"Болашақтың кітапханасы" шығармашылық алаңыАлаңда "Библиотека будущего: 10 трендов развития" тақырыбында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың тифлопедагог-реабилитологі Фалежинский Станислав бейнебаяндама жасады. Өз сөзінде ол тыңдаушылар назарын кітапханаларда коммуникациялық технологияларды (коммуникаторлар, iPad планшеттер, электронды кітап оқуға арналған ридер-құрылғылар, iPod плеер, бейнекамералар, МРЗ-плеерлер және т.б.) қолдану аясындағы жобалар мен пікірталастарға баса аударды. Шығармашылық алаңда Flip Book Maker бағдарламасында "3D кітап жасау" шеберлік класы ұйымдастырылды. Шеберлік класына қатысушылар өз үй жұмыстарымен келді, олар дәстүрлі пішінде алдын ала даярланған библиографиялық құралы мен музыкалық файл мен суреттерді өздерімен алып келген болатын. Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Анастасия Болдыш Flip Book Maker бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, парақтарды аударып отыру мүмкіндігі бар 3D флэш-кітап жасауды үйретті. Баспа түріндегі басылымды мультимедиялық өнімге айналдыру флип-әсер негізіндегі бағдарламаларды қолдану нәтижесінде жүзеге асады. Флэштағы флип-әсерлер көру және дыбыстық әсерлер арқылы қабылданатын интерактивті кітаптар жасауға мүмкіндік береді, ал ол кітап пен пайдаланушы арасындағы жақындастықты арттыра түседі. Осы алаңға қатысқан 26 жас кітапханашы өз кітапханаларына 3D пішініндегі дайын мультимедиялық дискілерін алып кетті. "Инновациялық жобалар – кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні" шығармашылық алаңы2012 жылдың 26-27 шілдесінде қаламыз облыстың жас кітапханашыларының инновациялық ізденістері мен креативті идеяларының орталығына айналды. Форум аясында ең үздік инновациялық жобалар байқауы 5 бағыт бойынша жарияланған болатын: "Оқудың болашағына көз салсақ", "Ақпараттық технологиялар және шығармашылық", "Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасын" ақпараттық сүйемелдеу", "Кәсіби деңгейді көтерудегі жаңашылдықтар", "Кітап қорын қалыптастырудағы интернет ресурстар". Байқауға барлығы 30 жоба ұсынылды, тек "Кітап қорын қалыптастырудағы интернет ресурстар" номинациясы бойынша жоба ұсынылмады. Жобаларды бағалаушы қазылар алқасы (А.С. Шаймұханбетова, Қарағанды облысы мәдениет басқармасының бас маманы, Д.Б. Аманжолова, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, С.Ж. Жүсіпова, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың әдіскері) әр жобаны мұқият қарап шығып, 13 жобаны көпшілік алдында қорғауға ұсынды. Форумның бірінші күні "Инновациялық жобалар – кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні" шығармашылық алаңында осы іріктеліп алынған жобалар көпшілік алдында қорғалды. Әр үміткердің өзінің қолдаушылары мен жанкүйерлері болғаны барлығына да демеу бергендей болды. Жобаны көпшілік алдында қорғау оңай болған жоқ деуге болады. Осы орайда кітапханашының шешендік өнері мен кітапхана жұмысының қыр-сырын жетік меңгергендігі және өз идеясын нық қорғай білуі аңғарылатыны сөзсіз. Дегенмен, әр үміткер жобасын өзіндік деңгейінде сәтті қорғап шықты деуге болады. Жоба тақырыптары баршаға қызықты болып, ол жобалардың әрі қарай жүзеге асырылуы назарда болатыны баса айтылды. Алаңда жас кітапханашылардың қоғамдағы кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған озық идеялары мен кітапхананың қазіргі күндегі орны туралы сұхбат болды. Кітапхана жұмысын жандандырудағы жобалардың алатын орны және оның өзектілігін айқындай білу мәселесі де қаралды. Жобаларды қорғау нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей белгіленді: "Кітапханалық дебаттар" шығармашылық алаңы"Кітапханалық дебаттар" шығармашылық алаңында "Кітап және интернет – қайсысы озады?" тақырыбында бүгінгі күннің тартысты мәселесі қозғалды. Дебатқа барлығы 25 жас кітапханашы қатысып, өз ойларымен бөлісті. Дебатта екі команда құрылып, біреулері кітапты жақтаса, екіншілері заманауи қоғам жетістігі – интернетті – жақтады. Дебатқа тосыннан келген адам кітапханашылар арасында болған тартымды тартыстың куәгері болды. Жас мамандар тек мамандықтарын ғана игеріп қоймағандарын аңғартып, өздерінің жан-жақты білімдерін, ойларын ортаға сауатты ұсына білді. Дебатта нағыз шешендік қабілеттері мен ой-өрістерінің озғырлығын танытты. Осы алаңда әлемнің озық ойларын алаңдатып отырған мәселелер тілге тиек етілді, қазіргі жастардың кітап оқуға деген құштарлығының төмендеуі салдарынан болашақта мәдениет пен ғылымға, жалпы адамзатқа түсетін қиын күндер де алыс емес екендігі, елдің ертеңгі жүгін көтерер жастардың ойлау және ізденімпаздық қабілеттерін дамытуға ешқандай құлқы жоқтығы айтылды. Бүгінгі жастардың (кейде орта жастағы азаматтар үшін де) көпшілігіне интернет барлық мәселені шешетін виртуалды әлем болып табылып, жастардың оқу және білім мәселесі болсын, сауық мәселесі болсын, тіпті қарым-қатынас мәселесі де виртуалды және тез шешілетін орынға айналып отырғаны жасырын емес. Сұрақтарына дайын шаблондар тауып отырған жас өркеннің алға басуы, ізденімпаздық қабілетінің дамуы екіталай болып отыр. Осы және басқа да мәселелерді талқылып, пікірталасқа түсіп отырған кітапханашылар кітап пен интернеттің келесідей жақтарын жан-жақты талқылаудан өткізді: қолжетімділік, ақпараттылық және ақпарат іздеу мүмкіндіктері, белгілі бір тақырыптың толыққанды ашылуы, маңыздылығы, мазмұнын пайдалану мүмкіндіктері, денсаулық, өмір сүргіштік қабілеті. Осы мәселелер төңірегінде кітап пен интернеттің оң, озық жақтары мен кемшіліктері дебатқа қатысушылар тарапынан толық зерттелді десе де болады. Дебат соңында кітапханашылар интернет пен кітаптың арасындағы тартыстың болуы заңды құбылыс екендігі және адамзат ойының осы екі нәтижесі бүгінде бір-бірімен қол ұстасып жүріп, адамзат мүддесі үшін еңбек етсе деген тоқтауға келді. Дебат бүгінгі күні кітап пен интернеттің бірінен бірінің артықшылығын ерекше деңгейге көтеру туралы ойлаудан аулақ болу керек деген ойлармен түйінделді. "Кітапханашы мамандығының болашағы бар ма және заманауи кітапханашы қандай болу керек?"Skype-лабораториясы" шығармашылық алаңы"Кітапханашы мамандығының болашағы бар ма және заманауи кітапханашы қандай болу керек?" тақырыбында ұйымдастырылған шығармашылық алаң Skype-лабораторияға айналды. Қатысушылар осы бағдарламамен жұмыс істеудің қыр-сырымен танысып, өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Алаңға қатысушы кітапханашылардың арасында Skyp арқылы достары мен туысқандарын тауып алғандары да болып, олар өзара сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
Шығармашылық алаңдағы басты міндет Балқаш және Шахтинск қалаларының кітапханаларына бейнеқоңырау шалып, "Кітапханашы мамандығының болашағы бар ма және заманауи кітапханашы қандай болу керек?" тақырыбында пікірталас ұйымдастыру болды. Компьютер мониторының ар жағында отырған кітапханашылар кітапханаға ХХ ғасырдың сонау 80-жыдары келгенімен, кітапқа деген ерекше ықыластарын әлі күнге жоғалтпағандарын аңғартты. Кітапханашы мамандығының болашағы мен мамандыққа қойылып отырған талаптар да әңгіме өзегіне айналды. Тәжірибелі мамандар жастарға мамандыққа қалай келгендері туралы, қазіргі заман кітапханашылары алдына қойылып отырған міндеттер туралы сұхбат құрды. Жастар сөз орайында кітапханашы мамандығының қиын жақтары мен қызықты кезеңдеріне тоқталып өтті. Өкінішке орай, кей жас мамандар басқа жұмыс болса, кітапханадан кететіндерін аңғартты, дегенмен, кітапханада алған тәжірибелерін өз жүректерінде сақтап қалатындарын да баса айтты. Сұхбат соңында тәжірибелі кітапханашылар мен жас мамандар кітапханашы мамандығының әлі де өмір сүргіштік қабілетінің зор екендігін және бұл мамандық тек басқа пішінде, басқа талаптарға сай болып өзгергенімен, қоғамға керек деген қорытындыға келді. Заманауи кітапханашы бәсекеге қабілетті болуы керек екендігі және мамандықтың болашағы тек өздерімізге байланысты болады деген пікірлер айтылды. |
Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК