Әлиева Н.
Баекенов Ж.
Балабаева А.
Бекжанов А.
Кеңесбеков Е.
Медеубаев К.
Мирзахметов А.

 

Басты бет
Ақпарат
Халық ақындары
Аңыздар
Ақындар
Жазушылар
"Жыр жауһар" клубы
Байланыс

Алиева Н.Мен Алиева Назерке Сакенқызы 1989 жылы наурыздың 25 жұлдызында Жезқазған қаласында дүниеге келдім. 1995 жылы Түгіскен мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. 1996 жылы Жәйрем кентіне көшуімізге байланысты сол қаладағы №10 орта мектебінің 2а-сыныбына қабылдандым. 2004 жылы 9-сыныптан кейін Қарағанды Гуманитарлық колледжінің  шет тілі бөліміне оқуға түстім. Қазір осы колледждің 3 курсында оқимын.

Шығармалары:

Көктем келді күлімдеп
Қыс суреті

 

Кері қайту


Баекенов Ж.Р.Баекенов Жанат Рүстемұлы 1987 жылдың 7 қыркүйек жұлдызында Қарағанды облысының Қасиетті Ұлытау ауданының Қаракеңгір кеңшарында дүниеге келген. 1995 жылдың күз айында ең алғаш мектеп табалдырығын аттады. Мектеп қабырғасында оқып жүрген алғыр да, зерек Жанат оқуды ұқыпты оқып, достарының арасында сыйлы,үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарады.  2005 жылдың жаз айында мектепті жақсы нәтижемен аяқтап, Қарағанды қаласындағы Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті жанындағы Ақпараттық Технологиялар және Бизнес колледжінің “Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығы бойынша оқуға түсті. Бүгінгі таңда осы оқу орнының 3-курс студенті. Қазіргі таңда Қарағанды қаласындағы студенттер қауымының белсенді мүшесі.
Ақын жанды Жанат сонымен қатар өзі өлең, қара сөз жазып, бірталай мүшәйраларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
2006 жылдың ақпан айында Облыстық Жайық Бектұров атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген "Махаббат жайлы" ең үздік шығармалар байқауының 1-орын иегері.
"Дүбірі бөлек дүлділдің" атты 4 Облыстық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысушы.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығына,Қарағанды облысының 70-жылдығына және Халықаралық студенттер күніне арналған "Жастар – Қазақстанның болашағы" атты 8 аймақтық студенттер фестивалінің жастар шығармашылығыконкурсындағы "Авторлық орындау - өлең" номинациясының 3 дәрежелі диплом иегері.
Қасым Аманжоловтың  95 жылдық мерейтойына орай өткізілген қалалық көркемсөз оқу шеберлер байқауының 3 орын иегері.
Оралхан Бөкей мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Екі арыс-екі ағыс” атты көркемсөз оқу шеберлер байқауының II орын иегері.
Қарағанды қалалық дәстүрлі көркемсөз шеберлер байқауының III орын иегері.
Облыстық “От ауызды, орақ тілді шешендер” сайысының байқауына қатысушы
“Жас талап-2007” фестивалінің эстрадалық өнер бөліміндегі “Конферанс” номинациясының жүлдегері.
2007 жылы қыркүйек айында Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында Абайдың "Қара сөздері" кітабына арналған "Қара сөзбен халқына жол нұсқаған" атты облыстық әдеби фестивалінің бас жүлдегері.

Шығармалары:

"Болмасаң да ұқсап бақ…"

Кері қайту


Мен Балабаева Айнагүл Таупыққызымын. 1989 жылы тамыздың 8- ші жұлдызында Бұқар-жырау ауданы, Ботақара кенті, Ақжар ауылында   жарық дүниеге келгенмін.1996 жылы аудандық № 1 қазақ орта мектебінде оқып, 2005 жылы  орта біліммен  айяқтадым,осы жылы  Қарағанды гуманитарлық  колледжінің бейнелеу өнері және сызу бөліміне түстім,қазір 3-шi курс студентімін. Өлеңдерім аудандық "Сарыарқа" газетінде жарық көрді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жарық көрген. "Балдәурен" газетінің тілшісі болдым. Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми- әмбебап кітапханасында құрылған "Жыр Жауһар" поэзия клубының мүшесі.

Шығармалары:


Кері қайту


Аты-жөні: Бекжанов Айбек
Туған жылы: 1987ж.
Мекен-жайы: Қарағанды қаласы
Оқитын оқу орны: Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ - 3-курс
Қосымша мәлімет: Жас ақын
Жазылған кітапханалары:

  • Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК, "Жыр жауһар" поэзия клубының мүшесі
  • Саран қаласындағы орталық кітапханасы
  • А.Букетов атындағы ҚарМУ-нің кітапханасы

Шығармалары:

"Нұқсан мен құстар" немесе Тұрсынбай мен Таранино

 

Кері қайту


Керімсал Кеңесбекұлы (Ерқанат Кеңесбеков), 1986 жылы  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Матақ ауылында өмірге келген.
2004 жылы Қарағанды қаласындағы облыстық Н. Нұмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының түлегі болады. Сол жылдың күзінде Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университтетінің Филология факультетіне құжат тапсырады. Өнер өлкесіне ерте қадам басқан Керімсал.

Шығармалары:

Ақындар рухына бағыштау
Алхорлы қыз

Арланды естідім ұлыған
Бәдіктің күлкісі бағалы

О, Отан, атамекен, асқаралым
Сұрама хал-жайымды

Төрттаған

Кері қайту


Мен, Қуаныш Абдоллаұлы Медеубаев 1987 жылдың 12-қарашасында Қарағанды қаласында дүниеге келдім. 1994 жылы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов атындағы кеңшарына қарасты, Ақбай-Қызылбай бөлімшесінде алғаш мектеп табалдырығын аттадым. 1996 жылы Көктас ауылына көшіп келіп, 2005 жылы жергілікті мектепті тәмамдап шықтым.
Әкем – Абдолла Әлмағанбетұлы Медеубаев, 2002 жылы қайтыс болған. Көзі тірісінде еңбек, сызу пәндерінен ұстаздық етті.
Анам – Гүл-Бақыт Қойшыбекқызы Әбдірахманова, Көктас ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қарындасым Гәкку 6-сынып оқушысы.

  • Аудандық мүшайралардың: "Абай оқуларының" ІІ жүлдесі,
  • Қ.Аманжолов атындағы дәстүрлі аудандық мүшайрасының ІІ жүлдесі,
  • "Жыр жазамын жүрегімнен" оқушылар байқауының І жүлдесі иегерімін.
  • 2006 жылы О.Бөкей атындағы облыстық көркемсөз шеберлері  байқауында ІІІ жүлдеге ие болдым.
  • 2006 жылы облыстық "От ауызды, орақ тілді шешендер" байқауында Бас жүлдені жеңіп алдым.
    Бүгінгі таңда Қарағанды маңызды білім беретін "Болашақ" институтының ІІ курс студентімін.

Шығармалары:

Арқаның алтын тәжі – Қарқаралы
Байқоңыр базынасы
Безгелдек би
Бойдақтық жыры
Бұқардың бүгінгі әні...
Еркіндік жыры
Жоқ бүгін сол сергелдең, арслаңым!
Зар заман
Қоштасу
Мен әлі күн сендерге көп сенемін!
Менің түсінігімше!
Өздеріңмен бақытты құра алмадым!
Табыну

Кері қайту


Мирзахметов Алмаз Әмірбекұлы 1987 жылдың 4 қазанында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Қарынши ауылында дүниеге келген. Бастауыш  сыныптарды жергілікті ауылда оқып, 5 сыныптан бастап Жамбыл Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған  №7 мектеп-интернат гимназиясында жалғастырған. Оқуды Астана облысы №26 орта мектебінде аяқтады. Қазіргі таңда Қарағанды гуманитарлық колледжі  Ш-05 Б тобы "Бастауыш сыныпта жалпы білім беру" бөлімінің студенті.Қарағанды гуманитарлық колледжінің жанындағы "Құрбылар" клубының төрағасы;

  • Облыстық "Жыр-жауһар" поэзия клубының мүшесі;
  • Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының "Бота" клубының мүшесі;
  • Қарағанды аймақтық "Қазақша КВН" ойындарының 2007 жылғы бас жүлдегер  "Тфә-Тфә" командасының мүшесі:
  • Облыстық "Атамекен" патриоттық өлеңдер мүшайрасының лауреаты;
  • Облыстық "Махамбет оқуларының" бас жүлдегері;
  • Республикалық "Махамбет оқуларының" ІІ дәрежелі диплом иегері.

Шығармалары:

Анама
Ерке қызға!
Есінде жоқ сүйіктісі кешегі
Жаз
Жан ана
Жұлдыз
Көктем
Күздің сиқы
Қайран басым, сол бір сөзден әлі үміт күтетін
Мен отырмын бөлмеде
Міне жаным күз келді
Неге?
Сенің көзің...
Сеніп қалдым сол алдамшы сезімге
Сүйем сені...
Табиғат
Тағдыр бізге сұмдырын аямады

Кері қайту


© Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОҒӘК