2011 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының оқу залында Өнер туралы әдебиеттер және Абонемент бөлімдерінің ұйымдастырумен бірінші рет "Көктем, Жастар, Көңіл-Күй" деген әз-Наурыз мейрамы өтті. Жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған ұлттық мейрамы биылғы Наурыз еліміз үшін ерекше болмақ. Себебі биылғы жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20-жылы" болып жарияланды. Осыған орай кітапханада іс-шаралар жасалып, әр айдың тақырыптары белгіленді. Наурыз айының лейтмотиві ұлттық салт дәстүрлерді насихаттау болғандықтан Наурыз айы Дәстүр айы болып саналады. Сондықтан біздің кітапхананың ұжымы да осы іс шарадан тыс қалмай алғаш рет айтыс өткізді. Айтысқа студент жастардан топтасқан үш жұп қатысты: 1-ші жұп Елеусіз Жұлдыз бен Байсүгіров Нұрмұхамед, 2-жұп Құрақбай Аманкелді мен Клим Нұрболат, 3-жұп Әділов Мұхтар мен Тәтиев Мейіржан. Қазылар алқасын қаламыздағы айтыскер-ақын, ҚарМУдың аға оқытушысы Жұмағұлов А.Б. басқарды Кітапхана аясындағы "Жыр - жауһар" клубының мүшелері де өздерінің жаңа шығармаларын тыңдармандарға ұсынды. Бұл мерекеге әнші, биші, күйшілерде қатысып үлес қосты. Мерекеге ерекше безендірілген Наурыз мейрамына байланысты, халқымыздың салт-дәстүрлері туралы кітап көрмелері ұсынылды және "Лингва" институтының Шейко С. В. жетекшілік ететін қолөнер шеберлерінің қазақтың ою-өрнектерінен жасалған бұйымдары көрсетілді. Қаламыздағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің бейнелеу және қолөнер бөлімінің студенттері де өздерінің бұйымдарын көрмеге қойды. Көрермендер "Нұр-Әсем" сән үйінің кәзіргі заманға сай тігілген ұлттық киімдерін тамашалады. Айтыстың Гран-при жүлдесін қазылар алқасының шешімімен Елеусіз Жұлдыз иеленді. Оған И. Тасмағанбетовтың үш тілде жазылған, ерекше безендірілген "Сарайшық" альбом кітабы сыйға тартылды. Кештің соңында мейрамға жиналған қауым Наурызға бата беріп, Наурыз – көжеден дәм татты. "Слушайте все! Слушайте Все! Не говорите – не слышали, Не говорите – не видели! Поспешите на наш праздник "Наурыз"! На праздничном айтысе, который прошел 16 марта в 11 часов в читальном зале Областной библиотеки имени Н.В. Гоголя действительно присутствовали весна, молодость и отличное настроение. Именно это состояние и отражает главную суть прекрасного праздника Наурыз мейрамы, ежегодно проводимого в стенах библиотеки. Не удивительно, что в этом году программа праздника была посвящена 20-летию Независимости Республики Казахстан. Задуманный в форме айтыса, Наурыз-2011 отвечал главному лейтмотиву марта – раскрытию традиций и обычаев казахского народа. Он объединил самых задорных острословов из активных читателей библиотеки: Куракбай Амангельды, Байсугуров Нурмухамед, Татиев Мейржан, Адилов Мухтар, Елеусиз Жулдыз и Клим Нурбулат, член поэтического клуба "Жыр-Жауһар". Читателей, вошедших в зал, на восприятие праздника настроило само его убранство. Оформленный как фрагмент юрты, читальный зал приглашал всех желающих в гости на айтыс. А помогала в осуществлении этой важной задачи большая выставка "Көктем. Жастар. Көңіл–күй – Весна. Молодость. Настроение". И ведущие праздника, и участники айтыса своими выступлениями очень умело её озвучили, раскрыв информационное содержание. Композиция выставки синтезировала основную идею мероприятия: важнейшее богатство народа – талант. Сочетание богатейшей книжно-иллюстративной коллекции библиотеки с произведениями искусства, предоставленными читателями абонемента и отдела искусства библиотеки, участниками изостудии при институте "Лингва" (руководитель Шейко Светлана Николаевна), учащимися отделения изобразительного и декоративно-прикладного искусства колледжа искусств имени Таттимбета (преподаватель Менщикова Наталья Вячеславовна) оставило сильное впечатление. Как и всегда в дни празднования Наурыза, собирающего под библиотечным шаныраком яркие творческие личности: в программе вечера звучали произведения самодеятельных поэтов – участницы творческого объединения читателей "Литературная гостиная" Светланы Шафрановой, проникновенная лирика Веры Голобородько, Есенкелди Нургуль, а также членов поэтического клуба "Жыр-Жауһар". Зажигательный и очень пластичный танец "Қара жорға" рассказал о пробуждающейся весной любви. Подарком в качестве Гран-при главной победительнице айтыса Жулдыз Елеусиз был альбом И. Тасмагамбетова и З. Самашева "Сарайчик". Итак, праздник – веселый, музыкальный, красочный! – состоялся.
|
Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК