Клуб жайлы
Клуб жоспары
Алғашқы толқын
Жас толқын
Шығармалар
Мерзімді баспасөз беттерінде

 

Басты бет
Ақпарат
Халық ақындары
Аңыздар
Ақындар
Жазушылар
"Жыр жауһар" клубы
Байланыс

2006

Қарағанды облысының құрылғанына 70 жылдық мерейтойында атқарылатын шаралар қатарында 2006 жылдың 29 наурыз айында Н.В.Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың туғанына 95 жыл толуына арналған "Қыран қанатты ақын" атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кешке облыстық соттың судьясы Азбанбаев Марат Ақторғайұлы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмаділова Нұршат Төлеуғалиқызы, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Мұсабеков Бақытқали Мұхамедұлы, "Болашақ" маңызды білім беретін институтының аға оқытушысы Қалиева Құралай Мағиқызы "Жыр-жауһар" поэзия мүшелері қатысты.
Кешке қатысқан қонақтар Қасымның тастап кеткен мәдениет қазынасына айналған сыршыл да талантты поэзиясын сағына еске алып, Қасым поэзиясы –шындықтың айнасы, дәуірдің буырқанған тынысы мен дыбысы екеніне тоқталып өтті.
"Жыр-жауһар" поэзия клубының мүшелері Мырзахметов Алмаз, Медеубаев Қуаныш, Манкенова Гүлзада, Патталова Гүлжанат, Балабаева Айнагүл, Найманбаева Меруерт, Әбішева Әсем, Асанова Нұрғамила, Әлиева Назерке Қасым өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, "Құпия қыз" поэмасынан үзінді көрсетсе, Тәттімбет атындағы өнер коледжінің студенттері Қасым Аманжоловтың әндерін орындады. Сонымен қатар кешке ҚарМУ-дың, "Болашақ" институтының, Тәттімбет атындағы өнер коледжінің, Қарағанды гуманитарлық коледжінің, Талап коледжінің студенттері және орта мектептердің жоғары сынып оқушылары белсене қатысты.
Шақырылған қонақтар "Қыран қанатты ақын" атты кітап көрмесін тамашалап, кітапхана қорындағы тақырыпқа байланысты әдебиеттермен танысты. Кітап көрмесі бойынша дайындалған әдеби шолу өзінің қызықты да қажетті материалдарымен қонақтарды таң қалдырды.

Кері қайту


24 мамыр күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы белгілі қоғам қайраткері, халықаралық антиядролық "Невада-Семей"қозғалысының басшысы, заманымыздың арғымақ ақыны Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 70 жылдық мерейтойына орай "АҚЫН ЖӘНЕ АЗАМАТ. ПОЭТ И ГРАЖДАНИН" атты поэзия кешін өткізді.  Поэзия кешінің жүргізушілері өршіл ақын Олжас Сүлейменовтің қоғам алдындағы адал еңбегі жайлы айтып, жақында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Олжас Омарұлын Алматыдағы резиденциясында қабылдап, отандық әдебиетке қосқан үлесі үшін және бүкіл елінің қасіретіне айналған Семей полигонының жабылуына 15 жыл толуына орай "Отан" орденімен марапаттағанын ерекше атап өтті
Мерейтойлық кешке Қоғамдық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы, "Жасыл Планета үшін" экологиялық қозғалысының мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты Хамиев Марғұлан Хамиұлы қатысты. Өз сөзінде Марғұлан Хамиұлы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 18 деректі фильмнің авторы, "ғасыр адамы" атанған О.Сүлейменовке деген айрықша құрметін атап өтті. Марғұлан Хамиұлы Олжас Омарұлымен алғашқы кездесуін қызықты әңгімелей отырып, қазіргі уақытта бірігіп жасап жатқан еңбектері жайлы тоқталып айта кетті.Қадыр Мырзалиевтің аудармасындағы ақынның өлеңдерін кітапханады жұмыс жасайтын "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жас ақындары Нұрғамила Асанова мен Қуаныш Медеубаев нақышына келтіре оқыды. "Тауды аласартпай, даланы асқақтатайық" атты кітап көрмесінде Олжас Сүлейменовтың барлық қырын ашатын әдебиеттер жинақталды. Кешке келген қаламыздағы маңызды білім беретін "Болашақ" институтының студенттері ақын ағалары туралы көптеген қызықты мағлұмат алып, кештің жүргізушілеріне өз алғыстарын білдірді.

Кері қайту


13 қазан күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы өз шаңырағында жұмыс жасай бастаған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен "Тұма жыр" атты жас ақындарды қабылдау рәсімі болып өтті.
Бұл мәдени шара дара тұлғалы, заманымыздың ақиық ақындарымыздың жолын басып келе жатқан ізбасар, қауырсындары қатаймаған жас ақындарымызға жас буын өкілдерін таныстыру болды.
Бұл кешке қаламыздағы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мұсабеков Бақытқали Мұхаметқалиұлы, Қарағанды облыстық соттың судьясы Азбанбаев Марат Ақторғайұлы, сонымен қоса өлең өлкесінде өзіндік бағытпен қалам сермеп келе жатқан облысымыздағы жас ақындар: Қайрат Асқаров, Жұлдыз Райымбекқызы және айтыскер Айтпай Жұмағұловтар келді.
Осы кешті қаламыздың белгілі ақыны Қайрат Асқаров өз өлеңімен ашты.
Көрермен ретінде келген Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің, маңызды білім беретін "Болашақ" институтының жас ақындар қауымы поэзия клубына мүшелікке қабылданды.
Алдағы уакытта "Жыр-Жауһар" клубы өз отырыстарында келешегінен көп үміт күттіріп жүрген, жас ақындар, тәлімгер ақын ағаларынан поэзияның қыры мен сырын үйреніп және еліміздегі қаламы әбден ұшталған дарынды ақындардың мерейтойларын өткіземіз деп жоспарлап отыр. Өткізілген поэзия кеші көптің көңілінен шықты.

