Клуб жайлы
Клуб жоспары
Алғашқы толқын
Жас толқын
Шығармалар
Мерзімді баспасөз беттерінде

 

Басты бет
Ақпарат
Халық ақындары
Аңыздар
Ақындар
Жазушылар
"Жыр жауһар" клубы
Байланыс

8 ақпан күні 2006 жылы Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өз шаңырағында жұмыс жасай бастаған “Жыр-Жауһар” поэзия клубының тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл мәдени шара қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 75 жыл толуына орай “Өлеңім көшіп барады болашаққа” атты поэзия кешімен орайластырылды.
Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали ұрпақтарға ұлаңқайыр мұра қалдырып кетті. “Өшеді өлең немесе көшеді өлең” деп өзі анық пайымдағандай бүгінгі егемен елінің еркін аспан, азат даласында қырандай самғап, жиырма бірінші ғасырға жаңа сәнмен бет түзеген рухани керуеніміздің көш басында қазақ поэзиясының қара бурасы болып Мұқағалидың өзі келеді.
Бұл кешке өлең өлкесінде өзіндік бағытпен қалам сермеп келе жатқан жас болса танымал ақын Қайрат Асқар арнайы келіп, поэзия клубының тұсауын кесіп, Кеңес дәуірінің ұлы перзенті Мұқағали туралы, оның поэзиясының ұлылығы жайлы өз ойын бөлісті.
Облыстық Тіл дамыту басқармасының басытығы Мұсабеков Бақытқали Мұхаметқалиұлы, кітапхананың тұрақты оқырманы, бірнеше кітаптың авторы, Қарағанды облыстық Сотының судьясы Азбанбаев Марат Ақторғайұлы Мұқағали туралы кеңінен толғанып, оның өлеңдеріне жазылған әндер туралы айтып өтті. "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ашылуы сияқты мәдени шараның қажеттілігі, маңызы туралы айтып, өз тараптарынан осы шараға қолдау көрсететінін атап өтті.
Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрынан келген актерлар Мұқағалидың өлеңдерін терең тебіреніспен оқыды. Онымен қоса Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. "Дұшпаның бар ма?", "Аягөз ару" секілді әндерді халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ерлан Құжиманов, театр актеры Батырхан Бәкіжанов нақышына келтіріп орындады.
Мұқағалидай мұзбалақ ақынның туған күні қарсаңында өткізілген поэзия кеші көптің көңілінен шықты.
Осы кешке көрермен ретінде келген Қарағанды Мемлекеттік университетінің, маңызды білім беретін "Болашақ" институтының, "Талап" колледжінің студенттер қауымы "Жыр-Жауhар" атты поэзия клубына мүшелікке қалатындықтарын білдірді.
Алдағы уакытта "Жыр-Жауһар" клубы өз отырыстарында келешегінен көп үміт күттіріп жүрген жас ақындар тәлімгер ақын ағаларынан поэзияның қыры мен сырын үйреніп және еліміздегі қаламы әбден ұшталған дарынды ақындардың мерейтойларын өткіземіз деп жоспарлап отыр.
Жиылған қауым поэзия клубының келесі отырысын студенттердің білім орталығына айналған кітапхананың қара шаңырағында 19 ақпан күні өткізуге уәделесті.

«Жыр-Жауһар» поэзия клубының ЕРЕЖЕСІ:

«Жыр-Жауһар» поэзия клубы – оқырмандардың бос уақытын өткізуге, олардың жалпы қаламгерлік қызығушылықтарын,  әртүрлі әдеби сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылған.

  1. «Жыр-Жауһар» поэзия клубы Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы негізінде құрылған.

  2. Клубтың қызметі: танымдық, насихатшылық және көркем-шығармашылық.

  3. Клуб отырыстары кварталда бір рет өтеді. Жоспардан тыс шығармашылық, әдеби кештер клуб мүшелерімен бірге ақылдасып өткізіледі.

  4. Клуб қызметі кітапхана әкімшілігі бақылауында. Кітапхана әкімшілігі клубтың кездесулері мен әртүрлі іс-шаралар өткізуге қажетті шарттарды жасайды.

  5. Клуб басшылығын абонемент бөлімінің меңгерушісі және осы бөлімнің кітапханашысы орындайды.

  6. Клуб басшылығы жылдық және айлық жұмыс жоспарын құрады, оның іске асырылуын ұйымдастырады, клуб мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі.

  7. Клуб мүшелері клуб белсенділерін тағайындайды, олар өз тараптарынан  көпшілік шараларды дайындау және өткізу кезеңінде клуб басшылығына көмектеседі.

Клубтың әлеуметтік функциясы

қарым-қатынас жасайтын орта құру, жоғары өнегелілі байланыс ұйымдастыру, «Жыр-Жауһар» поэзия клубы мүшелерінің поэзияға, қазақ жырына деген қызығушылықтарын арттырып, талаптарын ұштау.

Бұл клубтың мақсаты:

қаламыздың, облысымыздың жас ақындарына өз қаламдарын ұштауға, талаптарын кеңейтуге көмек көрсету. Әрбір оқырманның қазақ жырына деген құштарлығын арттыру.
Егер өз бойыңызда өлең жазуға деген дарын болса немесе қазақ ақындарының талап-деңгейлері туралы білім алуға деген құмарлығы бар жан болсаңыз Сіз "Жыр-Жауһар" поэзия клубына мүше бола алады.

Қорытынды:

поэзиялық клубтың белсенді оқырмандарын - 15 адамнан калыптасты, клубтың негізгі беделді мүшелері "Болашақ" институтының, Тәттімбет өнер колледжінің, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ң және гуманитарлық колледжінің студенттері құралады. Клубтың төрт отырысы болып өтті, осы отырысқа – 220 адамдай қатысты. Мемлекеттік тілдегі кітаптарға сұраныс көтерілді. Жас талапкерлердің одан әрі алға басу мақсатымен шығармалары "Жас қаламгер" альманағына жарияланып отырады. Сонымен қоса "Жыр – Жауһар" поэзия клубының буклеті шығарылды

 

Кері қайту


© Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОҒӘК