сайтына Қош келдіңіздер!


Халқымыз “Сарыарқа” деп атайтын Орталық Қазақстанда орналасқан Қарағанды аймағы ірі индустриялы-аграрлық өлке. Қарағандының жер қойнауы қаншалықты орасан зор бай болса, халқының рухани, мәдени, әдеби байлығы да ұланғайыр.
Халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері Орталық Қазақстанда ерте замандарда дамыған.
Бұқар жырау Қалқаманұлы, Жанақ Сағындықұлы, Қобылан Бөрібайұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Кемпірбай Бөгембайұлы, Нармамбет Орманбетұлы, Айтпай Демікпеұлы, Әсет Найманбайұлы және т.б. ақын-жыршылар, әнші-күйшілер ғасырлар бойы халық арасында әйгілі болды.
Ғабдиман Игенсартов, Жайық Бектұров, Ғабиден Мұстафин, Михаил Балыкин, Сапарғали Ләмбеков, Серік Ақсұңқарұлы және т.б. өлкеміздің әдебиет саласының шоқ жұлдыздары туралы ақпаратты әлемдік ақпарат жүйесіне ұсынып отырмыз.
Осы сайт материалдары Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындығы ғылыми әмбебап кітапханасының өлкетану бөлімінде, бірнеше жыл бойы жинақталған құжаттар қорынан ұсынылып отыр.

P.S. Осы сайт туралы сіздердің ұсыныс, пікірлеріңізді, талап, тілектеріңізді күтеміз. Байланыс телефондарын байланыс тарауынан қарауға болады.


Сайттың веб-дизайнері: Умбединова Г.Н.
Координатор: А. Савинский
© Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОҒӘК