы 300 шаршы километр, көмір қоры 4 мил-лиард тонна екендігін анықтаған. Сол кездерде Қарағанды тез дами бастады. 1930 жылдың қөктемінде жүмысшылар поселкесінде 15 мыңға жуық адам тұрған, ал бір ғана 1931 жылы белгілі қаулы шыққаннан кейін қала тұғындарының саны 70 мыңға жеткен.
1931 жылдың соңында ҚазОАК қаулысы бойынша Қарағандыға қала мәртебесі берілді. Бірақ ҚазОАК-нің қаулысы БКП ОК (б) үш жылдан кейін ғана бекітілді.
Тарихи шешім 1934 жылдың ақпан айында қабылданып, сол күн Қазақстандағы жаңа қаланың туған күні болып есептеледі.
Бұл кезде Қарағанды тұрғындарының саны 100 мыңнан асты. Қарағанды және Қарағанды көмір бассейні Бүкілодақтық құрылыс деп жарияланды.
Қарағанды көптеген ұлттар мен халықтардың дарыны мен ақылының, мінез-құлқының арқасында құрылған.Қала тез өсе бастады. Қарағанды 1940 жылы 165 мың халқы бар ірі өндіріс және мәдениет орталығы болды, ал Қарағанды көмір бассейні Ұлы совет державасының үшінші көмір ошағына айналды.
ГУЛАГ-қа қатысты жылдар Қарағанды тарихының беттерінен ерекше орын алады. 30 жылдары бұл жерде екі Франция мемлекеті сиятын үлкен КарЛАГ архипелагы құрылған. Сол кезеңде бұл жерде 65 мың жер аударылғандар мен ҚарЛаг тұтқындары тұрған. Кейбір мәліметтерде ҚарЛАГ-та миллионнан астам тұтқын болған дейді. Олардың көбі көмір өнеркәсібінде еңбек еткен.
1934 жылы бассейн шахталарында 104 мыңға жуық адам еңбек еткен, олардың 5525 арнайы жер аударылғандар.30-шы жылдардың екінші жартысында Қарағанды облысына тұтас халықтарды жер аударғандықтан, Қарағандының ерекше менталитеті қалыптаса бастаған. Алғашқы эшелондармен Қиыр Шығыстан жер аударылған корейлер келді. Кейінірек Балтық жағалауынан, Батыс Украина мен Белоруссиядан жер аударылғандар келді. Соғыс жылдары Қарағандыға неміс, қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, грек, қырым татарлары жер аударылған... Қарағанды жері бұлардың бәрін де қабылдады.
Барлық халықтар бұл жерде тыныштық пен бейбіт өмір тапты. Қонақжай да қайырымды қазақ халқы оларға жан жылуын ұсынды. Бәріне де жұмыс, жер және мейірім де табылды. Есесіне жер аударылған халықтар ризашылығын білдіре отырып, қазақ және орыстармен қатар бассейн шах-таларында, құрылысында және екінші туған жері болған қаланы көркейту жұмыстарында күні-түні еңбек етті. Соғыс жылдары шахталар үзбей көмір өндіріп отырды. Көмір бассейнінде соғыс кезінде 45 миллион тонна көмір өндірілген.
Бұл көмір бассейінінде соғыс жылдарына дейінгі кезеңде өндірілген көмірден бір жарым есе көп. Тек соғыс жылдарынан қаланың өндіріс потенциалы көтерілді. кейінгі уақытта, елуінші жылдардың басында Қарағанды басшылары уақыт пен қаржы тауып, құрылыс көтеріп, қаланы көркейту жұмыстарын жүргізді. 1958 жылы қалада 24 аурухана, 5 перзентхана, 11 емхана, 82 күндізгі мектеп пен 30 кешкі мектеп, 4 жоғары оқу орыны және көмір саласын зерттейтін 7 ғылыми мекеме ашылған. Әлеуметтік мәртебесімен бірге қаланың өндіріс потенциалы көтерілді
80-жылдары Қарағанды көмір өндіріс бірлестігінің құрамында 66 кәсіпорын, оның ішінде 22 шахта, 2 қуатты ашық кен орыны, 8 байыту фабрикасы болып, онда 80 мыңнан астам адам еңбек еткен. 1978 жылы Қарағанды көмірінің миллиардтық тоннасы шығарылған .
"Қарағандыкөмір" ӨБ "Октябрь революциясы" орденімен марапатталып, 22 кенші Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Сол жылдары Қарағанды өсіп-өркендеп, қалада тұрғын үйлер құрылысы белсене жүргізілді.
1970-80 жылдары 2 млн. шаршы метр үй салынды.
Сонымен бірге жаңа мектеп, аурухана, балабақшалар салынды. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы көтеріле бастады.
1957 жылы Қарағандының тұрғын үй қоры 1400 мың шаршы метр болса, ал 1985 жылы 6,7 млн. шаршы метрден асты.
1984 жылы қала өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. 50 жылдық мерейтойына орай Қарағанды СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Өзінің 70 жылдық мерейтойын Қарағанды 427 мың тұрғыны бар ірі өндірісті, ғылыми және мәдени орталық ретінде қарсы алады.
Көмір әдеттегідей қаланың дәстүрлі өндіріс тауары болып есептеледі.
2000 жылдан бастап облысымызда 35 жаңа кәсіпорын ашылды. Шикізат бағытынан қала сервисті -технологиялық экономикаға сенімді беталған.
Мерейтой жылы ішінде ғана 4 жаңа импорталмастыру және экспертті бағытталған өнімдер шығару кәсіпорыны ашылды. Импорталмастыру Қарағанды экономикасының негізгі бағыты болды. Бүгін Қарағанды бұл көрсеткіш бойынша республикада басты орын алады. Отандық инвесторларға жасалған тұрақты жұмыс жағдайы шетелдік инвесторларғада тең жасалады. Өзінің тұрақты нарықтық тұрмысымен Қарағанды ірі сауда орталығына айналды. Бірақ тауардың экспорттық құрылымында әдеттегідей кен және металлургия өнеркәсібінің өнімдері басым.
Экономика жанданып, кіші және ірі бизнес нығаюда. Көшелер көріктеніп, көптеген көркейту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы жылдары Қарағандыны жаңа объектілер әрлендіруде, олардың көбісі бірегей туындылар.
Атап өтсек, бұл "Мектеп - балабақша" оқыту комплексі, Халықаралық "Созвездие" бильярд орталығы, ҚР 10 жылдығына арналған Этнопарк, Ж.Ақбаев атындағы және "Юность" алаңдары, "Аквапарк", "Қазақмыс" спорт кешені, "Каскад" кешені, Қаржы супермаркеті, "Абзал" сауда үйі. Мешіт пен шіркеу салынды. Вокзал, "Шахтер" стадионы қайта өңделіп, жаңадан Орталық Әскери округтің штабы салынды. Кәсіпкерлер аяғына нық тұрып, кіші және орта бизнес кәсіпорындары ашыла бастады.
Қала өсіп, өркендеп келеді. Жақын арадағы жоспар бойынша - жаңа құрылыс, бірегей объектілер бой көтермек.1999 жылғы бірінші ұлттық халық санағының мәліметтері бойынша еркектер 46,1%, әйелдер 53,9% құрайды. Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.
Қарағанды қаласының экономикасы мамандандырылған өндірістік, өңдеуші, тау-кен өндіруші салалары, өнеркәсіп және электр энергиясын тарату салаларына ие.
Жетекші өндірістік кәсіпорындар - "Қарағанды-Жылу" ЖШС, "Қарағанды-Жарық" ЖШС, "Қарағанды маргарин зауыты" ААҚ, "Қарағанды-Нан" Корпорациясы" ЖШС, "Эфес-Қарағанды сыра қайнату зауыты" ЖК ЖАҚ, "Қарағанды кәмпиттері" ААҚ, "Қарағанды-Су" ЖШС, "Имсталькон" ААҚ филиалының металлоконструкциялар зауыты.
Қалада 9498 шаруашылық субьектілері тіркелген, оның ішінде қолданыстағысы – 6870.
Кәсіпкерлік саласына 85,2 мың адам қамтылған.
2005 жылға арналған өндірістік өнім көлемі 64,1 млрд. теңгені құрайды.
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен "Қарағанды-Нан" Корпорациясы" ЖШС, "Қарағандының астық қоры" ЖАҚ, "Ақнар" ЖШС, "Мәди" ЖШС, "Номад" ЖШС, "Бериев" КШ айналысады.
Қаланың тұрғын үй қоры 29376 үйді құрайды, оның ішінде 26882 жеке сектор үйлері, және 303 ПИК қызмет көрсететін 2494 көп қабатты тұрғын үйлер.
2005 жылы 95,2 мың шаршы метр пайдалануға енгізілген, 2006 жылы 102,5 мың шаршы метр пайдалануға енгізілу жоспарланып отыр.
Қаланы жылумен қамтамасыз ету жалпы белгіленген қуаты 472 МВт ЖЭО-1 және ЖЭО-3 арқылы іске асырылады.
Су құбыры торабының ұзындығы 1028 км, канализация жүйелері – 634 км, сыртқы газ құбыры – 150,5 км құрайды.
Қалалық телефон желісі 120125 нөмірге қызмет көрсетеді.
Қаланың темір жол тораптарының ұзындығы 52,1 км, асфальтбетон жабынды автомобиль жолдары – 350 км.
Қалада сағатына 1200 адамды жіберу қабілеті бар "Б" класты әуежай бар.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды қаласында 33 мектепке дейінгі, 80 жалпы білім беретін, 8 мектептен тыс, 18 мемлекеттік емес білім беру ұйымдары, 15 жоғары оқу орындары, колледждер, 38 мәдениет нысандары, 675 спорт ғимараттары, 25 денсаулық сақтау нысандары бар.
Теле және радио хабарларын тарату он екі электрондық БАҚ, соның ішінде тоғыз телеарна және үш радиостанция арқылы жүргізіледі.
Қалада 90 баспа басылымдары шығарылады.
Қала аумағында 50-ге тарта тарихи және мәдени ескерткіштер бар: Кеншілердің Мәдениет сарайы, Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайы, К. Станиславский және С.Сейфуллин атындағы драма театрлары, "Чайка" қонақүйі, Цирк ғимараты, "Шахтер" стадионы, Н. Әбдіров, Бұқар жырау, Ғ. Мұстафин, А.Байжанов ескерткіштері, "Кеншілер даңқы", "Мәңгі алау" жауынгер даңқы, Ауғанстанда қайтыс болған қарағандылық жауынгерлерге арналған сәулет-мемориалдық ансамблі және т.б.
Қала аумағында көне тарихи нысандар жоқ.
Қалада саяси партиялардың 12 филиалы, 191 үкіметтік емес ұйымдар, 70 діни бірлестіктер, 17 ұлттық-мәдени орталықтар, 11 салалық кәсіподақтық бірлестіктер бар.
Журналист-қаламгер С.Жанысбай облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде көп жылдан бері қызмет істеп келеді.
Сүйіндік Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты "Қызыларай" ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазір "Орталық Қазақстан" гезетінің құқық және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
С.Жанысбай өлең жазуды мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде бастаған. Негізінен көркем аудармамен айналысады, бірнеше повесть, көптеген әңгіме жазған. Оның республикалық баспалардан шыққан "Құрыш қолтаңба" ("Жалын", 1983 ж.), "Өрлеу" ("Қазақстан", 1978 ж.) жинақтарына очерктері, "Көңілді көшенің жігіттері" атты жинаққа ("Жалын", 1981 ж.) Оның қаламынан туған әңгімелері мен әзіл-сықақтары "Жалын" баспасынан "Адамша кел" атты сықақ әңгімелері 1991 жылы кітап болып жарық көрді. "Жазушы" баспасынан шыққан "Орман үстіндегі түн" (1990 ж.) атты жинаққа әңгімесі енген.
Социалистік Еңбек Ері С.Тоқымтаевтың атынан "Өнімді еңбек көздері" деген кітапша ("Қазақстан", 1981 ж.) шығарды. "Жалын" баспасынан (1989 ж.) эстон жазушысы Эллен Нийттің "Пилле-Рийн" атты балаларға арналған кітапшасын аударып бастырды. "Адамша кел" атты әзіл-сықақ әңгімелері ("Жалын", 1991 ж.) кітап болып жарық көрді. Той басқаратын асабаларға арналған "Ақ босаға" атты кітапша құрастырып шығарды. Милиция өмірі жайлы әңгімелері мен очерктері және сұхбаттары "Өкініш" және "Взятка" деген атпен облыстық "Полиграфия" бірлестігінен, "Кездесу" повестер мен әңгімелері "Астана" баспасынан 2007жылы, "Сарыарқаның самалы" атты туған жер, табиғат, экология мәселелері туралы кітабы Қарағанды: АРКО баспасынан 2003 жылы жеке кітап болып шықты.
Мақалалары мен көркем очерктері, новеллалары өзі еңбек ететін "Орталық Қазақстан" газетінде үзбей жарияланып тұрады. 2001 жылы "Ауылымды аңсадым" атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі - композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевич. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атулымен, болмаса, жаяу жалпы шаралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген. А.В.Затаевич бұрынғы Волхов, қазіргі Орлов облысында 1869 жылы өмірге келген.
Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орлов қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын "Варшава күнделігі" аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан.
Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 20-шы жылдарыдың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А.Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, сьезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді. Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В.Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 жылдың аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А.Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді.
Оның 1925 жылы Москвада "Қазақ халқының 100 әні", және 1933 жылы "Қазақтың 500 әнімен күйі" атты этнографиялық жинақтары шықты. Осы жинақтар арқылы қазақ музыкасы қалың жұртшылыққа кең танылады. Затаевичтің бастамасы бойынша Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Кіші залында концерттер беру үшін Мәскеуге 1927 жылы Ә.Қашаубаев, Қ.Байжанов, Қ.Қуанышбаев шақырылды.
А.В.Затевич 1926 жылы Қарқаралы уезіне келеді. Мұнда ол әншілер мен күйшілерден 200-ге жуық ән-күй жазып алады. А.Затаевичтың арқасында тамшы да сирек кездесетін Қарқаралы әуендері халқына жетті. Композитор Қарқаралы тұрғындары, әншілер: Мұсылманұлы Әбсалықовтан, Ұ.Айтбаевтан, Ғ.Байжановтан, М.Шамсутдиновадан ән жазып алады.
Қарқаралыда А.Затаевич почта қызметкері В.В.Ситниковтың үйінде тұрған. А.Затаевичке өздері білген ән-күйлерін жаздырған адамдардың бірі Абзалбек Медеубаев. Оның алты әні этнографтың кітабына енген.
А.Затаевич 1936 жылы Москва қаласында дүние салған. Бірақ бізге А.В.Затаевичтың жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек. Бүгінгі егеменді еліміз А.Затаевичты ұмытпақ емес.
Болашақ ғалым 1899 жылы 12 сәуірде Семей губерниясының Павлодар удезіндегі Аккелін болысының 4-ші ауылында /қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы/ дүниеге келген. Ол жастайынан асқан қабілеттілігі мен өте-мөте зеректілігін танытты. Бастауыш білімді ауылдың - кластық орыс-қазақ мектебінде алды. 1911 жылы Павлодардың орыс-қазақ мектебінде оқыды. 1911 жылы Павлодардың орыс-қазақ училищесінде оқуын жалғастырды. Білімге деген аса ынтығушылық Қанышты сол кезде ол үшін ыңғайлы бірден-бір оқу орны – Семей мұғалімдер семинариясына әкелді. 1918 жылы семинарияны бітірді. Сосын біраз уақыт туған ауылының мектебінде сабақ берді.
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Аса көрнекті геолог, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылылымының докторы (1942), профессор (1950). ҚазКСР ҒА-н ұйымдастырушы әрі тұңғыш президенті (1946), КСРО ҒА-ның академигі (1946; 1943 жылдан корреспондент мүшесі), ҚазКСР ҒА-ның академигі (1946), Тәжік КСР ҒА-ньщ құрметті мүшесі (1951). Томск технологиялық институтын бітірген (1926). 1926-29 ж. "Атбасар түсті металл" тресінің геологиялық бөлімінің жетекшісі, 1929-1941 ж. Қарсақбай комбинатының геологиялық барлау бөлімінің бастығы, бас геологы, 1941-1964 ж. ҚазКСРҒА-ның (1946 жылға дейін КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы) Геологиялық ғылылым институтының директоры, КСРО ҒА Қазақ филиалы Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы. (1941-46), ҚазКСР ҒА-ның президенті (1946-52 және 1955-64). Сәтбаев Қ.И. – кен геологиясы саласындағы көрнекті маман, Кеңес Одағында металлогения ғылымын дамытушылардың белгілі өкілі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. КСРО ҒА-ның академигі М.А.Усовтың шәкірті.Негізгі ғылылыми еңбектері Қазақстанның кен орындарын және минерал қорларын зерттеуге арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірді. Жезқазған кені қорының мөлшерін қайтадан анықтау, бұл кеннің дүние жүзіндегі ірі кендердің бірі екендігін дәлелдеу, осыған байланысты қазіргі Жезқазған өңірінің өнеркәсібі өркендеген аймаққа айналуы Сәтбаев Қ.И. есімімен тығыз байланысты. 1929-1931 ж. Жезқазған–Ұлытау өңірінде бұрыннан белгілі деректерді талдау және геологиялық барлау нәтижелеріне сүйене отырып, Сәтбаев Қ.И. Жезқазған кенінде жүргізілетін жұмыстардың кен бағдарламасын жасады. Осы жұмысты орындау кезінде анықталған жаңа геологиялық деректер Жезқазғанның келешегі үлкен екендігін көрсетті, геологиялық барлау ісіне прогресшіл жаңа теория енгізді, бүл теория осы өңірде іздеу-барлау жұмыстарында қолданылды. Сәтбаев Қ.И. 1930 жылдары Жезқазған мыс кендері қалыптасуының айқын 4 жолын (тектоникалық, стратиграфиялық, литология-петрографиялық, құрылымдық) ұсынды. Бұдан кейінгі геологиялық зерттеулердің нәтижесі бұл ұсыныстың дұрыстығын дәлелдеді және Жезқазған кендерін кешенді зерттеуге қолданылды. Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасы 1952-1958 ж. жасалды және оның тиімділігі геологиялық зерттеу жұмыстары кезінде анықталды. Сәтбаев Қ.И. тікелей басшылық ежен металлогендік болжам картасын жасау үшін ең алдымен Орталық Қазақстанның сол кезге дейінгі геологиялық зерттелуі жөніндегі мәліметтер жиналды, сол өңірдің геологиялық дамуының ірі 6 кезеңі (олар – палеозойға дейінгі, ерте каледон, соңғы каледон, ерте варисс, соңғы варисс, киммер-альпі) анықталды, осы 6 кезеңнің әрқайсысының геологиялық құрылысы мен металлогениялық ерекшеліктеріне тән негізгі элементтік құрылымы табылды. Сонымен қатар палеогеографиялық, металлогениялық т. б. көптеген карталар жасалды, жеке пайдалы қазыналар кендерінің пайда болу, түзілу ерекшеліктері зерттелді, олардың геохимиялық минералогия-геология құрылымы жөніндегі ерекшеліктері, олардың қалыптасу мерзімі, жасы анықталды. Осы мәліметтерді талдау, қорытындылау ірі 50 металлогениялық формацияны анықтауға мүмкіндік туғызды. Осы айтылған орасан үлкен еңбектердің – геологиялық құрылымы картасы, металлохим., геологиялық-геофизикалық зерттеулердің нәтижесі, палеогеогрфиялық карта, металлогендік формацияларды анықтау қорытындысы Орталық Қазақстанның болжам картасын жасауға негіз болды. Металдардың жеке тобына (қара, түсті, сирек металдар т. б.) арнайы карта жасалды. Бұл картаның тағы бір ерекшелігі – геологиялық барлау жүргізілетін аймақтар, болжам қорына қарай бірінші және екінші рет зерттелетін өңірлерге бөлінді. Металлогендіқ болжам картасын қолдану нәтижесі орасан үлкен табысқа қол жеткізді. 1954-1958 ж. аралығында Орталық Қазақстанда түрлі металдардың көптеген жаңа кеңдері ашылды және олардың 90%-дан астамы 1 және 2-рет зерттелетін өңірлерден табылды. Металлогендік болжам картасын жасап шығарғаны үшін Сәтбаев Қ.И. басқарған қазақстандық бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді (1958). Сол жылы Алматыда өткен Бүкілодақтық 1-металлогениялықкеңесте металлогения мәселелерін шешуде қазақстандық геолотар мектебінің шешуші рөлі аталды. 1958 жылдан КСРО-да металлогениядан кеңес, симпозиум, конгрестер өткізілетін болды. Қоғам қайраткері ретінде Сәтбаев Қ.И. халық шаруашылығының түйінді мәселелеріне, ғылылыми зерттеулердің теориялық терең және тиімді болуына, ғылым табыстарын өндіріске қолдануға ерекше көңіл бөлді. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс–Қарағанды каналын салу, Маңғыстаудың, Мұғалжардың, Торғайдың табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зертгеу жұмыстарын ұйымдастыру республикамыздың, ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезқазған–Ұлытау өңіріндегі темір, марганец және т. б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев Қ.И. есімімен тығыз байланысты. Сәтбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған маңызды шаралардың бірі – Қазақстан экономикалық аудандарының өндіргіш күштерін зерттеу және игеруге арналған ҚазКСР ҒА-ның көшпелі сессияларының өтуі. Алтайда, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда өткізілген сессиялар алдына ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу, сонымен қатар өндірістің практикасында қолданылатын жаңалықтармен ғылымды байыту міндеттері қойылды. КОКП 20-22-съездерінің делегаты, Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1949-1952; 1956-1964) болды. 2-6-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 2-4-сайлау ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Лениндік сыйлықтың (1958) және КСРО Мемлекеттік сыйлығынын (1942) лауреаты. 4 мәрте Ленин орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Сәтбаевтың құрметіне ҚазКСР ҒА-ның Геологиялық ғылымдар институты, Жезқазған кен-металлургия комбинаты, Жоңғар Алатауындағы мұздық және шың, Қаратау ванадий кенінен табылған минерал (сатбаевит) аталған. Көптеген қала, ауылдардағы мектептерге, көшелерге Сәтбаев Қ.И. есімі берілген. Томск политехникалық институтында, ҚазКСР ҒА-ның геологиялық ғылымдары институтында, Алматыда тұрған үйінде мемориялдық тақта, Жезқазған, Алматыда ескерткіш орнатылған. 1999 ж. ЮНЕСКО деңгейінде 100 жылдығы атап өтілді.
Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985) қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Филология ғылымының докторы (1945), КСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қызметкер (1961), республикада археологиялық мектептің негізін салушы, этнография, Шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнертану салаларының көрнекті ғалымы.
Бастапқы білімді ауыл мектебінен алады. 1915 жылдан бастап 3 жылдық орыс мектебінде оқиды. 1920 жылы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіреді де, туған аулында мұғалім болады. Семей техникумында оқып жүрген жылдарында "Таң" журналы мен "Қазақ тілі" газетінде қызмет істейді. Осы жерде ол М.Әуезовпен танысып, соның кеңесімен 1925 жылы Ленинградтағы Шығыстану институтының әдебиет факультетіне түседі. Сонымен қоса, Ленинград университеті мен Өнер тарихы институтының лекцияларын тыңдайды. Осы жылдары Ә.Марғұлан қазақ халқының тарихына қатысты әдеби архивтік материалдар жинақтаумен айналысады. Бірқатар орыс және шетел жазушыларының шығармалары қазақ оқырмандарына Ә.Марғұлан аудармасы арқылы жетті. 1926-1927 жылдары одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитеттің Қазақстан, Алтай экспедициялрына қатысады.
1920 жылы Шығыс институтын бітіреді. 1930-1938 жылдары Ә.Марғұлан – ҚазКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы жаңа алфавит Комитетінің ғылыми жетекшісі, КСРО ҒА жанындағы мемлекеттік академиясының аспиранты. 1938 жылы Қаз КСР Халық Комиссар Кеңесінің шақыруымен КСРО ҒА Қазақ филиалына қызметке ауыстырылады.
1943 жылы қыпшақ этномәдени бірлігі жазба ескерткішінен докторлық диссертация қорғайды. 1941-1946 жлдары – тарих бөлімінің меңгерушісі, 1946-1951 жылдары – археология, палеолит бөлімінің, 1958-1976 жылдары – Ш.Уалиханов атындағы Қазақ КСР ҒА Тарих, археология, этнография институты этнография бөлімінің меңгерушісі. 1945 жылы "Қазақ халқының эпикалық аңыздары" тақырыбында қорғаған докторлық диссертация қазақ халқының мәдениеті, тарихы саласындағы зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ауызша эпикалық шығармашылық жанры, қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің тарихы ғұлама ғалым зерттеулерінде жан-жақты талдау тапқан. Соның арқасында халықтық эпикалық шығармалардың тарихи-әлеуметтік тамырлары ашылып, уақыттары негізделді. Бұдан басқа, ол ежелгі архитектуралық ескерткіштерді зерттеді. Соның арқасында қала мен ерте темір дәуіріндегі Беғазы, Санғуар, Беласар, т.б. бірегей археологиялық ескерткіштер сыры ашылды. Орталық Қазақстан аумағындағы архелогиялық зерттеулер нәтижесі "Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті" (Марғұланның басшылығымен және оның тікелей қатысуымен жазылды. Бұл еңбек 1967 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.) атты монографиялық еңбекте көрініс тапты. Ә.Марғұлан басты авторларының бірі болып жазылған 5 томдық "Қазақстан тарихы" мен "Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті" 1982 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
Ә.Марғұлан зерттеулері музыка, жер шаруашылығы, металлугия және т.б. салаларды қамтыды. 50-жылдардың ортасында Ә.Марғұланның басшылық етуімен қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уәлиханов жайында материалдар жинағы жарық көрді. Ә.Марғұлан - Ш.Уәлиханов шығармалары жинағының құрастырушысы әрі редакторы, ол жайында көптеген монографиялардың авторы.
Үлкен ғылыми ағартушылық қызметін Ә.Марғұлан ұйымдастырушылық қызметімен де үйлстіре білді. Көп жылдар бойы қазақ халқының этногені жөніндегі үйлестіру кеңесін, Қазақ КСР ҒА Тарих, археология, этнография институтының ғылыми кеңесін, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңесті басқарды. 300-ден аса ғылыми-көпшілік мақалалар жазған. Жемісті еңбегі үшін КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды.
Тиышбек Аханұлы 1924 жылы 28 маусымда Қарағанды облысының Победа совхозында дүниеге келген. 1941 жылы N1 ФЗО-ны тамамдағаннан кейін "Кировкөмір" тресінің N31 шахтасында электровоз машинисі болып жұмысқа түседі. 1942 жылдың басында өз еркімен комсомолдың шақыруымен майданға атанады. Мәскеу түбінде 316–дивизия құрамында әскери шұғыл дайындықтан өтіп, Клин, Ржевтегі ауыр ұрыстарға қатысады. 1944 жылы ауыр жарақатанып, госпитальде емделеді.
Қарағанды мұғалімдер институтын бітіріп, N2 мектепте сабақ береді. 1947 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетіне хатшы болады. 1948 жылы Қарағанды қалалық партия комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болады. 1977 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітіреді. Қарағанды қаласындағы Киров, Ленин ауаткомдарының төрағасы, Қарқаралы аупарткомының бірінші хатшысы, Қарағанды облатком төрағасының орынбасары, облаткомның еңбек және баға бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1987 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Еңбек жолын электровоз машинисінен бастаған Тиышбек Аханұлы ұйымдастыру қабілетінің арқасында көзге түсіп, қоғамдық өмірге белсене араласуымен комсомол, партия. Кеңес органдарына жауапты жұмыстарға жоғарылытады. Ол Қарағанды мен Теміртау қалаларының өркендеуіне үлкен күш-жігер жұмсады және бірнеше орден мен медальдар игері. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 мәрте "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы.
Әдебиеттер:
Аханов Тиышбек Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 133 б.
Алпысбайұлы С. Қоғамның қайыспайтын қара нары // Орт. Қазақстан.- 2004.-26 маусым. 6 б.
Нұралы С. Ардагерді ардақтады Баспасөз мәслихаты // Орт. Қазақстан.- 2004.- 1 шілде.
Кері қайту
Қарқаралы қаласы, Қарқаралы ауданының орталығы.
Қарқаралы қаласы Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағандыдан 220 шақырым, теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте жатыр.
Қала 1824 жылы Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-территориялық орталығы – станица негізінде құрылды.
- 1868 жылы – Семей облысы құрамындағы уездік қала.
- 1928-30 жылдары және 1934-36 жылдары – Қарқаралы округінің орталығы.
- 1930-34 жылдары және 1936 жылдан бастап. – Қарқаралы ауданының орталығы.
Қарқаралы тау сілемдерінің етегі ежелден көшпелі елге қоныс болған. Ол туралы өткен заманнан жеткен аңыз бен ертегілерде айтылған, Қарқаралы туралы көптеген өлеңдер мен аңыздар жазылған.
Тарихи деректерде тау сілемдерінің етегін ала ағып жатқан шағын өзеннің табанында орналасқан елді мекен үстінен Орта Азия мен Сібір аралығындағы ұлы керуен жолы өткен. Осы өлкеге алғаш саяхат жасаушылар 1785 жылдардан бастап аяқ басқаны тарихи деректерден бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Ресей өкіметі пайдалы кен қазбаларын зерттеп, оны өндіруді қолға алу мақсатында көшпенді шаруашылықтарының территориялық орналасу мәселесін шешуге кіріседі. Болашақ округтік билік орталығына Қарқаралы және Кент таулы мекендері таңдап алынады.
Ең алғаш 1824 жылы 8 сәуірде бекініс болып қаланған Қарқаралы, 1869 жылы Уезд болып құрылып ірі сауда орталығына айналды. Қаланың мәдени экономикалық өсіп-нығаюына Қоянды жәрмеңкесі зор ықпал етті. Қарқаралы біртіндеп саяси орталыққа айналды.
Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты-ғалымдардың, саяхатшы-зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, Қарқаралы округінде екі рет – 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызеке аңыз-әңгімелерімен, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның "Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны" деген еңбегі осы тақырыпқа арналады. Атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тяньшанский редакторлығымен 1865 жылы басылып шыққан "Ресей империясының Географиялық-статистикалық анықтамалық сөздігі" Қарқаралының атағын асқақтата түсті. Қалың оқырман қауым алғаш рет Қарқаралының сұлулығы туралы, әлі де зерттетлмеген үңгірлер мен қорғандардың құпияларына ынтыға түсті. Қарқаралы тарихы ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты. Әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда көктөбелі күмбезді мешіт салдырып өз атын ұрпақтарына мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер еді.
Ең алғаш "Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу" қиссасын орыстың жазушысы М.М.Пришвин осы төңіректе естіген.
Орыстың саяхатшысы Г.Н.Потанин өзінің жолжазба естеліктерінде, бұл өңірде болғанда сол кездегі көпес Рязанцевтің үйінде тоқтаған. Бұл ғимарат бүгінгі ұрпаққа сол қалпында жетті.
Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта теңдессіз тәлім қалдырған атақты музыка зерттеушісі А.В.Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құйма құлақ, зерделі де зерек жыраулар ауызынан 154 ән жазып алған.
Жазиралы Қарқаралы табиғатына тікелей байланысты "Сұлушаш" поэмасын 1928 жылы Сәбит Мұқанов дүниеге әкелген.
Қарқаралыда ашылған оқу орындары Орталық Қазақстан бойынша ең алғашқы білім орталықтары болып табылады.
Бұрынғы үлкен уезд жерінің шағын бір пұшпағы – Қарқаралы ауданының көлемінде 27 ауыл шаруашылық кәсіпорнының негізінде ұйымдасқан 479 шаруашылық құрылымы жұмыс істейді. Мұнан 180 жыл бұрынғы ну орманды жыңғылдың орнында жасыл желекке бөленген Қарқаралы қаласы қарыштап өсіп, кеңінен қанат жайды. Қазір ауданның 17 селолық округінде жылына 1200-2000 тонна астық тартып, ұн шығартатын 22 диірмен, 100 тоннаға дейін сүт тағамдарын әзірлейтін екі зауыт, 5-10 мың дана шикізатынан өнім өндіретін үш цех халық қажетін өтейді.
1997 жылы ел Президентінің Жарлығымен республика бойынша бес облыс, алпыс төрт аудан таратылды. Сол әкімшілік-аумақтық қысқартудың қатарында бұрынғы Егіндібұлақ, Қазыбек би ауданы таратылып, Қарқаралы ауданының құрамына берілді.
Облысымыздың шығыс өңірінде орналасқан, 3,5 миллион гектардан астам алқапты алып жатқан Қарқаралы ауданында 51300 халық тұрады. Олар барлық жиыны 25, ауылдық, поселкелік және қалалық округке қоныстанған.
Қарқаралы ауданы облыстағы ауқымды агроөнеркәсіпті кешен. Мұндағы алуан түрлі меншік иеліктерінде 162700 қой-ешкі, 50 мыңға жуық сиыр, 18 мың жылқы бар. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы мерекеленген жылы қарқаралықтар 72962 гектар алқапқа дәнді дақыл тұқымын сіңіріп, 68 мың тоннадан астам астық жинап алды.
Ауданда республикалық, халықаралық байқауларда тұғырдың биік сатысын иеленіп, абыройлы болып жүрген "Салтанат", "Балқантау сазы", "Кент маржандары" фольклорлық ән-би ансамбльдері, 3 халық театры, қоры бай кітапхана жүйесі жұмыс істейді.
Қарқаралы ауданындағы ауыл шаруашылық колледжінде, түрлі деңгейдегі 61 мектепте мыңдаған жеткіншек білім алады.
Қарқаралының мемлекеттік-ұлттық табиғат паркінен жергілікті фауна мен флораның еліміздің басқа өңірінде кездеспейтін ондаған түрін ұшыратасыз.
Көне Қарқаралы жері әуелден елін рухани азаттыққа баулыған өңір. Қазақтың алғашқы ағартушы, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Ермеков, Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Н.Нұрмақов бұл өңір тарихына өз таңбаларын қалдырған.
Қала көшелеріне келмеске кетіп ұмыттырлмақ болған А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Құнанбай қажы, Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз Н.Әбдіров, М.Мамраев, П.Теряев, А.Қосыбаев есімдері берлілді. Сонымен бірге Қарқаралының бір көшесі ақын Қ.Аманжолов есімімен аталады. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы Қарқаралы топырағынан шыққан.
Атақты әнші Жүсіпбек Елебеков Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Мәди" ауылында 1904 жылы дүниеге келген. Қазақ ССР-інің халық артисі (1942 ж.) Бес-алты жасынан әншілік өнерге ден қойған. Ән өнерін әкесінің інісі Жақыпбек Балғабайұлынан үйренген. Әншілер Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев шығармашылығымен танысады. Соларды өзіне ұстаз тұтады. 1920-22 жылдары Семейдегі "Ес аймақ" труппасының спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1922-30 жылдары Түрксиб темір жол құрылысы мен ет комбинатында жұмыс істеді, бірақ ән өнерінен қол үзбеді. 1931-35 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы драма театры), 1935-60 жылдары Қазақ Мемлекеттік филармониясында қызмет етті. 1960 жылдан "Қазақконцерттің" әнші – солисі. 1933-38 жылдары Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының спектакльдеріне қатысып, "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясынан Әлібектің, "Қыз Жібек" пен "Айман-Шолпан" операсынан Төлеген мен Арыстанның партиясын айтты. Драмалық спектакльдерде ойнаған. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942-43 ж.) концерттік бригаданың құрамында болып, Калинин майданы жауынгерлеріне мәдени қызмет көрсетті. Осы сапарында жауынгер-композитор Р.Елебаевтың "Жас қазақ" әнін тұңғыш рет орындап, кейін халық арасында кең түрде насихаттады. 1967 жылдан Қазақ эстрадалық студиясында педагогтық қызметпен айналысты.
Ж.Елебеков репертуры негізінен халықтың және халық композиторларының музыкалық құрылысы мен тілі күрделі, сыршыл әндерінен ("Ардақ", "Ағаш аяқ", "Айтбай", "Жамбас сипар", "Жиырма бес", "Қанатталды", "Құлагер", "Сегіз аяқ", "Сұржекей", т.б.) тұрады.
Ол орындайтын әндерінен аса ұқыптылық, суреткерлік талғаммен қарайтын лирик әнші. Ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түседі, домбра сүймелімен образ жасайды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде (1936, 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында (1950, 1955), Моңғол Халық Республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968),. Ленин орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен және медальдарымен марапатталған. Ж.Елебековтың құрметіне Егіндібұлақ селосындағы музыкалық мектепке, көшеге оның есімі берілген.
Қазақ әнінің ардағы Жүсіпбек Елебековтің 90 жылдығы тұсында Қарағандыда дүниеге келген халық әндері мен халық композиторларының әндерін орындаушы жас әншілердің облыстық байқауы өтті. Бүгінде аймаққа ғана емес, бүкіл елімізге кең танылды. Алғашқы байқаудан кейін, араға екі жыл салып өткізген Жүсіпбек Елебеков атындағы II облыстық байқау ән әлеміне бұрын танылмай келеген талай талантты таныстырды, өнер өлкесіне сәт сапар тілеп, биіктерге самғатты…
Ал, 1994 жылы Ж.Елебеков атындағы I республикалық байқау өтті.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының іргесін қалап, шаңырағын көтеріскен өнер саңлақтарының бірі Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина 1914 жылы 2 қазанда Қарқаралы ауданы М.Мамыраев атындағы ауылда дүниеге келген.
Балалық шағын өнерлі ортаның тәлім-тәрбиесін көре жүріп өседі. Он саусағынан күй төгілген әкесі Нұрмағамбеттің атақты домбрашы болуы, қоңыр даусымен іркілмей әуелетіп ән етпей қалған жоқ.
Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина – қазақ совет актрисасы, әнші, Қазақстанның халық әртісі (1962; 1944 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі). 1935-36 жылдары Москвадағы Мемлекеттік театр өнері институтының қазақ студиясында оқыды. Сахналық өнер жолын 1932 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театры труппасынан бастады. Алғашқы ойнаған ролі – А.Т.Шаниннің "Көмір майданындағы" шахтер қызы Гүлсім. 1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің өнкүндігіне қатасты. 1937 – 38 жылдары Қазақтың опера және балет театрында әнші болды. 1938 – 82 жылдары Қарағанды облыстық қазақ драма театрында қызмет етті. Ол көбіне лирикалық және драмалық рольдерде ойнаған. Еңлік, Қарлыға, Айман, Жүзтайлақ (М.О.Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Қара қыпшақ Қобыланды", "Айман-Шолпан" және "Түнгі сарында"), Баян (Ғ.М.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлуында"), Қыз Жібек (Е.Г.Брусиловский мен Мүсіреповтің осы аттас музыкалық драмасында), Кручинина (А.Н.Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендерінде"), Луиза (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатында"), Бәтес (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" бойынша), Шәрбан (З.Ж.Шашкиннің "Ақын жүрегінде"), Толғанай (Ш.Т.Айтматовтың "Ана – Жер-анасында"), Таңқабике (М.С.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Ана (Б.Тәжібаевтың "Ана жүрегінде") т.б. 1975 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының құрамымен Алматыда өнер көрсетті. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медельдрымен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Бір театрда 50 жылға жуық қызмет істеп, сахна саңлағы атанған Жәмила Шашкинаның 2004 жылы 3 наурызда 90 жылдық мерейтойын тойлады.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері.
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында "Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жастары ашқан "Бірлік" қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрды, "Тіршілік" газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болды.
1917 жылы қарашада "Кел, жігіттер" өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы "жас қазақ марсельезасын" жазды, "Бақыт жолына" атты пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады.
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы, хлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, "Жыл құсы" альманағы, "Жаңа әдебиет" журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, "Әдебиет майданы" журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған "Асау тұлпар" өлеңдер жинағы, "Бақыт жолына", "Қызыл сұңқарлар" атты пьесалары жарық көреді. "Домбра" (1924), "Экспресс" (1926), "Тұрмыс толқынында" (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драмматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.
С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. "Көкшетау" (1934), "Қызыл ат" (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. "Қызыл атта" 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. "Ақсақ киік" (1924), "Аққудың айрылуы" (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
"Жұбату" (1917) әңгімесі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. "Жемістер" (1935), "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда" туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін "Тар жол, тайғак, кешу" атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен "Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары" (1931), "Батырлар" (1933), "Ақан сері-Ақтоқты", "Ләйлі-Мәжнүннің" қазақша аудармасы жарық көрді. "Қазақ әдебиеті" (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зертгеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу існе де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды.
1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.
1938 жылы жолсыз жазаға ұшырады. Ол туралы С.Мұқановтың "Сәкен Сейфуллин" пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың "Кездеспей кеткен бір бейне" повесі, поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды. Кейбір деректер бойынша Сейфуллин 1938 жылы 23 ақпанда Алматыда атылған. 1957 жылы 30 наурызда толық ақталған.
Ұлытау қазақ ұлтының ұрықтан-шаранаға, шаранадан сәбиге, сәбиден-алыпқа айналып, атқа қонып, "мен қазақпын" деп айдай әлемге жар салғн, бір сызықтың бойында жатқан үш нүктесінің (Қызыларай, Ұлытау, Мұғалжар) дәл географиялық кіндігі. Басқаша айтсақ, Ұлытау – ұлтымыздың ұясы.
Ұлытау – қазақтың қасиетті орталығы. Бұл жердің қасиетін адамзат баласы сонау палеолит дәуірінде-ақ білген. Оған дәлел сол дәуірдің ескерткіштері – Дүзен мазары маңайындағы палеолиттік шеберханалар мен Жетіқоңыр тас дәуірі тұрағы.
Қола дәуірінің ескерткіштері Айбас-дарасы, Ұйтас Айдос т.б. бабаларымыздың табиғаты сұлу, елге де малға да жәйлі мекенді таңдай білгенін көрсетеді. Ұлытаудың қасиетінің тағы бір дәлелі ұлы көшпенділер ескерткіштері – сақтар, ғұндар, түркілер қорғандары. Ұлытау ежелгі тұрғындарының тау-кен саласындағы жетістіктері қазіргі ғалымдарды да таң қалдырады.
Орта ғасырда бұл жерлер Дешті-Қыпшақ даласы аталады. Бір қызығы, көшпелі даланың орталығы саналатын Ұлытауда, ортағасырлық кезең үшін айтарлықтай үлкен қалалар болып саналатын Басқамыр, Аяққамыр секілді қалалар да болған. Бұл қасиетті жер көшпенділер хандарының өз Ордаларын тігетін жерлері болған. Атақты Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы да өз орталығы ретінде Ұлытауды таңдаған. Ұлытау өңірінде Шыңғыс ұрпағына қатысты талай тарихи ескерткіштері бар: Жошы хан, Құтылық темір (Аяққамыр), Болған ана, Келін там. Оған қоса қазақ хандарының ұлы бабасы саналатын, жалпы қазақ даласындағы елеулі ескерткіштердің бірі – Алаша хан кесенесі бар.
Ұлытау ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша 1939 жылғы 18 қазанда бұрынғы Қарсақбай ауданының құрамынан бөлініп, дербес шаңырақ көртерді. Осы жылы бірінші аудандық партия конференциясы болып аудандық партия комитетінің хатшысын сайлады. Бірінші хатшы болып А.Нұрманов, аудандық совет атқару комитетінің председателі болып Әбіл Рахимовтар сайланған еді. Ал, комсомол комитетінің бірінші хатшылығына Е.Мамаилов белгіленді. Сондай-ақ 1940 жылдың аяқ кезінде аудандың тұңғыш газеті шықты, оған жауапты редактор болып Ж.Кетіков қол қойды.
Тың көтерудің дөмпеуімен кейін аудандарды ірілендіру саясаты жүргізілгенде Ұлытау адамы аз, шалғай, темір жолдан қашық деген сылтаумен бір жабылып қалды. Араға тағы 11 жыл салып аудан орталық шаруашылық ретінде қалды. Қарсақбай Ұлытау аудандары таратылып 1961 жылы Жезді ауданын құрды. Жездіге қараған кез Ұлытаудың нағыз тоқыраудың тозаңына оранған жылдары болды. Енді-енді қанатын жая бастаған құрылыстар, қалыптасып орнығып қалған жұмыс жүйесі қожырап кетті. 1972 жылғы наурызда Жезқазған ауданы құрылып, орталығы тағы да Ұлытау ауылынан орын тепті. Елдің әлеметтік, тұрмыстық-мәдени жағдайын көтеруге бағытталған кешенді жоспарлап аудан алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ал 1997 жылы Жезді ауданы таратылып Ұлытау ауданына қосылды.
Ұлытау – облысымыздағы жер көлемі ірі аудандардың бірі. Бұрынғы Жезді қосылғаннан бері оның оңтүстіктегі шеті Қызылорда, батысы Ақтөбе, теріскейі Қостанай облыстарымен шектесетін ауқымды аумақты алып жатыр. Жезқазған – Арқалық қалаларын жалғастыратын облысаралық тас жолы Ұлытауды басып өтеді.
Ауданның жер көлемі 162,2 мың гектарға тең және Қазақстанның алты облысымен шектесіп, ұлан байтақ жерді алып жатыр. Сондай-ақ 15 ауылдық округке бөлінетін ауданда 2,5 мың (2005). тұрғын халқы бар. Жезді, Сәтбаев, Ұлытау сияқты үш қала типтес поселкесі бар аудынның орталығы Ұлытау - селосы. Аудан жері Сарыарқаның төбелі-қырқалы, аласа таулы (Ұлытау, Кішітау, Арғанаты, Желдіадыр) батыс бөлігін қамтиды. Жер қойнауынан қорғасын, асбест, құрылыс материалдары барланған.
Шаруашылықтың негізгі бағыты мал және егін шаруашылығы болды. Округ аумағында 129 шаруа қожалықтары бар. 17 жеке кәсіпкерлік фирмалар жұмыс істейді. Округ орталығында мектеп, орталық аурухана, мұражай, орталық кітапхана, мәдениет сарайы, балалар бақшасы, тойхана, "Ұлытау" суын шығаратын цех, қонақ үй, пошта, 3 банк филиалы халыққа қызмет көрсетеді.
Шал көде мен көгілдір жусан жапқан ұлан-ғайыр алқаптың перзенттері - жауынгер жазушы Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, бүгінгі қажырлы қаламгер К.Смайылов сынды ағалардың жолын құған азаматтар баршылық. Ұлытаулықтар тылсымы көп туған жердің даңқын асқақтатуға үлес қосып жүрген Ж.Ерман, Қ.Ахметов, Қ.Болманов тәрізді түлектерін мақтаныш етеді. Ұлытау орталық алаңында Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановқа ескерткіш орнатылған. Ұлытау арқылы Жезқазған-Арқалық автомобиль жолы өтеді.
Қатал тағдырға мойымаған ақын – жерлесіміз, ғалым, филология ғылымының кандидаты Бүркіт Ысқақов 1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған "Көкмөлдір" деген жыры.
Б.Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері "Советтік Қарағанды", "Қарағанды комсомолы" газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы "Советтік Карағанды" газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.
1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, "Пионер", "Білім және еңбек" журналында, "Лениншіл жас" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.
Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Б.Ысқақовтың ертеректе "Жас қалам" үйірмесі мен "ЕСЕП-ке" (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, "Үндістан" деген өлеңді С.Сейфуллиннің "Азия", І.Жансүгіровтың "Гималай" өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында "Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр" деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады.
Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында "Тұтқын жыры", "Лагерьдегі өлеңдер" деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. "Тас өзеннің ызғары" өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды ағамыз, академик М.Қаратаевтың "Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Б.Ысқақовтың жырлары торлтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады" деуі тегін емес.
Қапаста бес жыл қасірет шеккен Б.Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ СССР Ғылым Академиясының М.О.Ауезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, 1991 жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті.
Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы – "Сенің Отаның" 1958 жылы шықты. Қарағандылықтардың еңбектегі ерлігі жырланатын "Москваны тыңдаймын", "Жылдар жырлайды", "Шабыт шуағы", "Әлемнің әлегі", "Өлеңді жылдар", "Шындық дауысы" атты поэзиялық жинақтардың, "Қазыналы Қарағанды", "Арқаның алып жүрегі", "Нұрлы Нұра бойында" көркем очерктердің авторы Б.Ысқақов аудармашы ретінде де белгілі. Ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.В.Маяковский, И.Франко, Н.Хикмет, С.Вургун тағы да басқа авторлардың шығармаларын қазақ тіліне аудыруға қатысқан.
Ал, әдеби зерттеу саласында "Қазақ–татар әдеби байланысы", "Қазақ-башқұрт әдебиет қатынастары тарихынан" атты монографиялардың авторы. Оның құрастыруымен "Орта Азия Қазақстанның ұлы ғалымдары" атты көлемді кітап жарық көрді.
Бүркіт Ысқақов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысы орденінің, көптеген жауынгерлік медальдардың иегері болып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жанболат Башар 1949 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының "Қоңырат" колхозында дүниеге келген. 1967 жылы Ақтоғай қонысында орта мектепті, 1981 жылы ҚарМУ-ді бітірген.
Балқаш қалалық Советінің депутаты болып сайланды. Республикалық "Қазақ тілі" қоғамының бірінші делегат болып қатысты.
1981 жылы Балқаш қалалық телестудиясында аға редактор, 1991 жылы Балқаш қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, аймақтық "Балқаш өңірі" газетінің редакторы болып қызмет істеді. 1998 жылдан бастап облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің аймақтық тілшісі.
Жанболат Башар өлеңді мектепте оқып жүрген кезден бастап жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері аудандық "Арқа еңбеккері" газетінде жарық көрді. 1991 жылы "Шашубай" атты естеліктер жинағын құрастырып шығарған. 1990 жылы "Балхашский рабочий" газетінің айына бір рет шығатын қосымша беті ретінде "Балқаш жұмысшысы" газетін қоғамдық негізде шығарып тұрды.
Ж.Башардың проза саласында бірталай әңгімелері облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көрген. "Ақ әже", "Қос боз аңызы", "Кек пен шер", "Апандағы айқас", "Шырғалаң" тағы басқа әңгімелер.
Өлеңдері республикалық, облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көріп жүр.
1999 жылы "Үкілі үміт" жыр жинағы жарық көрген.
Әбдікәрімов Оралбай 1944 жылы 18 желтоқсанда Қарағанды облысы, Нұра ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумын, 1974 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетін, 1987 жылы АлматыЖоғары партия мектебін бітірген.
1963 жылы совхоздың қойшысы болып еңбек жолын бастаған Оралбай мектепте тәрбиеші, кәсіптік мектепте өдірістік шебері болып жұмыс істеген.
Шахан кентіндегі №41 училищенің өндірістік оқыту шебері, "Шахтинскжилстрой" тресі комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының бөлім меңгерушісі болды. 1975 жылдан партиялық жұмыста: Қазақстан КП Қарағанды қалкомының нұсқаушысы, обкомның ұйымдық-париялық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1985 жылдан – Қазақстан КП ОК ұйымдық-париялық және кадрлармен жұмыс бөлімінде сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 1991 жылдан ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратында бөлім меңгерушісі. 1994 жылдан ҚР Президенті аппараты, әкімшілігі басшысының орынбасары. 1996 ж. ҚР Мәжілісі аппаратының басшысы, кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды. 1997 ж. ҚР Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, ал 1998 ж. ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссия төрағасы болып тағайындалды. 1999 жылдан – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенат төрағсы. 2004 жылдың наурыз айынан ҚР мемлекеттік хатшысы. ҚР қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған.
Еліміздің түсті металлургиясының ірі орталығы Халқының саны – 95,1 (2005).
Жезқазған – Қарағанды облысындағы қала, темір жол станциясы. Қазақстандағы түсті металлургия орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қаракеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында ораналасқан. Тұрғыны 90,0 мың адам (1999). Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауылының орнында тұрғызылған. 1941-1954 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды.
1954 жылы 20 желтоқсанда Үлкен Жезқазған жұмысшылар поселкесіне қала мәртебесі берілді. 1973 – 1997 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды.
Қала 1973 жылы жаңадан құрылған облыстың әкімшілік орталығы болып белгіленді. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесі "Жезқазганды дамытудың шаралары туралы" қаулы қабылдады. Қаланың бас жоспары қайта жасалып бекітілді. Кешегі металлургтер мекені ретінде қалыптасқан қаланы қайта құру жүзеге асырылды, көшелері кеңейтілді, айналып өтетін жэне айрық жолдар салынды. Гүлзарлар, әдемі алаңдар, әкімшілік ғимараттар, скверлер пайда болды. Коммуникация жүйесі барлық бағытта жетілдірілді. Қалада мектептердің, орта кәсіптік-техникалық училищелердің, арнаулы орта оқу орындарының саны көбейді. 2 бірдей институт ашылды. Үш ғылыми зерттеу-жобалау институттары жұмыс істей бастады. Облыстық мемлекеттік филармония өзіне тән мазмұнды, әрі көркем бағдарламасымен көпке танылды. Өзбекәлі Жәнібеков өз қолымен құрған Торғайдың Серке Қожамқұлов атындағы сазды-драмалық театры толық құрамымен көшіп келді...
Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясы, "Қазкат" біріккен кәсіпорны, "Жезқазғансирекметалл" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Кеңгір" химия өндірісік кәсіпорны, электр жабдықтарын шығаратын "Симпл" серіктестігі, ЖЭО, электр жүйесін тарататын компания, қалалық электр жүйесі, "Ұлытау" қазақ – қытай біріккен тоқыма-киім тігу, "Көркем", "Ғасыр", "Нан өнімдері", "Сарыарқанан", "Полиграфия", "Жезқазған жолдары", "Oilsas" акционерлік қоғамдары, өндірістік кооперативтер, т.б. жұмыс істейді.
Жезқазған қалалық әкімшілігіне қарайтын ауылдарда "Балапан" акционерлік қоғамы мен 194 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығымен шұғылданады. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті, ботаника бағы, гуманитарлық, агротехникалық, медицина колледждер, 28 мектепке дейнгі балалар мекемесі, 36 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаториялық пунктер, 7 кітапхана, 2 мұржай, 3 клуб, 2 кинотеатр, спорт сарайы, стадион, телеорталық бар. Жезқазған – Арқалық автомобиль жолы өтеді. Әуе көлігі оны Астана, Алматы, т.б. қалалармен байланыстырады.
Қалада 2005 жылдың 6 айында 8386 шаршы метр тұрғын үй салынса, 2007 жылы 9796 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Медициналық орталықтың Фрайбург қаласындағы (Германия) университет клиникасымен ынтымақтастық байланысы жақсы бағасын алып отыр.
Жезқазғанның тарихы қазақты ұлы ғалымы, академик Қ.И.Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қалада А.Имановқа, Ә.Жангелдинге, олардың сарбаздарына (1982), Ұлы Отан соғысының құрбандарына (1980), тұңғыш қаланың іргесін тұрғызушыларға (1981), Сәтбаевқа (1999) ескерткіш орнатылған.2004 жылы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.
Саран қаласы 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылды. Оның аумағы – 174 шаршы шақырым. Халқының саны – 49,6 мың адам.
Қаланың негізгі экономикасын өнеркәсіп кәсіпорындары құрайды. Өнеркәсіптің өндіруші және химия салалары басымшылық алып отыр. Қала аумағында тіркелген кәсіпорындардың 66,1 проценті қалыпты жұмыс істеп тұр.
Кейінгі ұрпақ қаланы Саран деп білген, бабаларымыз оны Сораң деп атайтын. Бұл атау қаланың қазіргі тұрған жеріне қатысты. Дегенмен, Сораң жері кешегі Игілік байдың он жеті қосын жүдетпеген құйқалы топырақ.
Саран көмірін "игеру" 1931 жылы бастау алды. Сол жылы осы өңірде ОГПУ Гулаг-тың құрамында атақты "Гигант"совхозы құрылды. Оның отын мәселесі Саран көмірімен шешілді.
1931 жылы Жоғары Марианна көмір қабатында Долинка лагерінің құлдама шахтасы болды. Оқпанның екі жағынан биіктігі екі метр болатын шрек өткізілді. "Гиганттың" көлемі ұлғайған сайын көмір де көп керек болды. 1934 жылы мұнда Қарлаг-тың айып изоляторы ашылды. Лагерьдің көмірге сұранысын енді тұтқындар қанағаттандырды.
Облыс орталығындағы Саран қаласы Қарағандының батысында, 15 шақырым қашықтықта орналасқан. 1954 жылы оған қала мәртебесі берілді, ал оған дейін ол жұмысшылар кенті болатын. Оның алғашқы қадасы 1943 жылы қадалды. Қаланың тарихы шахталар тарихымен байланысты. "Карағандыгипрошахт" институтының жобасымен 1948 жылы №120 шахтаның (қазіргі "Саран") құрылысы басталып, ол 1955 жылы өндірістік пайдалануға берілді.
1985 жылы қала еліміздегі ірі көмір және мұнай-химия өнеркәсібінің орталығына айналды. "Ақтас", "Дубовка", "СССР-дің 50 жылдығы атындағы", "Саран", "Соқыр" шахталары жыл сайын бес миллион тоннадан астам көмір өндіріп отырды. Бұрын-соңды Кеңестер Одағында болмаған "Қарағандырезинотехника" өндірістік бірлестігі қатарға қосылып, химия өндірісінің көшбасшысына айналды. Қалада мұнан басқа үш байыту фабрикасы, темір-бетон өнімдері және екі кірпіш заводы, "Саран" тон-тігін өндірістік бірлестігі, төрт автокөлік кәсіпорны, алты құрылыс ұйымдары жұмыс істеп тұрды. "Саран" бірлестігінің өнімдері сонау Камчатка мен Сібірге жөнелтіліп жатты. Қаланың жедел бой көтеруіне негізгі ұйтқы болған осы резина-техника бірлестігінің салынуы еді.
Өндірістің өсуімен қала да көркейіп, қанатын кеңге жайды. 70-80-ші жылдары қаланың тұрғын үй қоры үш есе өсті. Жаңадан ондаған әлеуметтік бағыттағы нысандар бой көтерді.
Жетіқат жер қыртысын қопарып, байлық селін тасытқан кеншілер 80-ші жылы 2,9 миллион тонна көмір жентегін шығаруға қол жеткізді. Химия өндірісі қарышты дамыды. Сол жылы 80 миллион сомның резина-техникалық бұйымдары шығарылып, алып кәсіпорынның даңқы Одаққа жайылды. Қалада химия-технология техникумы ашылып, сала мамандарын даярлауға бетбұрыс жасалды.
Бұрынғы Одақтың ыдырауымен сарандықтар да қаржы тығырығына тіреліп, тоқырау кезеңінен бастан өткерді. Қала пәтерлері мұздап, тұтастай шағын аудандар жылусыз қалды. Ел жөңкіле көшті. Алайда соның бәрі бүгінде өз орнына келіп жатыр. Мұржасынан түтіні үзіліп қалған РТБ заводын отандық инвесторлар қайыра жандандырды. "Қарағандырезинотехника", "Саранрезинотехника" ЖШС-і бүгінгі таңда тауарларын ығыстыру бағытында ауқымды істер тындыруда. Импортты алмастыру бағдарламасы бойынша сарандықтар 731 миллион теңгенің өнімдерін шығарды. Бұл – қаладағы жалпы өндіріс көлемінің 48 процентін құрайды.
Реформа жылдары қалада көмір өндірісі құлдырай бастады. 96-шы жылы "Саран" шахтасы "Испат-Қармет" ААҚ көмір департаментінің құрамына кірді. Келер жылы оған "Соқыр" шахтасы қосылды. 98-ші жылы Саран, "Ақтас", КСРО 50 жылдығы және Т.Күзембаев атындағы шахталар біріктірілді. Өтпелі кезеңінен зардаптарын бастан кешкен шахталар нарық экономикасында жаңа қырынан көрінді. "Саран" шахтасы бұл бағытта алдына жан салмады. Саран шахталары әлемдік деңгейдегі сынақ алаңдарына айналды. "Шахта-лава" жүйесіне сарандық кеншілер бірінші көшіп, оның өміршеңдігін дәлелдеп берді. Осы шахтаның бір лавасынан 2001 жылғы 10 ай ішінде 1 миллион тонна көмір дайындалды. Міне, өңір өндірісіне осылай жан кірудің нәтижесінде 2001 жылы қалада 98-ші жылмен салыстырғанда өнім өндірудің көлемі үш есе асып түсті.
Тұралаудан даму жолына түскен қалада соңғы он жылдың ішінде былтыр алғаш рет коммуналдық қызметке жергілікті бюджеттен 50 миллион теңге бөлініп, жадау тартқан шәһардың келбетін түзеу бағытында біршама жұмыстар тындырылды.
Ел тәуелсіздігі 10 жылдығы құрметіне сарандықтар өзіндік бағдарламамен жұмыс істеді. Қатарға жаңадан он өндіріс ошағын қосты. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табуда.
Қазақстан суретшілер Одағының ұйымы – суретшілер мен өнер зерттеушілерінің облыстық шығармашылық қоғамдық ұйымы. 1964 жылы құрылған. Қазақстан суретшілер Одағының ұйымы кескіндемешілердің, мүсіншілердің, графиктердің, плакатшылардың, сәндік-қолөнер және халық өнері, көркем құрастыру, дизайн шеберлерінің, сондай-ақ өнер сыншыларының, теоретиктерінің және тарихшыларының ұлттық идеялар рухында тәрбиелейтін көркемдігі жоғары шығармалар жасауына ықпалын тигізеді. 350 (1985) көрме өткізілді, оның ішінде көрнектілері: "Ұлы Отан соғысындағы" жеңіске 40 жыл", "Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартиясына 60 жыл", "СССР-дің құрылғанына 60 жыл", "Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғанына 250 жыл", "Шахтер еңбегінің даңқы арта берсін". Экспозицияларда В.И.Крыловтың ("Шахтерлер майданға аттануда"), М.Әбілқасовтың ("Шахта құрылысшылары"), В.П.Буштың ("Таң"), Ю.В.Камелиннің ("Забойда"), А.П.Плотниковтың ("Социалистік Еңбек Ері Н.Дулинаның портреті"), Л.Т.Ядринцевтің ("Социалистік Еңбек Ері И.Иванов"), А.П.Билыктың ("Шахтер, Социалистік Еңбек Ері Т.Күзембаев"), Ю.В.Гуммельдің ("Ғалия – Теміртаудың жас ғалымы"), Н.Г.Растопчиннің ("Менің қалам"), С.М.Саносянның ("9-бесжылдықтың домнасы"), М.К.Жүнісовтың ("Космос даласы") шығармалары қойылған. Қазақстан суретшілер Одағының ұйымының кейбір аудандық орталықтарында, ұйымдарда, өнеркәсіптік оқу орындарында көркем сурет галереяларын құрды. Қарағандыда СССР суретшілер Одағы басқармасының "9-бесжылдықтың жаңа құрылыстарындағы көрнекі үгіт" тақырыбы бойынша көшпелі Секретариаты (1975, маусым), Қазақ ССР көркем-сурет қоры басқармасының "Комплексті көркем жобалау өнер синтезі" тақырыбы бойынша көшпелі мәжілісі (1979, шілде) өткізілді.
Басқарма председателі В.И.Крылов (1964, 1968, 1976), А.П.Билык (1972), С.Қ.Калмаханов (1978, 1982), В.П.Шульга (1987), СССР Суретшілер Одағы басқармасына В.И.Крылов және С.Қ.Қалмаханов сайланды. Облыстық ұйымда 40 мүше (1988), оның ішінде Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Ю.В.Гуммель. Қазақстан ЛКСМ сыйлығының лауреаты Ж.К.Молдабаев бар.
Қарағандылық суретшілердің, мүсіншілердің, сәндік-қолданбалы көркемөнер шеберлерінің А.Билык, С.Саносян, С.Қалмаханов, П.Кишкис, А.Бегалин, Л.Байковалардың есімдері мен аса қадірлі еңбектері Қазақстанда да, шетелдерде де данқтылы. Олар қала көшелерін, қоғамдық ғимараттарын, ішкі көріністерін безендіреді. Танымал шеберлерімен қатар жас өнерпаздар да шұғылданып жүр. Ақырғы көркемөнер көрмелер көп жас таланттармен таныстыруда.
Өнер зерттеу саласында Орталық Қазақстанда және дизайн кафедрасы ғылыми орталық болып саналады. Кафедрада Суретшілер одағының 8 мүшесі, Дизайнерлер одағының 7 мүшесі жұмыс істейді. Сарыарқаның қолданбалы қолөнері мен Қарағанды суретшілерінің шығармаларының өркендеуіне жүйелі ғылыми пікір айтып, концепция қалыптастырып жүрген кәсіби өнертанушы мамандар, ғалым-зерттеушілер, ғылыми монографиялардың, сыни-шығармашылық басылымдардың, мақалалар мен очерктердің, каталогтар мен буклеттердің авторы: ҚРСО мүшесі Ж.Ш.Балкенов, Л.Р.Золотарева, Ж.Ш.Резин, Ж.К.Қомытов, А.П.Абрамов т.б.
Облыста "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көне ескерткіштерді есепке алу, қорғау, Ұлы Жібек жолы тарихи орталықтарын қалыпына келтіру, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дәстүрін жалғастыру, солардың негізінде турзм инфрақұрылымын құру бағытында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде (2006). КСРО Суретшілер одағы басқармасында В.И.Крылов және С.Қ.Қалмаханов сайланды. Облыстық ұйымда 40 мүше (2006) бар.
А.Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі 1824 жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты (қазіргі "Северная" шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. А.Байжановтың жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н.Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады.
Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушыға 1999 жылы 29 тамызда кеншілердің кәсіби мерекесін және Қарағанды қаласының 65 жылдығын тойлау кезінде А.Байжановтың ескерткішін ресми ашу рәсімі болды. Ескерткіш облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алдына орнатылды. Тастан ойылып жасалған, басында тымағы бар балаң жігіттің тізерлеп отырған, оң тізесінің үстінде қойылған қолында көмірдің сынығы бар ескерткіштің авторы скульптор Ю.Гумель. Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған.
Аппақ Байжанов туралы аңыз Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күнү–күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.
Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла" өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас" болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой" деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді.
Кемпірбай Бөгембайұлы қазақтың суырып салма ақыны, әншісі. Ол 1834 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тәттімбет атындағы ауылында дүниеге келген, 1895 жылы қайтыс болған. Атақты ақынның әйгілі жыр жампоздары Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай ақындармен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналады. Ал Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді.
Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы көркемдік жағынан қазақ фольклорының тамаша үлгілерінің бірі.
Кемпірбай өлеңді кәсіп еткен ақын. Үйде де, түзде де домбрасын қолынан тастамаған. Ақындарды іздеп жүріп айтысқан. Халықтың көңілін өлең жырмен көтеруден жалықпаған.
Кемпірбайдың Шөже мен айтысы өзіндік ерекшелігімен, оқиғасы соншама шиеленіске құрылуымен бағалы дүние. Екі ақын да тапқыр. Екеуінің өлеңінде де ой "пәле-ай", "өркенің өссін" деген ризашылығын жиі естіген. Екі ақынның айтысы 1910 жылы қазанда "Қазақтың айтыс өлеңдері" деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін 1931 жылы С.Сейфуллиннің құрастыруымен "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" атты кітабында жарияланды.
Кемпірбайдың көп шығармасы біздің дәуірімізге жетпеді. Әйтсе де оның осы мұрасының өзі, әсіресе, "Әсетпен арыздасуы" атты туындысы ақынның қазақ әдебиеті тарихынан өзіне лайық орын алуына мол жетіп жатыр. Өйткені бұл өлең туған ел, туған жермен қоштасу ғана емес, оны даріптеуге құрылған.
1879 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы Айыртау бөктерінің Қаратал деген елді мекенінде дүниеге келді. Ақынның әкесі Қалмағамбет елге сыйлы, Ұлытау төңірегіне беделді болып, молдалық құрған тақуа адам. Анасы Мейіз қазақтың ұлы сазгері, әйгілі "Гәкку" әнінің авторы, сыршыл ақын, қайталанбас әнші Үкілі Ыбырайдың туған әпкесі.
Тайжан - суырып салма ақын. Жастайынан ән-жырға, шешендік сөзге әуес болған. Алғашқы өлеңдерінде ауыл адамдары арасындағы қайшылықтар, оқиғалар жырланады. Ақындық атыншығарған өлеңі – "Сегізден бастап сенделдім" (1892). Өз тұсындағы көптеген ақындармен айтысқан. "Октябрь құдіреті", "Дем алдым салқындап", "Мен қайттым Мәскеу барып", т.с.с. өлеңдерінде кеңестік өмірді жырға қосады. К.Алтайскийдің аудармасымен ақынның бірнеше шығармасы "Правда", "Известия" газеттерінде жарияланған.
Сарыарқаның дүлдүлі, Ұлытаудың бұлбұлы, Қарсақпайдың ақыны Тайжанның ерекше дәуірлеген кезі 1934 жылдан басталады, сол жылы республикалық көркемөнерпаздар құрылтайында ең биік дәрежеге жетті. Топқа түссе шашасына шаң жұқтырмай өткен өнер иесі – Тайжан 1936 жылы Мәскеуде Қазақстанның өткен онкүндігіне қатысып, қазақ өнерінің мәртебесін көтерген көрнекті қайраткерлердің бірі. Тайжан ақын қазақтың үш жүзіне де танымал асқан әнші, ақын, сазгер болып қалыптасты. Тек аумалы-төкпелі заманда, 1937 жылы халық жауы атанып, ұсталып, нақақтан атылып кетті.
Тайжан Қарсақпай поселкесіндегі түрмеде қабырғаға жаза берген өлеңдерін сол бөлмеге келіп қамалған бір туысы жазып алып, өзі түрмеден босағасын жиналған жұрт ортасында ақынның осы туындысын оқып отырғанда "біреу" қолынан жұлып алып, отқа салып жіберген көрінеді. Өлең өте ұзақ. Соның 1-2 шумағы ғана сақталған.
Қуғын-сүргінге ұшыраған сонау қандыбалақ 1937 жылдан 1958 жылы Хрущевтың "жылымығы" жеткенше Тайжан "халық жауы" атанды, аты аталудан, еңбегін ел көруден қалды, туған-туыстары қуғын-сүргінге ұшырады. Тек 1970 жылдардан бастап ақынның асыл бейнесін айқын сипаттауға жол ашылды. 1972 жылы жас талапкер филолог Шамқан Қыстауұлы Рахметов Тайжан поэзиясы тақырыбына диплом жұмысын қорғады.
Тайжан айтқан өлең-жырлары көбінесе ауызекі қалпында айтқан, тек өнерсүйгіш қауым, ақынның жанашырлары жаттап алып, ұрпақтан-ұрпаққа шығармаларының біраз бөлігін жеткізген.
Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері К.Салықовтың құрастыруымен 2004 жылы Алматыдағы "Қазығұрт" баспасынан Т.Қалмағамбетұлының "Сақ-сақ күлсін сырнайым" атты жинағы жарыққа шықты. Сонымен қатар Алматыдағы "Үш қиян" баспасынан К.Салықовтың "Ақын Тайжан" атты кітабы шықты. Бұл екі кітап Тайжан Қалмағамбетұлының 125 жылдық мерейтойына арналған.
Ж.Сәрсеков 1899 жылы Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Азамат соғысы жылдарында Батыс Қазақстанда жасақталған атты әскен полкының құрамында ақ гвардияшылар мен интервенттерге қарсы күрескееді. 20-жылдарда басшы комсомол қызметінде, сонан соң бірқатар уездік, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, Ақтөбе округтік аткомы төрағасының орынбасары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы болады. 1932 жылы бүкілодақтық 17 партия коференциясына делегет болып қатысады.
1937 жылдың 4 мамырынан газет ҚК (б)П Қарағанды облыстық, қалалық комитеттерінің және облыстық Кеңестің органы болды. Газеттің редакторлығына тағдыры қиыншылықта өткен жазушы Жұмағали Сәрсеков тағайындалды.
Сәрсеков Жұмағали (1899-1963), публицист, аудармашы. 1932-37 ж. Семейде облыстың газеттің редакторы, "Социалистік Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі. 1937-38 ж. "Қарағанды пролетариаты" газетінің редакторы.
Публицист, аудармашы Ж.Сәрсеков "ұлтшылдығы" үшін жазаланып, қуғын-сүргінге ұшырады.
Ж.Сәрсековты Қарағанды қалалық партия комитеті 1938 жылдың 23 қарашасында, обкомның партколлегиясы сол жылғы 20 желтоқсанда, ал Орталық комитет 1940 жылдың 20 сәуірінде "саяси қыралығы бәсеңдегені үшін" СОКП мүшелігінен шығарған, оған сондай-ақ "1924-1938 жылдары СОКП-ге қарсы белсенді күрес жүргізген Меңдешевтің буржуазиялық-ұлтшылдық тобының құрамында болды" деген де айып тағылған. Сәрсеков бұл топта өзінің болғандығын жасырмаған, 1926 жылы оның құрамынан шыққаннан кейін осы ағымға қарсы белсенді күресте жүргізген. Тек "жылымық" кезеңі басталған шақта ғана, яғни 1956 жылдың 31 тамызында ақталып, партиялылығы қалпына келтірілді. "Бажалар мен балдыздар" (1960), "Зәуреш"(1959), "Сапарластар"(1961) атты драматургиялық шығармалар жазды. И.Тургеневтің (Рудинін", Ж.Верннің "Су астында 20 мың льесін" және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның есімімен Қарағанды қаласында бір көше аталады.
Қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке ашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.
1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі.
Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша С.Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, С.Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады.
Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары "Ленинская смена" газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, "Лениншіл жас" газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды.
Қазақстан өлкелік партия комитетінің "Қарағанды полетариаты" газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер С.Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды.
1935 жылдың жазында С.Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды.
Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.
С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді.
С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: "Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!" депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім "Менің құрдастарым" ромнын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.
Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан "Бақыт", "Мәңгілік өмір", "Өмір көркемдігі", "Келесі соғыс туралы" новеллалары, "Өмір туралы рапорт", "Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа" тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады.
Аяқталмаған "Менің құрдастарым" романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.
Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады.
Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.
С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді.
Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді.
Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.
Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды.
Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."
Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқдәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.
1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Боков - Пономорев станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді.
Жау оғы самолетке дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс Қанат сұнқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нұркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, жастықтарын бірге ала кетті.
Осынау теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді.
Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды енбеккерлері, олардың ішінде кеншілер Нұркен Әбдіров атындағы самолетке қаржы жинап, жауға аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды.
Ростов облысындағы Боков станциясының іргесіндегі Конек ауылында жерленген Нұркеннің басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар. Қарағандынын қақ ортасында батыр Нұркен бейнесі мәнгілікке орнықты, Нұркен ауылында да ескерткіш орнатылды. Кеншілер астанасының әсем спорт сарайы батыр жерлесіміздің есімін иеленген. Қазақ батырының ерлігі қанша жыр - хикаяға, ән мен әңгімеге арқау болды.
Боков орта мектебіндегі отрядтардың бірі Нұркен атында. Батырдың анасы Бағжан бәйбіше Боков станциясының құрметті азаматы болып табылады. Вешенскаядағы мекенінде М.А.Шолохов Нұркеннің анасын мейман еткенін білеміз.
Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.
Сарыарқаның сауыр төсіндегі Жаңаарқа жерінің айтар тарихы да, жұртшылыққа беймәлім, әлі де ашылмаған жұмбақ сырлары да аз емес. 1923 жылы бұрынғы болыстар қосылып аудан аталғанда сайлау өткізуге келген Балаубаев Сәлкен ауданның атын "Асанқайғы" деп қойған. Асанқайғы ауданының құрамына бұрынғы патша заманында аталған – Қойтас. Сораң, Еркесай, Нілді, Ақтау, Ортау, Алабас, Көнек, Қараағаш дейтін Алтай – Қарпық руының болыстары енген.
1923 жылы бытыраңқы болыстар іріленіп аудан құрылғанда, кеңестік жаңа ауданнын аты "Асанқайғы" деп қойылған.
1929 жылдың 16 тамызында С.Сейфуллин ұсынысымен "Асанқайғы" аты өзгеріліп, Жаңаарқа ауданы деп аталды. Аудан жер көлемі 5088 гектардан астам жерді алып жатыр. Осының 88,3 гектары егістік, 20,6 гектары шабындық, 3633,4 гектары жайылымдық жерлер. "Қазақ темір жолына" арасты Петропавл-Жезқазған болат жол мен Павлодар-Қызылорда аралығындағы республикалық дәрежедегі тас жол Жаңаарқа жерін қапдалдаса басып өтеді.
Жаңаарқа ауданында 32,2 мыңнан астам халық тұрады. Олар барлық жиыны 2 поселкелік, 12 ауылдық округтерге қоныстанған. Олар үшін орталық ауданды аурухана, 16 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт, 9 дәріхана қызмет көрсетеді. Орталығы – Атасу кенті. Аудан Сарыарқаның Бетпақдалаға ұласқан түсында шөлейт және шөл белдемелерде орналасқан.
Аудандағы 36 мектепте 7369 оқушы білім алуда, оларға 844 ұстаз дәріс береді.
Жаңарқада аудандық мәдени-сауық орталығы, 15 кітапхана-клуб жұмыс істейді. Кешегі Одақтық және республикалық байқаулардың жеңімпазы – Жаңаарқа халық театры, "Назқоңыр" ұлттық фольклорлық ансамблі аудан мақтанышы.
Жаңаарқа облыстағы агроөнеркәсіптік кешені дамыған аудандардың алдыңғы қатарында есептеледі. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде 569 фермерлік, шаруа-қожалық шаруашылық, 1 акционерлік қоғам, 4 өндірістік кооператив бар.
Қарағанды Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК облыстың негізгі кітап сақтау өкілі, ақпараттық, мәдени, білім беру және халыққа әдістемелік қызмет көрсету және барлық аймақтық кітапхана мекемелерінің қызметін үйлестіру орталығы болып келеді.
Кітапхана 1934 жылы құрылып, 1938 жылы облыстық кітапхана дәрежесін алды. Алты бөлмеден ғана тұратын шағын үйде абонемент, оқу залы және жылжымалы кітап қоры орналастырылады. Ол кезде кітапхана жылына 2000 оқырмандарға қызмет көрсетіп, оларға 30 мың дана кітап беріп тұрған.
Кітапхананың алғашқы ашылған кезі Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келгендіктен, алыстағы елді мекендерді аралап, оларға кітапханалық қызмет көрсетудің өзіндік қиындықтарының болғаны сөзсіз. "Жылжуға жарамды негізгі көлік кітапхананың меншігіндегі жалғыз ат болды" - деп көрсетілген кітапхана күнделігінде.
Жылдар өткен сайын кітапхана жұмысы да бір жүйеге келіп, штаттағы қызметкерлер саны көбейді. Жаңадан әдістемелік және библиографиялық анықтама бөлімдері ашылды. Кітапхананың кітап қоры молайып, оқырмандар саны үздіксіз өсіп, оларға көрсетілетін кітапханалық қызметтің түрі көбейді.
Соғыстан кейінгі жылдары облыстық кітапхана әдістемелік орталық болады. Ескі ғимаратта барлық кітаптары сыймайтын болғандықтан 1947 жылы кітапхананы Ленина №1.А көшесіндегі тұрғын үйдің б ірінші қабатына ауысады.
1952 жылы ақпанның 14 жұлдызында Қарағанды облыстық атқару комитетінің шешіміне сәйкес кітапханаға ұлы орыс жазушысы Н.В.Гогольдың есімі беріледі.
60 - шы жылдар ортасында облыстық кітапхананың кітап қоры 400 мың данаға шейін өсті. Сондықтан да бұрынғы ғимаратта қалу мүмкін емес болды. 1969 жылы қаңтарда жергілікті басқару органдарының арқасында кітапхана Ерубаева 44 көшесіндегі жаңа ғимаратқа көшкен. Көшу кезеңі Қазақстандағы облыстық кітапханалардың жұмыс тәжірибесіне жаңа Жарғы енгізумен тура келді. Онда - облыстық кітапханалар әмбебап саладағы ғылыми кітапханаларға айналады - делінген. Осыған байланысты облыстық кітапханада қалалық абонемент және жалпы оқу залы болумен қатар; ауылшаруашылық, өнер, техника, шетелдер әдебиеті бөлімі, мерзімді басылымдар, өлкетану, мәдениет пен өнер жөніндегі арнаулы салалық оқу залдары ашылған.
70 жылдары кітапхана Республикадағы алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебі болған. Бұл жылдары кітапхана 30-дан астам мекемелер мен ұйымдарға ақпарат бюллетендер жіберіліп тұрды. Ал "Мамандар күні", "Ақпарат күндерін" өткізу кітапхананың әдетіне айналған. Сонымен қатар облыстағы барлық кітапханаларға тұрақты түрде жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіліп тұрған.
80 жылдары кітапхана Бүкілодақтық кәсіби ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. Бұл "Оқырмандардың талап – тілектерін зерттеп білу", "Көпшілік кітапханалардың қітап қоры" Бүкілодақтық зерттеу жұмыстары. 1990 жылы Ұлттық кітапханасымен бірге "Қазақ тіліндегі кітап басылымдары" атты зерттеу жүргізілген.
Кітапхананың тарихында бес қана директор басшылық еткен – Шишкина М., Кечекмадзе Т.И., Князева Ю.С., Безродная Я.А. 1996 жылдан бері директорлық қызметте, бес жылдай осында бөлім меңгерушісі болған Ж.К.Шаймұқанбетова атқарып келеді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, өркениетті елдер өнегесімен дамып келе жатқандығына сай кітапхана 1996 жылы бірінші рет облыстық әмбебап кітапханалары арасындағы "Интернет және электронды байланыс" сайысында жеңіске жетіп, нәтижесінде Интернетке және электронды байланысқа жалғанды.
1997 жылы екінші рет осы Сорос-Қазақстан Қорының "Үлгілі кітапхана" (Модельная библиотека) сайысына қатысып, республикалық деңгейдегі облыстық кітапханалар арасынан тағы да алдыңғы жүлделердің бірін иеленді, сол жылы кітапханада автоматтандыру-компьютерлендіру бөлімі ашылды.
1998 жылы Интернетте "Қарағанды ОҒӘК" www.library.karaganda.kz адресі бойынша веб-сайты ұйымдастырылды.
1999 жылы АБИС НБ МГУ "Библиотека 4.02" автоматтандыру жүйесін сатып алып, кітап қорының электронды каталогын жасауға кірісті.
2000 жылы кітапхана мерзімді басылымдар мақалаларының және өлкетану қорының электронды каталогтарын құру жұмысы басталды. Сонымен қатар "Интернет-класс" құру жобасы жасалып, кітапхананың әрбір бөлімі компьютермен және принтермен жасақталды.
2001 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының "РАБИС" автоматтандыру жүйесіне көшті. Сонымен бірге кітапханада оқырмандарды тіркеу процесі және кітап беру процесі автоматтандырылды. Барлық бөлімдердің компьютерлері жергілікті желіге қосылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өту кезеңінде Қарағанды қаласында "2001 жыл – Қарағанды – Қазақстанның кітапханалар астанысы" атты Халықаралық конференция болып өтті. Осы конференцияға Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың ұжымы ең белсенді жұмыс атқарды.
Кітапхана 2002 жылдың аяғында "Сарыарқа:online": Орталық Қазақстан туралы ақпараттық ресурстар веб-сайтын құру үшін IREX грантын ұтып алды. Ол сайт www.saryarka.freenet.kz адресі бойынша орналасқан.
ОҒӘК бүгінде 12 бөлімі мен секторлары: абонемент, оқырмандар залы, ақпараттық - библиографиялық, өлкетану, халықаралық кітап, жинақтау және өңдеу, жаңа технологиялар, автоматтандыру, кітапханаларды дамыту бөлімдері, мерзімді басылымдар, интернет секторлары, соның ішінде Француз оқу залы мен Американдық ақпараттық ресурс орталығы (Франция дәне АҚШ елшілігі көмегімен ашылған) бар.
Сонымен қатар кітапханада оқырман клубтары, бірлестіктері бар. Олар: "Өлкетанушы", "Жыр-жауһар", "Вива, Лингва", "Сарыарқа" - экологиялық бағытта жұмыс жасайды, "Әдеби қонақжай", "Өнерді сүю де өнер" лекторийі, "Ағылшын және француз тілі оқытушылары Ассоциясының орталығы".
Жыл сайын 25 мың оқырманға қызмет көрсетіледі. 400 мыңнан астам басылым сақталады, соның ішінде қазақ тілінде 30,0 мың, шет тілдерде – 15,0 мың дана. Бұлар: кітаптар, диссертациялардың авторефераттары, мерзімді басылымдар, CD, пластинкалар, бейне-дыбыс материалдар т.б. Жыл сайын 500-ден астам баспа және электронды мерзімді баспасөзге жазылады.
Кітапханада сирек кездесетін және құнды кітаптар қоры бар. Ерекше құнды басылымдар: "Азияттық Ресей" (1914), "Географияға кіріспе" (1790), Д. Мильтонның француз суретшісі Г. Доренің безендірілуімен берілген "Жоғалған және қайтарылған жұмбақ" (1895), Миниатюралық басылымдар.
" Қазақстанның халық шаруашылығы" - 1928 жылдан, " Большевик Казахстана" - 1933 жылдан, " Социалистік Қарағанды" -1939 жылдан – газеттерінің жылдың толық басылымдары сақталған.
Оқырмандарға қызмет көрсеткенде жұмыстың әдеттегідей дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа ақпараттық технологияны – интернет ресурстарын, электронды каталогтар, құжаттарды жеткізудің электронды түрі, "Юрист" , "Заң" деректер базасының электронды түрлері, ЕBSCO т.б пайдаланылады, СД топтамасы 600 дана. Оның ішінде тарих туралы, экология, Қазақстандық заң тану оқулықтары, энциклопедия, Кирилл мен Мефоди мега энциклопедиясы, мультимедиялық әуенді дисклер т.б. Кітапханада төңіректі желіге біріктірілген 68 компьютер, ADSL технологиясы бойынша 512 кбит / сек жылдамдығымен интернетке шығу, 8 орындық интернет – класс жұмыс істейді. Кітапхана 5 wed сайтымен жұмыс істейді және өзінің электронды ДБ құрады, оның ішінде "Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер" толық мәтінді Деректер Базасы. 2005 жылдан кітапхана "Сары –Арқа" электронды кітапханасын құруды бастады, оған кез келген интернетті пайдаланушы кітапханалық wed-сайт арқылы шығуына болады. "Мәдени мұра" 2004- 2007 Аймақтық Бағдарламаны орындау барысында кітапханада құжаттық мұраларды сақтау және цифрлау лабораториясы ашылды. Қазір 2500 құжат цифрланды. Қарағанды облысының 70 жылдығына орай СД жаңа жобасы жасалды – "Қарағанды облысының шежіресі", "Қарағанды менің сүйікті қалам" және "Өлкетану көрсеткіштері СД –да". 2006 жылдан бері кітапханада құқықтық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Оқырмандарға – Қазақстандық құқықтық Д5, оның ішінде ҚР президенті жанындағы адам құқығы туралы комиссияның цифрлы кітапханасы мен ресейлік толық мәтінді құқықтық Д5 бар.
"Қазақстан-2030" және 2004 -2010 жылы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сай кітапханада білім бағдарламасы жетілдіруде: ЖОО, колледж, мектеп оқытушыларына, студенттер мен оқушылар үшін жыл сайын оқыту семинарлары, тренингтері мен ақпараттың семинарлары өткізіледі.
2006 жылдан бастап кітапхана Америкалық халықаралық білім советінің (ACTR/FCCELS) кәсіби және білім алмасу бағдарламасына қатысады және Қазақстандағы АҚШ Елшілігің мәдениет бөлімінің (LREX ) халықаралық білім туралы ғылыми – зерттеу және алмасу жұмыстары туралы өтімдер жинайтын ресми орталығы болып есептеледі.
Кітапхана әр түрлі корпоративті жобаларға қатысады: ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы корпоративті каталогтандырудың Қазақстандық орталығы, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумы, 2006 жылдан ЮНЕСКО аясындағы жалпыресейлік көпшілік құқтық ақпарат орталығын құру бағдарламасына қатысуға сертификатын игерді.
Кітапхана Республика бойынша бірінші болып Ауыл кітапханашыларының Форумын ( 2002ж) өткізді, "Ауыл энциклопедиясы" облыстық конкурсын (2003) өткізді, оқуды қолдану конгресі (2004) , жазғы интернет – "Ақпарат көпшілікке" Университеті (2005,2006), кітапханаларды автоматтандыру проблемалары туралы Республикалық семинар (2006).
Жыл сайын 20-ға жуық библиографиялық әдістемелік құралдары шығарылады. Облыстық семинарлар кәсіби мамандық мектептерінде сабақтар кітапханалардың мамандығын жетілдірудің облыстық курстары өтіледі.
Кәсіби байланыс ауқымы кеңеюде. Кітапхана қызметкерлері барлық Республикалық конференцияларға қатысты. "Қазақстанның кітапхана астанасы" . Халықаралық конференциялар мен семинарларға : ИФЛА-ның Бас конференциясы, (Пекин, 1996), (Берлин,2003 ), Сеул (2006), халықаралық Крым конференциясы (1998,2005,2006), "LIBCOM-2005" халықаралық конференциясы, халықаралық семинар " Электронды кітапхана" ( Турция 2004, Тунис 2007) халықаралық Ыстықкөл конференциясы(2003,2007) мәдени бағдарламалардың аясында АҚШ (2000,2006), Германия (2003,2004) және Франция (2003,2004,2005) елдерінің ірі кітапханаларында болды.
Кітапхана ісін дамытудағы жетістіктері үшін кітапхана директоры Ж . Шаймұханбетова " Ерен еңбегі үшін медалімен(2006) және ҚР мәдениет және ақпарат министірлігінің " Мәдениет қайраткері" белгісімен марапатталды. Халықаралық кітаптар бөлімінің меңгерушісі Ш. С. Баймурзина "Ерен еңбегі үшін" медалімен (2001) марапатталды.
Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ф.Х.Тимершина Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен (2000) және ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдениет қайраткерлері" белгісімен(2007) марапатталды. Жаңа ақпараттық технологияны енгізу туралы аға кеңесші Қайрат Рахим 2006 жылдың қорытындысы бойынша "Жылдың үздік кітапханашысы" деп танылып облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды.
Рамазан Баймағамбетов 1949 жылы Абыралы ауданының "Дегелең" совхозында дүниеге келген. Атамекені "Дегелең" совхозында алғаш рет атом бомбасын жаратын тұста бұлар өре көшіп, Егіндібұлақ ауданындағы Комсомол совхозының "Айнабұлақ" бөлімшесіне келіп коныстанады. Ата-анасы оқыған зиялы азаматтар болды, екеуінің де мамаңдығы ұстаздық. Жастайынан домбыраға қосылып Мәдидің, Ақан сері мен Біржан салдың өлеңдерін орындап жүрді. Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, аудандық, облыстық бәйгелерде көзге түсті. Рамазан бабасы Тәттімбеттей күйші, Мәди ағасындай әнші болуды армандады. Сегіз жылдық мектепті "Айнабұлақ" бөлімшесіңде тәмамдаған соң, он жылдықты Егіндібұлақтан бітіріп, Қарағандының Тәттімбет атындағы музыкалык училищесіне оқуға түседі. Осы оқу орнында жүріп, ол баян, фортепиано, виолончель, мондалинде ойнауға үйренеді. Ән мен жырға шебер, музыкалық ерекше қабілеті бар жігітті Сәкен театры жаңадан қойылғалы жатқан С.Жүнісовтың "Ажар мен Ажал" спектакліндегі Олжабай деген баланың ролінде ойнауға шақырады. Ол кезде театрдың бас режиссеры Мұхтар Қамбаров болатын. Сөйтіп музыка училищесінде оқи жүріп, драма театрында өнер көрсете бастайды. Бойындағы қабілеті мен дарынын ерте аңғарган өнер саңлақтары мен театр басшылары оны драма актеры болуға үгіттейді. Рамазанның өз көңілі де бірте-бірте осы актерлыққа құлай берген. Екінші ойнағаны Арман атты баланың ролі болды. Қадамын енді бастаған "бала қыранның" арқасынан қағып, театрдың мұзбалақ актерлері Әндекең, Мұздекең, Зекең, Ағдекеңдер қанаттандырып, төбесін көкке жеткізгендей етіп қойды. Оған жас актер де имандай сеніп, жігерлене түсті. Ақыры "менің театр актеры болуым керек" деп шешіп, осыған бел байлады.
Бұл 1972 жылдың жазы болатын. Сөйтіп, 19 жасар балғын жігіттің өнердегі өмір жолы басталып кетті. Бұл тұста жерлес жазушымыз Саттар Ерубаевтың "Менің құрдастарым" атты қойылымы дайындальш жатқанды. Ауыр да болса балаң жігітке әке образын сомдау тапсырылды. "Ұядан жаңа шыққан сары ауыз балапан" тәрізді Рекең алғашқыда қатты састы. 19 жасар жігітке әкені ойнау қалай болмақ? "Менен де үлкен кісілер де жүр ғой, соларға неге бермеген" деп кейіген сәттері де болды. Бұл образды әйтеуір ойнап шықты, қалай ойнағаны есінде жоқ. Сахнаға шыкқанда қол-аяғы дірілдеп, "безгек" ауруы ұшырағандай күй кешкені есінде әйтеуір. Бұдан кейін жас актерге тіптен сенім артып, "Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы" адам баласының тағысы, мейірімсіз, адамдықтан безінген көрсоқыр Қарабай ролін берді. Жас та болса, Қарабайды Рамазан өзінің түсінгенінше ойнап шықты.
Рамазан бойындагы өзге актерлерге ұқсамайтын керемет бір қасиет образдың ішіне түсіп, сеніп, беріле ойнайтындығы. Оны сүйретіп жүрген бір құдыретті күш бар. Ол - дарын. табиғат сыйға тартқан талант. Өзгелер секілді институт бітіріп. "Станиславскийдің" жүйесін оқымаса да, кез-келген кейіпкер жандандырьш, құлпыртып жібереді. Рекең денесінің ауырлығына қарамай, сахнада өзін жеңіл сезінеді. Қай жанрға салсаң бәрібір, күй талғамайтын актер.
Рамазан әріптесін жырақта қалдырмай, өзімен бірге "қара өгіздей" ертіп, сүйретіп алып шығады.
Сән-саталтанаты келіскен, құйрық-жалы төгілген шоқтығы биік кейіпкерлері баршылық. Олар "Дос - Бедел Достағы " Жаппас, "Ақкемедегі" Момын шал, "Жақсы кісідегі" Ахмет Хазин, "Мұрагерлердегі" Сызғанов, "Ата парызындағы" Өсербай, "Құлыным меніңдегі " Бозтайлақ, "Отыз ұлың болғаншадағы" Агабо, "Волоколамсктас жолындағы" Панфилов, "Үлпандағы" Есеней, "Алдар Көседегі" Шықбермес Шығайбай, "Күйеу болса, қыз дайындағы" көрші," Әділет азабындағы" Бостон, "Таңғы жаңғырыктағы" Жарасбай, т.б. бейнелер.
1986 жылы Атматыдағы гастрольдік сапар кезінде марқүм Асқар Тоқпанов:
- Сәкен театрында тамаша-тамаша актерлер бар екен. Бұл режиссердың бақыты. Анау Қарғаш, Әсия, Шәміл, Рымкештердің өкшесін басып келе жатқан Рамазан Баймағанбетовтей талантты көріп, өз басым қатты қуанып отырмын. Не деген шалымы кең, орамы мол, шиыршықатқан актер. Талабың таудай болсын,- деп батасын берген болатын.
"Адасқаннын алды жөн, арты соқпақ" дегендей, Рамазан Сәкен театрынан бес-алты жыл қол үзіп, Ақмоладағы Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрына кетіп қалған болатын. Ол оның адасқандығьнан емес, жақсы режиссер іздеп, тау мен тасқа бас ұрғандығынан еді. Тағы басқа өкпесі болғандығы да рас еді. Өнерді уақтылы бағаламағаннан кейін "қайран сөзім қор болды, тобықтының езіне" деп не қылсын! Атақты да абыройды да Ақмоладан тапты. Сол театрда жүріп республиканың еңбек сіңірген әртісі деген атақ алды.
Рамазан актерлікпен қоса режиссерлік мамандықты игеру үстінде жүріп, "Көңілашар" атты жаңа бағдарламасы, көрермен көңілін шын мәнісінде аша алды. Бұдан кейін қойған М.Шахановтың "Танакөз" музыкалық спектаклі де көп көңілінен шығып, өзінің әділ бағасын алды.
Бесаспап өнерпаз-әнші, режиссер "Ғашықтар болмайтын ғасыр", "Қаздауысты Қазыбек", "Алпамыс", "Танагөз", "Мазар", "Әйел махаббаты" сияқты спектакльдерді сахналады.
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Рымбекұлы Баймағанбетов 2008 жылдың 2 шілдесінде пәниден бақиға аттанды.
|