ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Бірқағарлар

ПӘЛЕ, ШІРКІН!
(кейбір кітаптарды оқи келе)

- Сен осы қойдың ішінде жаужұмыры болады дедің-ау деймін? - Иә, болады. - Ал сонда түйеде не болмақ? - Не болатын еді, таужұмыр болады да. - Пәле, шіркін біліпсің, түйенікін дәу жұмыр дейді!

***

- Киіктің еркегін не дейді?
- Не деуші еді, қошқар дейді.
- Ал арқардікін ше?
- Оныкі теке болады да.
- Пәлі, шіркін біліпсің, азбан емес пе екен!

***

- Ерте кезде адамның денесінде қалып қойған оқты түсіру үшін оның үстінен кімді қарғытқан?
- Қызды.
- Жоқ олай емес.
- Енді қалай? Онда қатынды қарғытқан болар.
- Қандай қатынды?
- Кәдімгі ұрғашы қатынды да.
- Пәле, шіркін, біліпсің, ақсақ қатынды емес пе екен!

***

ҚИНАЛҒАН ЖЕР

Көптен бері бала көтермей келген Күлима, құдай оңдап, қырық алтыға келгенде ұл тауып, атын Кенжебек қойды. Арада екі жыл өтісімен қыз тапты. "Осыдан соң енді еш-теңе бола қоймас" деді де оның атын Кенжегүл қойды. Бірақ бұл ойы ақталмады: елуге шыққанда бір қызды және тапты. Пенде емес пе, Күлима сонда:
- Кенжебек дедім қоймадың, құдай, Кенжегүл дедім қоймадың... Енді мына қыздың атын кім қоярмын?!-деп кейіді.

***

"ЖӨНІ БАР"

Сыраның кезегінде тұрған жігіт сатушыға:
- Саптыаяқты неге орта құясыз?- деп кейіді.
- Саған толтырып құйсам, сонда сенің соңыңда тұрғандар не ішпек?- деді сатушы.
"Мұнысының да жөні бар екен-ау" дегендей, жігіт ештеңе айта алмай қалды.

***

ТИГЕНІ - ТЕРЕККЕ!

- Бас-аяғы екі-үш ауыз ән салып "Еңбек сіңірген артист" атағына ие болдыңыз... сәті түсейін деген іске дауа жоқ екен ғой!
- Пәлі, соның өзін де өліп-талып азар орындадым емес пе!

***

- Әлгі бір тартқан күйіңіз "Қосбасар-ау" деймін?
- Иә.
- Ол кімнің қосбасары?
- Тәттімбеттікі.
- Оның алдында тартқаныңызшы.
- Ол да.
- Ал, осы тартып отырғаныңызшы?
- Өзімдікі.

***

- Сіз қалай деп ойлайсыз, ақшаның ірісі жақсы ма, ұсағы жақсы ма?
- Басқаны қайдам, мен өзім екі тиындық пен үш тиындық бақырды ұнатам.
- Себеп?
- Себебі үш тиын- сусын, екі тиын- телефон. Басқа ақшаның қолынан бұл келмейді.

***

- Биылғы сойған соғымың былтырғыдай емес, байқап отырмын, арықтау екен.
- Арықта болса, қымбатқа түскен ет. Жеп тойып алыңыз.
- Сатып алған екенсің ғой?
- Жоқ. Осы ет үшін жауапқа тартылып отырмыз.

***

- Сіз тамағыңыз ауырғанда оны немен шаясыз?
- Өзің ше?
- Содамен.
- Жоқ, мен спиртпен, кейде арақпен шаямын.
- Сонан кейін қайтесіз?
- Қайтушы едім, төгіп тастаймын.
- Ой, әттегене-ай!

***

- Колхозыңызда қанша мал бар?
- Онбес мың бас қой, мың үш жүз бас жылқы, сегіз жүз бас сиыр бар.
- Демек, сонда бұларды бағу үшін де кемінде бір жиырма бас малшы керек болды ғой?

***

- Жарыстың қандай түріне қатыстың?
- Биіктікке секіріп, қашықтыққа жүгіріп, ұзындыққа қарғып қайттым.
- Көлденеңдікке ше?

***

Институтқа түспек боп емтихан тапсыра келген жігіттің документтерін тексеріп бір неше жерден құлап қайтқанын көрген профессор:
- Өзіңнің де отырмаған төбеңнің басы қалмаған екен,- депті.
- Ағатай, бірдеңе жасай көріңіз... Сізді де бір төбе деп келіп отырмын ғой,- деп жауап қайтарды болашақ студент.

***

- Сіздің үш балаңыз бірдей үздік жақсы оқиды дейді, рас па?
- Рас.
- Мұныңыз үлкен табыс екен. Балаларыңыз жақсы оқу үшін не істейсіз?
- Киноға, моншаға жібермеймін.

***

Ішіңнің қаншалықты жуандап өскенін білгің келсе, аяғыңның тырнағын алып көр.

***

Магазиннен каска сатып алып кигеннен кейін інісі мотоциклші ағасының артына мінгесіп жатып:
- Каскамыз бар ғой, ағатай, енді төрт жүзге қойып айда!- дейді.

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100