ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ Н.В. Гоголь атындағы
ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Жас кітапханашылар форумы

"ЕЛІМІЗДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА"
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖАС КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ I ФОРУМЫНЫҢ


ҚОРЫТЫНДЫ ҚҰЖАТЫ

2012 ж. 26-27 шілде күндері Қарағанды облысының мәдениет басқармасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен Қарағанды облысы жас кітапханашыларының І форумы болды.

Форумды ұйымдастырушы - Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Форумның мақсаты – жас кітапханашылардың шығармашылық ізденістеріне ықпал жасау және кәсіби өсуіне ықпал ету, Қарағанды облысы кітапханаларында кадрлық ресурстарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша аймақтық кітапханалық саясат құру.
Форум жұмысына Қарағанды облысының мемлекеттік және жоғары оқу орындары кітапханаларының жас кітапханашылары мен олардың тәлімгерлері, кітапхана басшылары, барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Форумның салтанатты жиынында Қарағанды облысы Әкімінің, Қарағанды облысының мәдениет басқармасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының, ҚР Кітапханалар қауымдастығының жастар секциясының және "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының құттықтаулары айтылды.

Форум аясында пленарлық мәжіліс пен"Болашақтың кітапханасы","Инновациялық жобалар – кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні","Кітапханалық дебаттар","Кітапханашы мамандығының болашағы бар ма және заманауи кітапханашы қандай болу керек?" Skype-лабораториясы"шығармашылық алаңдары жұмыс істеді. Жас кітапханашылар кітапханашы мамандығы мен болашақтың кітапханасы туралы кәсіби идеяларымен және қызықты жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен алмасуға және интерактивті режимде және еркін жағдайда ой бөлісуге мүмкіндік алды.

Форумда кітапхана жұмысы және кітап оқу туралы үздік инновациялық жобалар мен үздік бейнероликтердің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Форумда Қазақстан Республикасы кітапханаларындағы кадрлық жастар саясаты бойынша проблемалар және оны шешу жолдары, Қарағанды облысы кітапханаларының кадрлық әлеуеті, жас мамандардың ұжымда бейімделу жақтары мен кітапхананың тартымды бейнесін жасауға жас кітапханашылардың белсенді атсалысуы және т.б. көкейкесті мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар, Форумға қатысушылар жас кадрлармен жүргізіліп отырған жұмыстар салалық мемлекеттік кадрлық саясаттың да, кітапханаішілік кадрлық саясаттың да басым бағдары емес екендігін және қоғам дамуының стратегиялық ресурсы болып табылатын жастардың рөлі әлі де толық айқындалмағанын атап өтті.

Осы мәселелерді жүзеге асыру үшін Форум келесідей ұсыныстар жасады:
Қарағанды облысының мәдениет басқармасына:

  • Жас кітапханашылар слеттері мен конференцияларды тұрақты өткізіп тұру (3 жылда бір рет).
  • Мәдениет және өнер қызметкерлерінің облыстық білім жетілдіру курстарын қайта жандандыру. Курс негізінде жас кітапханашылардың екі жылдық мектебін ашу.
  • Облыстың жас кітапханашыларын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Назарбаев университеттің ғылыми кітапханасымен танысу мақсатында Астана қаласына тур ұйымдастыру.
  • Кітапхана басшыларына:
  • Кітапханаларда кадрларды басқару жүйесін дамыту (жас кітапханашылардың облыстық және республикалық әдістемелік орталықтарында машықтануы, тәлімгерлік, біліктілікті жоғарылату және т.б.).
  • "Кітапханашы – ХХІ ғасыр мамандығы" бағдарламасын жасау.
  • Кітапханаларда жас кітапханашылардың мансаптық өсуіне жағдай жасау мақсатында Резерв мектебін құру.
  • Жас кітапханашылармен жұмыс бойынша регламенттік құжаттарды жасау және бекіту.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына:
  • Кадрлық саясатты құру бойынша, соның ішінде жас кітапханашылармен жүргізілетін жұмыс бойынша, облыстың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің іс-тәжірибесін зерттеп, тарату.
  • Форум материалдарының жинағын шығару және облыстың барлық кітапханаларына тарату.
  • Кітапхананың веб-сайтына Форум материалдарын орналастыру.

Форумның қорытынды жиынында "Кітапхана және оқу жайлы" ең үздік бейнеролик байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Барлығы байқауға 15 жұмыс ұсынылды, оның 4-еуі "Қазіргі заман кітапханасы", 2 бейнеролик "Кітап натюрморты" және 9 ролик "Кадрдегі кітап" номинациялары бойынша байқауға қатысты. Бейнероликтерді бағалаған қазылар алқасы жұмыстың сюжетіне, техникалық орындалуына, өзектілігіне және т.б. жақтарына баса назар аударды. Байқау марапаттаулары келесідей болды:
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының арнайы жүлдесін (book-reader - букридер) "Великие битвы кочевников" бейнеролигінің авторлары Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың тифлопедагог-реабилитологі Фалежинский Станислав пен инженер-бағдарламашысы Ибраев Дамир иеленді.

Гран-при"Кража века в библиотеке" бейнеролигінің авторлары Саран ОКЖ кітапханашылары Федорова Алена, Смирнова Наталья, Мирошникова Ирина (LED-теледидар);
І орын"Я – человек-загадка" бейнеролигінің авторы Абай ОКЖ орталық қалалық кітапханасының кітапханашысы Сұлтанбекова Шнар (цифрлы фотоаппарат);
ІІ орын - "Книга в кадре" бейнеролигінің авторы Осакаров ОКЖ жүйе технигі Кошевец Виктория (сканер);
ІІ орын - "Кітапхана – бабалардың арманы" бейнеролигінің авторы Қаражал ОКЖ Жайрем кентінің кітапханашысы Накупова Айдана (сканер);
ІІІ орын - "Кітап насихат" бейнеролигінің авторы Бұқар-Жырау ОКЖ суретшісі Акишев Амантай (радиотелефон);
ІІІ орын - "Сказка на ночь" бейнеролигінің авторы Шахтинск ОКЖ кітапханашысы Малмакова Сәуле (радиотелефон);
ІІІ орын - "Читайка" бейнеролигінің авторы Нұра ОКЖ аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Никитова Анна (радиотелефон).

Баяндамалар

Аманжолова Дина Базарбайқызы,Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры

Мәлімдемелер

Ж. Батыршинова, Шет ОКЖ орталық аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

М.Г. Шибаева, Бұқаржырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы

Форум жас кітапханашылар көзімен. Менің айтарым бар...

Қарағанды облысы жас кітапханашыларының I Форумы туралы
ЕРЕЖЕ

"Кітапхана және оқу жайлы" ең үздік бейнероликтер
Байқауының ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысы жас кітапханашыларының I Форумы аясында өткізілетін Ең үздік инновациялық жобалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖАС КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢI ФОРУМЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ

Бейнероликті көр де, баға бер!

Copyright © 1999–2011, Қарағанды ОҒӘК

Rambler's Top100