Кері қайту


2007

2007 жылдың наурыздың 4-жұлдызы күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы өз шаңырағында жұмыс жасай бастаған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен Төлеген Айбергеновтің 70 жылдығына орайластырылып "Жыр жүрегіндегі жазулар" атты отырысы болып өтті.
Қазақ әдебиетінің көгінде жарқ етіп жанып, қайта сөнген, құйрықты жұлдыздай ағып өткен– отыздың ордасын алып, қырықтың қамалына жете алмай кеткен Төлеген Айбергенов болатын.
Жыр дарабозының осыдан 30-40 жыл бұрын жазылған өлеңдері күні бүгінге дейін сиясы кеппеген шығармадай оқылады. Ақын тырнақ алды жырларынан бастап, соңғы өлеңіне дейін атамекенін, оның әрбір тау-тасын, өзен-көлін жырлап өтті. Поэзиясының дені елге, халыққа, отанға, адамға деген сағыныштан тұрады. Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ақыны Төлеген Айбергенов ұрпақтарға ұлаңқайыр мұра қалдырып кетті.
Ақынның туған күні қарсаңында өткізілген "Жыр жүрегіндегі жазулар" атты отырысы көптің көңілінен шықты. Алдағы уакытта "Жыр-Жауһар" клубы өз отырыстарында ақын ағаларынан поэзияның қыры мен сырын үйреніп және еліміздегі қаламы әбден ұшталған дарынды ақындардың мерейтойларын өткіземіз деп жоспарлап отыр.

Кері қайту


15 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы өз шаңырағында жұмыс жасай бастаған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының  "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" күніне "Махаббат - өмір ғажабы" атты тақырыбында музыкалық кеш өткізілді.
  Бұл мәдени шара дара тұлғалы, заманымыздың ақиық ақындарымыздың жолын басып келе жатқан ізбасар, қауырсындары қатаймаған жас ақындарымыз ұйымдастырып өткізген болатын.
Бұл кешке  қаламыздағы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Ақсұңқарұлы, сонымен қоса өлең өлкесінде өзіндік бағытпен қалам сермеп келе жатқан облысымыздағы жас ақындар: Жұлдыз Райымбекқызы, Зағыппар Шакентаев және "Болашақ" институтының ұстаздары Құралай Мағиқызы мен Рахат Абдрахмановтар шақырылды. 
 "Болашақ" институтының студенттері Қадылбек Берікболат пен Жукенова Арайлым гитарамен әнді құйқылжата орындап кештің сәнін аша түсті.
Осы музыкалық әдеби кешке орайластырылып "Махаббат - өмір ғажабы" атты  ақын-жазушылырымыздың махаббат нәзік сезімін бейнелейтін туындылары кітап көрмесіне қойылды.
Алдағы уакытта "Жыр-Жауһар" клубы өз отырыстарында келешегінен көп үміт күттіріп жүрген, жас ақындар, тәлімгер ақын ағаларынан поэзияның қыры мен сырын үйреніп және еліміздегі қаламы әбден ұшталған дарынды ақындардың мерейтойларын өткіземіз деп жоспарлап отыр.
Сонымен махаббат күніне орайластырылып өткізілген "Махаббат - өмір ғажабы" атты поэзия  кеші көптің көңілінен шықты.

Кері қайту


21 қазан күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы өз шаңырағында жұмыс жасай бастаған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен "Тұма жыр 2" атты жас ақындарды қабылдау рәсімі болып өтті.
Бұл мәдени шара дара тұлғалы, заманымыздың ақиық ақындарымыздың жолын басып келе жатқан ізбасар, қауырсындары қатаймаған жас ақындарымызға жас буын өкілдерін таныстыру болды.
Бұл кешке өлең өлкесінде өзіндік бағытпен қалам сермеп келе жатқан облысымыздағы жас ақын Зағыппар Шакентаев келді.
Осы кешті қаламыздың ақыны Зағыппар Шакетаев өз өлеңімен ашты. Жас ақындар өз өлеңдерімен кештің сәнін келтірді
"Болашақ" институтының студенттері Қадылбек Берікболат пен Жукенова Арайлым гитарамен әнді құйқылжыта орындап кештің сәнін аша түсті.
Көрермен ретінде келген Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің, маңызды білім беретін "Болашақ" институтының және де тағыда басқа оқу орындарынан келген жас ақындар қауымы поэзия клубына мүшелікке қабылданды.
Алдағы уакытта "Жыр-Жауһар" клубы өз отырыстарында келешегінен көп үміт күттіріп жүрген, жас ақындар, тәлімгер ақын ағаларынан поэзияның қыры мен сырын үйреніп және еліміздегі қаламы әбден ұшталған дарынды ақындардың мерейтойларын өткіземіз деп жоспарлап отыр. Өткізілген поэзия кеші көптің көңілінен шықты.

Кері қайту


 

© Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОҒӘК